Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне азаматтық
авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 15 желтоқсандағы № 272-ІІ Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар):
9-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі қызметтер; әуежай қызметi, соның iшiнде:
а) азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, багажды, жүктi, почтаны өңдеу, оларды тексерiп қарау және бақылау;
б) аэродром, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану;
в) әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi, бақыланатын аймақта бақылау-өткізу режимiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қызметтi қамтамасыз ету;
г) азаматтық әуе кемелерінің ұшуын Жарық түсiру-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, аэродром, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау;
д) азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;
е) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа тұтынушыларға арнаулы автокөлiк құралдарын беру;
ж) әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерiнде жолаушылар мен экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету;
з) жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi деректер жөнiнде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат):
1) 1-бапта:
үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және жолаушылардың, жүктiң, багаж бен почтаның әуе тасымалдарын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар заңды тұлға.";
жиырма алтыншы бөлiк алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Әуежай қызметi - жеке және заңды тұлғалар әуе тасымалдарын, әуежайларда авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жүзеге асыратын қызмет.
Әуе жолы - әуе кемелерiнiң ұшуына арналған және әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық құрылғылармен бақыланатын дәлiз түріндегі әуе кеңiстiгi.
Аса жеңiл авиация - ең үлкен массасы екi мың жетi жүз килограмнан аспайтын аса жеңiл ұшу аппараттарын, спорттық мақсаттағы және әуесқойлық конструкциядағы басқа да әуе кемелерiн, аэростаттық аппараттар мен көмекшi құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация.
Әуежайдың бақыланатын аумағы - әуежайдың, аэродромның, ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету объектiлерiнiң жұмыс алаңы және кiрудi авиациялық қауiпсiздiк қызметi бақылайтын жанасып жатқан аумақ, қызметтiк ғимараттар, құрылыстар, қоймалар.
Ұшу жарамдылығының нормалары - әуе кемелерiнiң конструкциясына, параметрлерi мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған компоненттерiне қойылатын талаптар.
Yлгi сертификаты - әуе кемесiнiң, авиациялық двигатель үлгiсiнiң және жаңа үлгiдегi әуе винтiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген құжат.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерінде белгіленген талаптарға пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Аэродром жарамдылығының сертификаты - аэродромдарды пайдалану жарамдылығының нормаларына аэродромның сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Ұшу жарамдылығының сертификаты - уәкiлеттi орган үлгi сертификаты негiзiнде берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат.
Уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.";
2) 5-бапта:
бiрiншi бөлiгіндегі "мемлекет" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу мәселелерi Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттік реттеу туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Жарлықпен реттеледi.";
3) 6-баптың бiрiншi бөлiгіндегі, 19-баптың үшiншi бөлiгіндегі, 22-баптың екiншi бөлiгіндегі, 29-баптың бесiншi бөлiгіндегі, 42-баптың екiншi бөлiгіндегі, 55-баптың екiншi бөлiгіндегі "көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган", "көлiк жөніндегі орталық атқарушы органға" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуға:
1) сұранымсыз жүзеге асырылатын (кестеден тыс немесе тұрақты емес ұшуларды рұқсатсыз орындау) және әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн осы Жарлықтың 8-бабында көрсетiлген қызмет;
2) әуе кемесiнiң конструкциясында радиолокациялық тану аппаратурасын қондыру көзделмеген әуе кемелерiн қоспағанда, мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесi бойынша сұранымға сай келмейтiн әуе кемесінің ұшуы;
3) сұранымда көрсетiлген саннан артатын әуе кемелерi тобының ұшуы;
4) әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген әуе кеңiстiгiн пайдалану режимдерiн сақтамауы;
5) әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнаулы рұқсатынсыз тыйым салынған аймақ және шектелген аймақ аумағының үстiнен ұшып өтуi;
6) мәжбүрлi қонудан басқа жағдайларда әуе кемелерiнiң жоспарланбаған (мәлiмденбеген) аэродромға қонуы;
7) ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерiнiң тiгiнен, көлденең, қапталдан эшелондауын сақтамауы, әуе жолдарынан, жергiлiктi әуе желісінен және маршрут осiнен белгiленген нормадан артық қашықтыққа ауытқуы жатады.";
5) 17-бап мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, стратегиялық маңызды объектiлерге, оның аумағындағы азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қатердi болғызбау үшiн, тәртiп бұзушы әуе кемесiн жоюға дейiн баратын барлық шараларды қолданады.
