Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 338-ІІ
Заңы
Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 1-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат):
1) Заңның бүкiл мәтiнi бойынша:
"шекара әскерлерiне", "шекара әскерлерiнiң", "Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң", "шекара әскерлерi", "Қазақстан Республикасының шекара әскерлерi", "шекара әскерлерiмен", "шекара әскерлерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік шекарасын", "мемлекеттік шекараға", "мемлекеттік шекараны", "мемлекеттік шекарасының", "мемлекеттік шекара", "мемлекеттік шекарасы", "мемлекеттік шекарасындағы", "мемлекеттік шекарасында", "мемлекеттік шекарасынан", "мемлекеттік шекарасына" деген сөздер тиiсiнше "Мемлекеттік шекарасын", "Мемлекеттік шекараға", "Мемлекеттік шекараны", "Мемлекеттік шекарасының", "Мемлекеттік шекара", "Мемлекеттік шекарасы", "Мемлекеттік шекарасындағы", "Мемлекеттік шекарасында", "Мемлекеттік шекарасынан", "Мемлекеттік шекарасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тараулардың нөмiрленуi араб цифрларына ауыстырылсын;
3) 1-баптың бiрiншi бөлiгiнде "үстiңгi қабаты" деген сөздер "жазықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 2-баптың үшiншi абзацындағы "күшiне енгiзiлген" деген сөздер "қолданысқа енгiзiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 3-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi. Мемлекеттік шекараны" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Мемлекеттік шекараны" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тәртібі мен" деген сөздерден кейiн "Мемлекеттік шекара арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
"заң және нормативтiк" деген сөздер "нормативтiк құқықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
6) 4-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзац "оперативтiк" деген сөзден кейiн ", ақпараттық, ғылыми" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацта "заңды ұйымдар мен нақты адамдардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен, "қылықтарға" деген сөз "құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiкте "министрлiктер мен ведомстволар" деген сөздер "мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 5-бапта:
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының иелiгіндегі аумақтық суларға (теңiзге) Қазақстан Республикасына тиесiлi құрлықта да, аралдарда да судың ең көп қайтатын жиегiнен немесе халықаралық шарттарға сәйкес анықталатын тиiстi географиялық нүктелердi қосатын бастапқы түзу сызықтан есептелетiн енi он екi теңiз милi болатын жағалық теңiз сулары жатады. Географиялық нүктелердiң тiзбесiн, олардың негiзгi бастапқы геодезиялық деректерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен аумақтық сулар (теңiз) шекаралары олармен жасалған халықаралық шарттар арқылы белгiленедi.
Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңына Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңiздiң) сыртқы шегiнен оның орта сызығына дейiнгi Каспий теңiзiнiң бетi және оның түбiнiң қойнауы жатады.
Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының шекаралары халықаралық шарттармен белгiленедi.";
төртiншi бөлiк мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Каспий теңiзiнiң Қазақстан Республикасына тиесiлi шығанақтарының, бухталарының, құйылыстарының, жайылмаларының сулары, олардың тiзбесiн халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.";
бесiншi бөлiк алып тасталсын;
8) 7-бапта "кәсiпшiлiк" деген сөзден кейiн ", зерттеу, iздестiру" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 8-баптың бiрiншi бөлiгiнiң мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
10) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы темір жол, автомобиль, теңiз, әуе қатынасы мен өзге де қатынас Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, кеден органдарының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдардың бақылау-өткізу пункттерi құрылады.
3. Әскери емес кемелер мен әскери корабльдер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтедi.
4. Әуе кемелерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы бөлiнген ұшып кiретiн (ұшып шығатын) әуе дәлiздерi арқылы ұшып өтедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан әуе дәлiздерiнен тыс ұшып өтуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жол берiледi.";
11) 10-бапта:
бiрiншi бөлiкте "мекемелерi", "республикалық құзыреттi органдардың рұқсаты бойынша ғана" деген сөздер тиiсiнше "органдары", "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте "және құзыреттi органдар шығарып, белгiленген тәртiп бойынша жарияланатын ережелермен" деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiкте "аумақтық теңiзi" және "аумақтық теңiзiне" деген сөздер тиiсiнше "аумақтық сулары (теңiзi)" және "аумақтық суларына (теңiзiне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте "аумақтық теңiзi", "Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының рұқсаты бойынша" деген сөздер тиiсiнше "аумақтық сулары (теңiзi)", "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi бөлiкте "аумақтық теңiзi", "құзыреттi" деген сөздер тиiсiнше "аумақтық сулары (теңiзi)", "мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi бөлiктiң бесiншi абзацында "халықаралық құқық актілерімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстандық және шетелдiк әуе (теңiз) кемелерi көзделмеген жерлерге амалсыз қонған (кiрген) кезде шекаралық бақылауды - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары, ал кедендiк бақылауды кеден органдары әуежайлардың (аэродромдардың), теңiз және өзен порттарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ең жақын шекаралық бақылау бөлiмдерi (бөлiмшелерi) мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарына хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.";
12) 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан
өтетiн кездегi бақылау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетiн кезде адамдар, көлiк құралдары, жүктер мен тауарлар шекара, кеден және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген басқа да бақылау түрлерiнен өткiзiлуге тиiс.
12-бап. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
өткізу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген және халықаралық шарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде жүзеге асырылады.
2. Келе жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң шекаралық бақылау бөлiмдерi мен бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретiн құжаттар бойынша жүзеге асырады.
3. Көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кеден органдары мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудiң өзге де тәртібі белгiленуi мүмкiн.";
13) 13-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында шаруашылық, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi, соның iшiнде бiрлескен қызметтi Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында тиiсiнше тәртiп қамтамасыз етiлетiндей етiп жүзеге асырады.";
14) 14-бапта:
екiншi және үшiншi абзацтарда "кәсiпшiлiк" деген сөзден кейiн ", зерттеу, iздестiру" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацта "аумақтық теңiзiнде" деген сөздер "аумақтық суларында (теңiзiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын, "кәсiпшiлiк" деген сөзден кейiн ", зерттеу, iздестiру" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 15-баптың бiрiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацында "аумақтық теңiзiне" деген сөздер "аумақтық суларына (теңiзiне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 16-баптың бiрiншi бөлiгi "мемлекеттік шекарасы" деген сөздер "мемлекеттік шекарасының жағдайы туралы өзара ақпарат алмасу" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 18-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының шекаралық тәртібі және аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртiптерi";
бiрiншi бөлiк "өңiрде", "шекаралық тәртiп" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында", ", Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын; "iшкi суларында" деген сөздiң алдынан "аумақтық сулары (теңiзi) мен" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiкте "аумақтық теңiзi" деген сөздер "аумақтық сулары (теңiзi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және континенттiк қайраңында, шекаралық өзендер және өзге де су қоймалары суларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметтерi мен өзге де қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған қызмет Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңында - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлай отырып, ал Қазақстан Республикасының iшкi суларында, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының Қазақстанға қарайтын бөлiгiнде олардың рұқсатымен жүзеге асырылады.";
18) 19-бапта:
мемлекеттік тiлде мынадай мазмұндағы бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Егер басқа тәртiп белгiленбесе, шекаралық аймақта тұрақты тұрмайтын адамдардың iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз бұл аймаққа кiруiне тыйым салынады.";
үшiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының және Достастықтың басқа да тәуелсiз мемлекеттерiнiң қызметтiк iссапарларға, емделу мекемелерiне, демалыс үйлерiне, туристiк базаларға баратын тұрғындары" деген сөздер "Қызметтiк iссапарларға, емделу мекемелерiне, демалыс үйлерiне, туристiк базаларға баратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiкте "Басқа мемлекеттердiң тұрғындары", "халықаралық шарттар мен келісімдерде" деген сөздер тиiсiнше "Шетелдiктер", "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 20-бапта:
тақырыбында "кәсiпшiлiк" деген сөзден кейiн ", зерттеу, iздестiру" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi абзац мемлекеттік тiлде өзгерiссiз қалдырылсын;
төртiншi абзацта "кәсiпшiлiк" деген сөзден кейiн ", зерттеу, iздестiру және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 21-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"Мемлекеттік шекара" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кәсiпорындарға," деген сөз алып тасталсын;
"мемлекеттік шекараның" деген сөздер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Карантин өңiрiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Оны қоршауды жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар қамтамасыз етедi. Карантин өңiрiнiң ветеринариялық тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.";
21) 22-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"мекемелерiнiң" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мемлекеттік шекара" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өзге мүлiктi" деген сөздер "тауарларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк мемлекеттік тiлде өзгерiссiз қалдырылсын;
22) VI тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелерiн реттеу саласындағы өкiлеттiктерi";
23) 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан
Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдарының өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, iске асырады;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету саласындағы қызметiн басқарады және олардың осы Заңды орындауын бақылауды жүзеге асырады.
2. Шекара маңындағы облыстардың (аудандардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары өз аумақтарында:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi қамтамасыз етуiне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңiзiнiң) тәртiптерi мен шекаралық тәртiптiң сақталуына жәрдемдеседi;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету қажеттерi үшiн өтеусiз пайдалануға жер бередi, оның пайдаланылуына және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң объектiлерiне, әскери қызметшiлерге, жұмысшылар мен қызметшiлерге, олардың отбасы мүшелерiне қатысты құқыққа қарсы әрекеттердiң жасалуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге азаматтарды ерiктiлiк негiзiнде тартуға жағдай жасайды және жәрдемдеседi;
5) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын орындауын қамтамасыз етедi.
Шекара маңындағы облыстардың (аудандардың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының тиiстi аумақта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетудi тiкелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң бөлiмшелерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы шаруашылық, соның iшiнде шектес тараппен бiрлескен қызмет мәселелерiн шешкен кезде шекаралық өкiлдер аппараттарының жұмысына қатысады.
24-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының
өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жалпы жүйесiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
2) халықаралық қатынас арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қылмыстық жағдайды, сондай-ақ шектес мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатысты болуы мүмкiн дағдарысты жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзу жөніндегі қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында ұсталған адамдардың құқық бұзуының мән-жайларын анықтауға және тексеруге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк тәртiппен де қатысады;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды тiкелей қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне оралымды басшылықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:
1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретiн құжаттарды ресiмдейдi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшылығына Қазақстан Республикасына қатысты шектес мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекара арқылы өту тәртiбіндегі өзгерістер туралы, шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны делимитизациялау мен демаркациялаудың жүргiзiлуi туралы хабарлап отырады;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң шекаралық өкiлдерi реттемеген жанжалдарды дипломатиялық тәртiппен шешедi.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретiн құжаттарды және (немесе) оларға шекаралық аймаққа кiруге құқық беретiн рұқсат қағаздарды ресiмдейдi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесiп, шекаралық тәртiп ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
3) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарындағы құқық тәртібінiң жай-күйi, тұрғылықты жерiнен белгiсiз мән-жайларда кетiп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне қатысты құқыққа қарсы ниеттерi бар қылмысты топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлап отырады;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі iс-шараларды жүргiзуде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның тәртібін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі тәртiптi бұзған адамдарды iздестiруде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында азаматтар жасаған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мен тексеруде жәрдемдеседi;
5) туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, шекара бұзушыларды шекарада iздестiру, шектес мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiруiне немесе жаппай өтуiне тойтарыс беру кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң ұсынуы бойынша шекаралық аймақтағы (өңiрдегi) жекелеген жер учаскелерiне немесе объектiлерге азаматтардың баруын уақытша шектейдi немесе баруына тыйым салады;
6) Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және ол арқылы өткізу пункттерiнде құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзетудi және қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетi мен қорғанысына қатысуын қамтамасыз етедi.
5. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн адамдарға, көлiк құралдарына, жүктер мен тауарларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау жасауды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз өкiлеттiктерi шегiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды, оның тәртібін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (теңiзi) мен континенттiк қайраңының тәртібін қамтамасыз етуге жәрдем көрсетедi.";
24) 25-бапта:
тақырып пен бiрiншi абзацта "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң", "Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi" деген сөздер тиiсiнше "Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерiнiң", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "қарулы күштер" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы мәселелерi бойынша мiндеттерi
Заңды тұлғалар, олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiне, кеден органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге көмек көрсетуге, олардың заңды талаптарын орындауға, оларға қажеттi ақпарат беруге құқылы.";