Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi
туралы 1995 ж. 20 желтоқсандағы № 2697 Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2 тарау. Қазақстан Республикасының авиация (6 - 7 баптар)
қызметi және әуе кеңiстiгiн пайдалану
саласындағы мемлекеттік басқару мен
бақылау
3 тарау. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру (8 - 20 баптар)
4 тарау. Әуе кемелерi (21 - 32 баптар)
5 тарау. Авиация қызметшiлерi (33 - 39 баптар)
6 тарау. Әуе кемелерiнiң ұшуы (40 - 51 баптар)
7 тарау. Халықаралық ұшулар (52 - 56 баптар)
8 тарау. Iздестiру және құтқару (57 - 63 баптар)
9 тарау. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн (64 - 68 баптар)
қадағалау. Авиациялық оқиғаларды тексеру
10 тарау. Әуе тасымалдары (69 - 77 баптар)
11 тарау. Авиациялық жұмыстар (78 - 79 баптар)
12 тарау. Әуежайлар. Аэродромдар (80 - 88 баптар)
13 тарау. Жауапкершiлiк және сақтандыру (89 - 95 баптар)
14 тарау. Авиация қауiпсiздiгi (96 - 99 баптар)
15 тарау. Атрибутика, жалау, эмблема, жалауша (100 - 101 баптар)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) актiнiң нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алып тасталды, мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1 тарау. Жалпы ережелер
15.12.01 ж. № 272-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Авариялық-құтқару жұмыстары - ол жапа шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға.
Авиация қауіпсіздігі - ол авиация қызметіне заңсыз қол сұғу актілерінің алдын алу және оларды болдырмау арқылы қамтамасыз етілетін авиацияның қалыпты және қауіпсіз қызметі.
Авиация қызметіне заңсыз қол сұғу - авиацияның қалыпты және қауіпсіз қызметіне қол сұғу арқылы адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесінің күшпен басып алынуына немесе қуылып кетуіне әкеп соқтыратын немесе осындай зардаптардың туындау қаупін төндіретін құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік.
Авиациялық жұмыстар - жеке шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, экспедициялар мен тағы басқаларға қызмет көрсетудегі) тапсырыс берушілердің технологиялық және өндірістік процестерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитарлық және табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу, халыққа медициналық көмек көрсету, табиғи зілзала, авариялар мен апаттар зардаптарын жою үшін авиация құралдарымен атқарылатын мамандандырылған операциялар.
Авиациялық оқиға - әуе кемесі ұшуды орындау мақсатында пайдаланылған кезде осы әуе кемесінің, оның экипажының, басқа авиация қызметшілерінің қалыпты қызмет атқару жағдайының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты туындаған және адамдардың қаза табуына, елеулі зақымдарға, әуе кемесінің қирауына немесе мүлдем істен шығуына әкеп соқтыратын оқиға.
Авиациялық тосын оқиға - ұшуды орындау мақсатында әуе кемесі пайдаланылған кезде осы әуе кемесінің, оның экипажының, басқа авиация қызметкерлерінің қалыпты қызмет атқаруының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты туындаған, бірақ авиациялық уақиғаға әкеп соқтыра қоймаған оқиға.
Авиация сала ретінде - ол қызметі әуе кемелерінің көмегімен адамға жағдай жасауға және оның әуе кеңістігін пайдалануына бағытталған ұйымдардың барлық түрі.
Қазақстан Республикасының авиациясы эксперименттік, мемлекеттік және азаматтық авиация болып бөлінеді.
Азаматтық авиация - эксперименттік авиация мен мемлекеттік авиация құрамына кірмейтін және мынадай мақсаттарда:
а) жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктер мен почтаны тасымалдауда (әуе тасымалдары);
б) авиациялық жұмыстарды орындауда;
в) оқытып-үйрету, спорттық, мәдени-ағарту іс-шараларын жүргізуде, техникалық шығармашылықты дамытуда;
г) әуе кемесін пайдаланушының жеке қажеттерін қанағаттандыруда;
д) іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, табиғи зілзала болған жағдайларда жәрдем көрсетуде пайдаланылатын авиация.
Көрсетілген мақсаттарда ақы алу немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация деп танылады.
Жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болатын әрі көрсетілген мақсаттарда ақысыз және жалдаусыз пайдаланылатын азаматтық авиация жалпы мақсаттағы авиация деп танылады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерінде белгіленген талаптарға пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Апатқа ұшыраған әуе кемесі - ұшып көтерілген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымдалған, немесе толық қираған әуе кемесі, сондай-ақ амалсыздан аэродромнан тысқары жерге қонған әуе кемесі.
Аса жеңіл авиация - ең үлкен массасы екі мың жеті жүз килограмнан аспайтын аса жеңіл ұшу аппараттарын, спорттық мақсаттағы және әуесқойлық конструкциядағы басқа да әуе кемелерін, аэростаттық аппараттар мен көмекші құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация.
Аэродром - әуе кемелерінің ұшып-көтерілуін, қонуын, рульдеуін, аялдауын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленіп, жабдықталған жер немесе су учаскесі.
Аэродром жарамдылығының сертификаты - аэродромдарды пайдалану жарамдылығының нормаларына аэродромның сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Аэронавигациялық ұйым - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйым.
Әуежай - әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшін аэродромы, аэровокзалы, басқадай ғимараттары, сондай-ақ қажетті жабдықтары бар құрылыстар кешені.
Әуежайдың бақыланатын аумағы - әуежайдың, аэродромның ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс алаңы және кіруді авиациялық қауіпсіздік қызметі бақылайтын жанасып жатқан аумақ, қызметтік ғимараттар, құрылыстар, қоймалар.
Әуежай қызметі - жеке және заңды тұлғалар әуе тасымалдарын, әуежайларда авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүзеге асыратын қызмет.
Әуе жолы - әуе кемелерінің ұшуына арналған және әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылармен бақыланатын дәліз түріндегі әуе кеңістігі.
Әуе кемесі - жер (су) бетінен шағылысқан ауамен өзара әрекеттесуден өзгеше ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты.
Әуе кемесімен жалданушы (фрахтовщик) - бір сапарда немесе бірнеше сапарда жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді, почтаны тасымалдау және басқа мақсаттар үшін бір немесе бірнеше әуе кемесінің толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып екінші жаққа (әуе кемесін жалдаушыға) беретін әуе тасымалдаушысы.
Әуе кемесін жалдаушы (фрахтователь) - бір немесе бірнеше сапарда жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді, почтаны тасымалдау немесе басқа мақсат үшін бір немесе бірнеше әуе кемесінің толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып жалға беруге әуе тасымалдаушысымен тиісті шарт жасасқан жеке немесе заңды ұлға.
Әуе кемесінің ұшуы - ұшып көтерілу алдындағы зымыраудан (тік көтерілген кезде - жер немесе су бетінен ажыраудан) бастап зымырауының соңына (ұшып-қону алаңын аялдаусыз босатуына) дейінгі немесе тік қонған кезде жер (су) бетіне табан тірегенге дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігінде әуе кемесінің қозғалып жүруі.
Әуе навигациясы - бағдарламалық траектория бойынша әуе кемесін ұшыру туралы қолданбалы ғылым.
Әуе тасымалдаушысы - көлік құралдарын иеленуге меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздері бар, ақысы төленетін немесе жалдау бойынша жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға.
Біртұтас авиациялық іздестіру-құтқару қызметі (БАІҚҚ) - иелігінде әуе кемелері бар министрліктердің, ведомстволар мен авиакомпаниялардың авиациялық іздестіру және құтқару қызметтері, авиациялық-құтқару және парашюттік қызметтері.
Жолаушы - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес әуе көлігін пайдаланатын кез келген тұлға.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі - Қазақстан Республикасының құрлықтық және сулы аумағының, оның ішінде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңістігі.
Қатер төнген әуе кемесі - өзіне немесе оның бортындағы адамдарға тікелей қауіп төнген не онымен радиобайланысы үзілген және тұрған жері беймәлім әуе кемесі.
Мемлекеттік авиация - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарамағындағы, сондай-ақ Үкіметтің шешімі бойынша басқа да мемлекеттік органдарының қарамағында болатын авиация.
Навигациялық жүйелер - жұмыс істеу принциптері әр алуан бірнеше борттық құрылғылардың, сондай-ақ борттағы және жердегі жабдықтарды бірлесе пайдалануға негізделген құралдардың жиынтығы болып табылатын навигациялық құралдар.
Навигациялық құралдар - ұшақты ұшыру мақсатында қажетті ақпарат алып отыруға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құрылғылар.
Пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Тексеру жүргізу - авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында оқиға себебін анықтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, ақпарат жинау мен талдауды, қорытындылар әзірлеуді қамтитын процесс.
Уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
Ұшу жарамдылығының нормалары - әуе кемелерінің конструкциясына, параметрлері мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған компоненттеріне қойылатын талаптар.
Ұшу жарамдылығының сертификаты - уәкілетті орган үлгі сертификаты негізінде берген, азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын құжат.
Үлгі сертификаты - әуе кемесінің, авиациялық двигатель үлгісінің және жаңа үлгідегі әуе винтінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын, уәкілетті орган берген құжат.
Халықаралық әуежай - ішінде кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылаулар ұйымдастырылып, халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететін әуежай.
Халықаралық әуе тасымалы - тасымалдау жұмысын атқарған кезде, тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болған-болмағандығына қарамастан, жөнелтілу пункті мен бару пункті:
а) екі немесе одан да көп мемлекет аумағында орналасқан;
б) егер екінші мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуе тасымалы.
Халықаралық ұшу - әуе кемесі шет ел мемлекеті шекарасын кесіп өту кезіндегі әуе кемесінің ұшуы.
Чартерлік шарт - әуе кемесімен жалданушы және әуе кемесін жалдаушы арасында жасалатын әуе кемесін жалдау шарты.
Эксперименттік авиация - авиация және басқа техника саласында тәжірибелік-конструкторлық, эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргізуге арналған авиация.
2-бап. Әуе кеңiстiгiне егемендiк
Республиканың құрылықтағы және су аумағының үстіндегі және оның аумақтық сулары үстіндегі әуе кеңiстiгi Қазақстан Республикасының толығымен және тек қана өзiнiң егемендiгiне жатады. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi мемлекет меншiгiнде болады және оның мемлекеттік аумағының бiр бөлiгi болып табылады.
3-бап. Авиация құралдарына меншiк және кәсiпкерлiк қызмет
Әуе кемелерi, аэродромдар, әуежайлар техникалық құралдар және әуе кемелерiнiң ұшуын ұйымдастыру, орындау мен қамтамасыз ету үшiн қажеттi басқа да мүлiк жеке меншiкте немесе мемлекеттік меншiкте бола алады және олар еркiн кәсiпкерлiк қызметте, авиациялық-көлiк қызметi нарығын қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкiн.
Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық құрылғыларды, телекоммуникациялық желiлерi, инженерлiк желiлерi мемлекет меншiгi болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметiн реттейтiн заңдар
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялармен және шарттармен реттеледi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
15.12.01 ж. № 272-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүддесiн қорғау, әуе кемелерiнiң ұшырылу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және әуе тасымалы мен авиация қызметiнiң көрсетiлуiне деген Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметiнiң тәртібін белгiлейдi.
Осы Заң:
Қазақстан Республикасының шегiнде бүкiл азаматтық авиацияға;
егер әуе кемесi келген елдiң заңдары өзгеше талап етпесе, Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары болған уақытта Қазақстан Республикасының барлық азаматтық әуе кемелерiне қолданылады.
Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу мәселелерi Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттік реттеу туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен реттеледi.
Осы Заңның 1-21, 26-29, 33, 34, 36, 38, 40-52, 55-68, 80-84, 86-88, 94, 100, 101-баптары Қазақстан Республикасының бүкiл авиациясына және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға қолданылады.
2 тарау. Қазақстан Республикасының авиация
қызметi және әуе кеңiстiгiн пайдалану
саласындағы мемлекеттік басқару мен
бақылау
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Авиация қызметi саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау
Азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiне мемлекеттік басқару мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік авиация қызметi саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау
Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол өз құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн міндетті азаматтық авиация саласындағы ережелерді, нұсқауларды және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады, олардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік органдармен бiрлесiп, олардың құзыретiне сәйкес авиациялық iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң өзара iс-қимылын аталған мемлекеттік органдардың шешiмiмен құрылған Ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
3 тарау. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру
8-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке мыналар:
а) әуе кемелерiнiң және басқа ұшу аппараттарының ұшуы;
б) атыстар мен ракеталар жiберудiң барлық түрлерi, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде орнын ауыстырумен байланысты өзге де қызмет жатады.
Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғарыда аталған қызметтi жүзеге асырушы барлық заңды және жеке тұлғалары әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылады.
9-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы
Әуе кеңістiгiн пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн әуе кеңiстiгiнде өзiн тұтас алғанда Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнiң құрылымын құрайтын әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары, аэродромдар мен аэротораптар аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерi ұшуының маршруттары мен арнайы аймақтары, тыйым салынған аймақтар мен шектеу аймақтары, полигондар аудандары, жарылыс жұмыстарының аудандары белгiленедi.
Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережемен белгiленедi.
Әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру айналадағы ортаны қорғау жөнiнде белгiленген нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиiс.
10-бап. Әуе кеңiстiгiнiң жiктелуi
Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгi бақыланатын әуе кеңiстiгiне және бақыланбайтын әуе кеңiстiгiне бөлiнедi.
Бақыланатын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланатын кеңiстiк түсiнiледi, онда аэронавигациялық ұйымдар тарапынан ұшуға тiкелей басқару қамтамасыз етiледi.
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланбайтын кеңiстiк түсiнiледi.
Әуе кеңiстiгi құрылымының бақыланатын және бақыланбайтын болып бөлiнуi Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережемен белгiленедi.
11-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету
бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк және ұшу-ақпараттық болуы мүмкiн.
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк, ұшу-ақпараттық және консультациялық болуы мүмкiн.
Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған кезде, әуе қозғалысына авариялық қызмет көрсетiлуi ықтимал.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасуды жүргiзу тілі
Қазақстан Республикасының аумағында аэронавигациялық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң экипаждары арасындағы радиоалмасу мемлекеттік тiлде және (немесе) орыс тілінде, ал шет мемлекеттер әуе кемелерiнiң экипаждарымен - орыс немесе ағылшын тілінде жүргiзiледi.
13-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудағы басымдықтар
Әуе кеңiстiгiнiң бөлiгiн пайдалану құқығы оған мүдделi әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар саны екi немесе одан да көп болған кезде мынадай басымдықтарға сәйкес берiледi:
а) әуе шабуылын тойтару немесе болдырмау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қоғамдық қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерiн жою;
б) табиғи зiлзала және өзге де зардаптар, апаттар, авариялар, адамдар өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн немесе елеулi материалдық зиян келтiру қаупiн тудыратын авариялық және өзге де жағдайлар болған кезде көмек көрсету;
в) ғарыштық аппараттар мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және көшiру, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жоспарлы жаттығуларын өткізу; сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерiнiң ұшулары немесе өзге қызмет;
г) Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерiнiң ұшулары немесе өзге қызмет;
д) жолаушыларды, жүктердi және поштаны жүйелi тасымалдау;
е) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ мемлекетаралық және үкiметаралық келісімдерге сәйкес басқа да мемлекеттердiң мемлекеттік авиацияларының ұшулары;
ж) эксперименттiк және ғылыми-зерттеулiк жұмыстардың жүргiзiлуi;
з) жүйелi емес әуе тасымалдары, экономика мүддесiне қарай авиациялық және өзге де жұмыстарды орындау;
и) оқытып-үйрету, көрсету, мәдени-ағартушылық және өзге де шараларды жүргiзу, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуы.
к) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
14-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға тыйым салу
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының "а" және "б" тармақтарында көзделген жағдайларда, осы Заңның 8-бабындағы 1-бөлiгiнiң "а" тармағында аталған қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жеке аудандарын пайдалануға уәкiлеттi орган тарапынан тыйым салынуы мүмкiн.
Тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережемен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
15-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану үшiн байланысты ұйымдастыру
Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар аэронавигациялық ұйыммен тұрақты байланыста болуға мiндеттi.
Байланыс кәсiпорындары әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға қажет байланыс арналарын жалға берiп отырады. Берiлген байланыс арналары iстен шыққан кезде олар белгiленген тәртiппен басқа байланыс арналарымен ауыстырылуға тиiс.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету үшiн жалпы пайдаланымдағы байланыс құралдарының пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
15.12.01 ж. № 272-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзу
Осы Заңның және онымен сәйкестендiрiлiп жасалған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiнен ауытқи отырып жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзған болып танылады.
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуға:
1) сұранымсыз жүзеге асырылатын (кестеден тыс немесе тұрақты емес ұшуларды рұқсатсыз орындау) және әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн осы Заңның 8-бабында көрсетiлген қызмет;