Стратегиялық маңызды объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.";
6) 22-баптың бесiншi бөлiгi "сәйкестiгiн бақылау" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 23-бапта:
екiншi бөлiгіндегі "көлiк жөніндегі орталық атқарушы органнан" деген сөздер "уәкiлеттi органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық әуе кемесiнiң данасына сертификаттау жүргізуді және сертификат берудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады";
8) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау
Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау әуе кемелерiн әзiрлеушiнiң және тиiстi федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ұшу жарамдылығын куәландыру мақсатында сертификат беру, сондай-ақ пайдалану барысында ұшу жарамдылығын қолдауды бақылау Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережелерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.";
9) 26-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн,
оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi
мемлекеттік тiркеу";
үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiне және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттік реттеу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне мiндеттi түрде мемлекеттік тiркеуден өткізуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудiң тәртібін және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға берiлетiн және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу ережелерiн және тiркелгенi туралы куәлiк беру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлейдi.";
10) 27-баптың төртiншi бөлiгіндегі, 30-баптың бiрiншi бөлiгіндегі, 36-баптың бiрiншi бөлiгіндегі, 52-баптың бесiншi бөлiгіндегі, 53-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы, 59-баптың үшiншi бөлiгіндегі, 63-баптың бiрiншi бөлiгіндегі, 69-баптағы, 96-баптың үшiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасындағы "көлік жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 29-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығының нормаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi. Ұшу жарамдылығының сертификатын беру ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.";
12) 30-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты";
бүкiл мәтiн бойынша "куәлiгiн", "куәлiктi", "куәлiк", "куәлiгiнде" деген сөздер тиiсiнше "сертификатын", "сертификатты", "сертификат" "сертификатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiгi "(өздерiнiң немесе шарттық негiзде пайдаланылатын)" деген сөзден кейін ", ұшу және техникалық жұмыстарды қамтамасыз ететiн авиация қызметшiлерiнiң, басқару құрамының және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құжаттардың" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкiлеттi орган сертификат иесi осы Заңның талаптарын және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітетін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерін сақтамаған жағдайда, оған сертификат беруден бас тартуға, оны керi қайтарып алуға, оның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Тиiмсiз деген желеумен пайдаланушы сертификатын беруден бас тартуға тыйым салынады.";
бесiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасы көлiк жөніндегі орталық атқарушы органы" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлiгіндегі "көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 31-бапта:
тақырыбындағы және мәтiніндегі "куәлiгiн", "куәлiгi", "куәлiгiнде" деген сөздер "сертификатын", "сертификаты", "сертификатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында "Пайдаланушы куәлiгi" деген сөздер "Пайдаланушы сертификаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша өзгерiссiз қалдырылсын;
2) тармақша өзгерiссiз қалдырылсын;
екiншi бөлiгіндегі "көлiк жөніндегі орталық атқарушы органы" деген сөздер "Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 31-1 және 31-2-баптармен толықтырылсын:
"31-1-бап. Азаматтық авиациядағы авиация техникасын, жұмыстар
мен қызмет көрсетулердi сертификаттау
1. Азаматтық авиацияда мiндеттi сертификаттауға жататын авиация техникасының, жұмыстары мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiн, сондай-ақ оны сертификаттау ережелерін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
2. Азаматтық авиациядағы авиация техникасын, жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сертификаттауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
31-2-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу
Осы Жарлықта көзделген сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтiнiш берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады.
Сертификаттауды жүргiзу жөніндегі қызмет көрсетулердің бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітіледi.";
15) 34-бапта:
екiншi бөлiгіндегі "куәлiгi (сертификаты)" деген сөздердiң алдынан "уәкiлеттi орган беретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Ұшу қауiпсiздiгiне тiкелей байланысты азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация қызметшiлерiнiң жұмыс уақыты режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестаттауға жататын авиация қызметшiлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиацияның айырым белгісі бар нысанды киiмiн киiп жүруге құқығы бар авиация қызметшiлерi лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін уәкiлетті орган бекітеді. Аттестаттаудан өтпеген адамдар кәсiби мiндеттерiн орындауға жiберiлмейдi. Аттестаттау ережесін, оны өткізу кезеңділігiн, сондай-ақ авиация қызметшiлерiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды";
16) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
"39-1-бап. Азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi
Уәкiлеттi органмен келісім бойынша қызметке тағайындалатын ұшу қызметiнiң басшысы, аға пилот, ұшу қауiпсiздiгi жөніндегі инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы азаматтық авиация ұйымының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi болып танылады.
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлер уәкiлеттi органның келісімiн алмай өз мiндеттерiн үш айға дейін атқара алады.";
17) 52-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасы көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 64-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "көлiк жөніндегі орталық атқарушы органның құрамындағы арнайы орган" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде
тасымалдауды жүзеге асыру құқығы
Жолаушыларды, багажды, жүк пен почтаны әуеде тасымалдауды жүзеге асыру құқығын пайдаланушының уәкiлеттi орган берген қолданыстағы сертификаты бар тұлғалар иеленедi.
Пайдаланушының сертификатпен белгiленген қызмет шарттарын және шектеулерiн сақтай отырып, пайдаланушының сертификатында белгiленген қызметті ғана жүзеге асыруға құқығы бар.
Егер yәкiлеттi орган басқа мемлекет берген пайдаланушы сертификатын таныса, тиiстi мемлекеттiң пайдаланушысының Қазақстан Республикасы аумағында әуе тасымалдарын жүзеге асыруға құқығы бар;
20) 82-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлға ғана халықаралық рейстерге қызмет көрсететiн әуежай (аэродром) пайдаланушысы бола алады";
21) мынадай мазмұндағы 82-1-баппен толықтырылсын:
"82-1-бап. Әуежай қызметi
Әуежай қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi лицензиялауға жатады.
Әуежай қызметiнiң құрамына:
1) азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, багажды, жүктi, почтаны өңдеу, оларды тексерiп қарау және бақылау;
2) аэродром, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану;
3) әуежайдың авиациялық қауіпсiздік қызметі, бақыланатын аймақта бақылау-өткізу режимiн қамтамасыз ету және олардың өртке қарсы қызметiн қамтамасыз ету;
4) азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуын жарық түсiру-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, аэродром, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау;
5) азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;
6) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа тұтынушыларға арнаулы автокөлiк құралдарын беру;
7) әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерiнде жолаушылар мен экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету;
8) жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi деректер жөнiнде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету кiредi.";
22) 84-бапта:
бiрiншi бөлiгіндегі "көлiк жөніндегі орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
23) 96-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу әрекеттерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн заңдардың, ережелер мен рәсiмдердiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттік органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
Әуе кемелерiн пайдаланушылар, әуе кемелерiн қабылдауды, шығаруды немесе оларға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдар және азаматтар Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн авиация қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес оның қызметіне заңсыз араласудан авиацияны қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.".
мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Авиациялық қауіпсіздікті азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы өкiлеттiктер берiлген уәкiлеттi мемлекеттік органдар қамтамасыз етедi.
Авиациялық қауiпсiздiк қызметінің функцияларын шетелдiк жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел қатысатын ұйымдарға беруге тыйым салынады.".
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 223-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; № 24, 1072-құжат):
1-баптың екiншi бөлiгi "жалпы ережелер" деген сөздерден кейiн "азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу," деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат):
9-баптың төртiншi бөлiгiнде:
қазақша мәтiнде үшiншi абзацтағы "- облыстық бюджеттен" деген сөздерден кейiн "субсидия берудi қамтамасыз етедi." деген сөздермен толықтырылып нүктелі үтір алып тасталсын;
төртiншi абзац алып тасталсын.
5. "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 725-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 15-16, 231-құжат):
2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Азаматтық авиацияда сертификаттау мәселелері Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде осы Заңмен реттеледі.".
2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының