Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi
туралы 1995 ж. 20 желтоқсандағы № 2697 Қазақстан Республикасының Заңы
(2005.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2 тарау. Қазақстан Республикасының авиация (6 - 7 баптар)
қызметi және әуе кеңiстiгiн пайдалану
саласындағы мемлекеттік басқару мен
бақылау
3 тарау. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру (8 - 20 баптар)
4 тарау. Әуе кемелерi (21 - 32 баптар)
5 тарау. Авиация қызметшiлерi (33 - 39 баптар)
6 тарау. Әуе кемелерiнiң ұшуы (40 - 51 баптар)
7 тарау. Халықаралық ұшулар (52 - 56 баптар)
8 тарау. Iздестiру және құтқару (57 - 63 баптар)
9 тарау. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн (64 - 68 баптар)
қадағалау. Авиациялық оқиғаларды тексеру
10 тарау. Әуе тасымалдары (69 - 77 баптар)
11 тарау. Авиациялық жұмыстар (78 - 79 баптар)
12 тарау. Әуежайлар. Аэродромдар (80 - 88 баптар)
13 тарау. Жауапкершiлiк және сақтандыру (89 - 95 баптар)
14 тарау. Авиация қауiпсiздiгi (96 - 99 баптар)
15 тарау. Атрибутика, жалау, эмблема, жалауша (100 - 101 баптар)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) актiнiң нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда, кіріспе алып тасталды, мәтінде сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
1 тарау. Жалпы ережелер
15.12.01 ж. № 272-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Заңда қолданылатын айқындамалар
Авиация қауiпсiздiгi - ол авиация қызметiне заңсыз қол сұғу актілерінiң алдын алу және оларды болдырмау арқылы қамтамасыз етiлетiн авиацияның қалыпты және қауiпсiз қызметi.
Авариялық-құтқару жұмыстары - ол жапа шеккендерге дер кезiнде көмек көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және жолаушылардың, жүктiң, багаж бен почтаның әуе тасымалдарын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар заңды тұлға.
Авиация сала ретiнде - ол қызметi әуе кемелерiнiң көмегiмен адамға жағдай жасауға және оның әуе кеңiстiгiн пайдалануына бағытталған ұйымдардың барлық түрi.
Қазақстан Республикасының авиациясы эксперименттiк, мемлекеттік және азаматтық авиация болып бөлiнедi.
Эксперименттiк авиация - авиация және басқа техника саласында тәжiрибелiк-конструкторлық, эксперименттiк, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргiзуге арналған авиация.
Мемлекеттік авиация - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң қарамағындағы, сондай-ақ Үкiметтiң шешiмi бойынша басқа да мемлекеттік органдарының қарамағында болатын авиация.
Азаматтық авиация - эксперименттiк авиация мен мемлекеттік авиация құрамына кiрмейтiн және мынадай мақсаттарда:
а) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктер мен поштаны тасымалдауда (әуе тасымалдары);
б) авиациялық жұмыстарды орындауда;
в) оқытып-үйрету, спорттық, мәдени-ағарту шараларын жүргiзуде, техникалық шығармашылықты дамытуда;
г) әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттерiн қанағаттандыруда;
д) iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуде, табиғи зiлзала болған жағдайларда жәрдем көрсетуде пайдаланылатын авиация.
Көрсетiлген мақсаттарда ақы алу немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация деп танылады.
Заңды және жеке тұлғалардың меншiгiнде болатын әрi көрсетiлген мақсаттарда ақысыз және жалдаусыз пайдаланылатын азаматтық авиация жалпы мақсаттағы авиация деп танылады.
Аэродром - әуе кемелерiнiң ұшып-көтерiлуiн, қонуын, рульдеуiн, аялдауын және оларға қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн арнайы әзiрленiп, жабдықталған жер немесе су учаскесi.
Әуежай - әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн аэродромы, аэровокзалы, басқадай ғимараттары, сондай-ақ қажеттi жабдықтары бар құрылыстар кешенi.
Халықаралық әуежай - iшiнде кедендiк, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылаулар ұйымдастырылып, халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететiн әуежай.
Әуе навигациясы - бағдарламалық траектория бойынша әуе кемесiн ұшыру туралы қолданбалы ғылым.
Халықаралық әуе тасымалы - тасымалдау жұмысын атқарған кезде, тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзiлiстiң болған-болмағандығына қарамастан, жөнелтiлу пунктi мен бару пунктi:
а) екi немесе одан да көп мемлекет аумағында орналасқан;
б) егер екiншi мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бiр мемлекет аумағында орналасқан әуе тасымалы.
Аэронавигациялық ұйым - әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ететiн ұйым.
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi - Қазақстан Республикасының құрлықтық және сулы аумағының, оның iшiнде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңiстiгi.
Әуе кемесi - жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен өзара әрекеттесуден өзгеше ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты.
Қатер төнген әуе кемесi - өзiне немесе оның бортындағы адамдарға тiкелей қауiп төнген не онымен радиобайланысы үзiлген және тұрған жерi беймәлiм әуе кемесi.
Апатқа ұшыраған әуе кемесi - ұшып көтерiлген, қонған немесе құлаған кезде қатты зақымдалған болмаса толық қираған әуе кемесi, сондай-ақ амалсыздан аэродромнан тысқары жерге қонған әуе кемесi.
Бiртұтас авиациялық iздестiру-құтқару қызметi (БАIҚҚ) иелiгiнде әуе кемелерi бар министрлiктердiң, ведомстволар мен авиакомпаниялардың авиациялық iздестiру және құтқару қызметтерi, авиациялық-құтқару және парашюттiк қызметтерi.
Авиациялық тосын оқиға - ұшуды орындау мақсатында әуе кемесi пайдаланылған кезде осы әуе кемесiнiң, оның экипажының, басқа авиация қызметкерлерiнiң қалыпты қызмет атқаруының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсерiне байланысты туындаған, бiрақ авиациялық уақиғаға әкеп соқтыра қоймаған оқиға.
Навигациялық құралдар - ұшақты ұшыру мақсатында қажеттi ақпарат алып отыруға мүмкiндiк беретiн арнайы техникалық құрылғылар.
Навигациялық жүйелер - жұмыс iстеу принциптерi әр алуан бiрнеше борттық құрылғылардың, сондай-ақ борттағы және жердегi жабдықтарды бiрлесе пайдалануға негiзделген құралдардың жиынтығы болып табылатын навигациялық құралдар.
Авиация қызметiне заңсыз қол сұғу - авиацияның қалыпты және қауiпсiз қызметiне қол сұғу арқылы адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiнiң күшпен басып алынуына немесе қуылып кетуiне әкеп соқтыратын немесе осындай зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн заңсыз әрекет немесе әрекетсiздiк.
Жолаушы - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес әуе көлiгiн пайдаланатын кез келген тұлға.
Әуе тасымалдаушысы - көлiк құралдарын иеленуге меншiк құқығы немесе өзге де заңды негiздерi бар, ақысы төленетiн немесе жалдау бойынша жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi және поштаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн әрi осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi рұқсаты немесе лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға.
Әуе кемесiнiң ұшуы - ұшып көтерiлу алдындағы зымыраудан (тiк көтерiлген кезде - жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап зымырауының соңына (ұшып-қону алаңын аялдаусыз босатуына) дейiнгi немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне табан тiрегенге дейiнгi жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде әуе кемесiнiң қозғалып жүруi.
Халықаралық ұшу - әуе кемесi шет ел мемлекетi шекарасын кесiп өту кезіндегі әуе кемесiнiң ұшуы.
Авиациялық оқиға - әуе кемесi ұшуды орындау мақсатында пайдаланылған кезде осы әуе кемесiнiң, оның экипажының, басқа авиация қызметшiлерiнiң қалыпты қызмет атқару жағдайының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсерiне байланысты туындаған және адамдардың қаза табуына, елеулi зақымдарға, әуе кемесiнiң қирауына немесе мүлдем iстен шығуына әкеп соқтыратын оқиға.
Тексеру жүргiзу - авиациялық оқиғаларды болдырмау мақсатында оқиға себебiн анықтау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, ақпарат жинау мен талдауды, қорытындылар әзiрлеудi қамтитын процесс.
Авиациялық жұмыстар - жеке шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, экспедициялар мен тағы басқаларға қызмет көрсетудегi) тапсырыс берушiлердiң технологиялық және өндiрiстiк процестерiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитарлық және табиғатты қорғау шараларын жүргiзу, халыққа медициналық көмек көрсету, табиғи зiлзала, авариялар мен апаттар зардаптарын жою үшiн авиация құралдарымен атқарылатын мамандандырылған операциялар.
Пайдаланушы - әуе кемелерiн пайдалану мен айналысатын немесе осы салада өзiнiң қызметiн ұсынатын заңды немесе жеке тұлға.
Әуе кемесiмен жалданушы (фрахтовщик) - бiр сапарда немесе бiрнеше сапарда жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi, поштаны тасымалдау және басқа мақсаттар үшiн бiр немесе бiрнеше әуе кемесiнiң толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бiр бөлiгiн ақысын алып екiншi жаққа (әуе кемесiн жалдаушыға) беретiн әуе тасымалдаушысы.
Әуе кемесiн жалдаушы (фрахтователь) - бiр немесе бiрнеше сапарда жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктердi, поштаны тасымалдау немесе басқа мақсат үшiн бiр немесе бiрнеше әуе кемесiнiң толық сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бiр бөлiгiн ақысын алып жалға беруге әуе тасымалдаушысымен тиiстi шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
Чартерлiк шарт - әуе кемесiмен жалданушы және әуе кемесiн жалдаушы арасында жасалатын әуе кемесiн жалдау шарты.
Әуежай қызметi - жеке және заңды тұлғалар әуе тасымалдарын, әуежайларда авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жүзеге асыратын қызмет.
Әуе жолы - әуе кемелерiнiң ұшуына арналған және әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық құрылғылармен бақыланатын дәлiз түріндегі әуе кеңiстiгi.
Аса жеңiл авиация - ең үлкен массасы екi мың жетi жүз килограмнан аспайтын аса жеңiл ұшу аппараттарын, спорттық мақсаттағы және әуесқойлық конструкциядағы басқа да әуе кемелерiн, аэростаттық аппараттар мен көмекшi құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация.
Әуежайдың бақыланатын аумағы - әуежайдың, аэродромның, ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету объектiлерiнiң жұмыс алаңы және кірудi авиациялық қауiпсiздiк қызметi бақылайтын жанасып жатқан аумақ, қызметтiк ғимараттар, құрылыстар, қоймалар.
Ұшу жарамдылығының нормалары - әуе кемелерiнiң конструкциясына, параметрлерi мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған компоненттерiне қойылатын талаптар.
Yлгi сертификаты - әуе кемесiнiң, авиациялық двигатель үлгiсiнiң және жаңа үлгiдегi әуе винтiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн растайтын, уәкiлеттi орган берген құжат.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерінде белгіленген талаптарға пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Аэродром жарамдылығының сертификаты - аэродромдарды пайдалану жарамдылығының нормаларына аэродромның сәйкестігін куәландыратын, уәкілетті орган берген құжат.
Ұшу жарамдылығының сертификаты - уәкiлеттi орган үлгi сертификаты негiзiнде берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат.
Уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiн мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
2-бап. Әуе кеңiстiгiне егемендiк
Республиканың құрылықтағы және су аумағының үстіндегі және оның аумақтық сулары үстіндегі әуе кеңiстiгi Қазақстан Республикасының толығымен және тек қана өзiнiң егемендiгiне жатады. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi мемлекет меншiгiнде болады және оның мемлекеттік аумағының бiр бөлiгi болып табылады.
3-бап. Авиация құралдарына меншiк және кәсiпкерлiк қызмет
Әуе кемелерi, аэродромдар, әуежайлар техникалық құралдар және әуе кемелерiнiң ұшуын ұйымдастыру, орындау мен қамтамасыз ету үшiн қажеттi басқа да мүлiк жеке меншiкте немесе мемлекеттік меншiкте бола алады және олар еркiн кәсiпкерлiк қызметте, авиациялық-көлiк қызметi нарығын қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкiн.
Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық құрылғыларды, телекоммуникациялық желiлерi, инженерлiк желiлерi мемлекет меншiгi болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметiн реттейтiн заңдар
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялармен және шарттармен реттеледi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
15.12.01 ж. № 272-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң мемлекет, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесiн қорғау, әуе кемелерiнiң ұшырылу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және әуе тасымалы мен авиация қызметiнiң көрсетiлуiне деген Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында әуе кеңiстiгiн пайдалану мен авиация қызметiнiң тәртібін белгiлейдi.
Осы Заң:
Қазақстан Республикасының шегiнде бүкiл азаматтық авиацияға;
егер әуе кемесi келген елдiң заңдары өзгеше талап етпесе, Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары болған уақытта Қазақстан Республикасының барлық азаматтық әуе кемелерiне қолданылады.
Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу мәселелерi Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттік реттеу туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңмен реттеледi.
Осы Заңның 1-21, 26-29, 33, 34, 36, 38, 40-52, 55-68, 80-84, 86-88, 94, 100, 101-баптары Қазақстан Республикасының бүкiл авиациясына және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға қолданылады.
2 тарау. Қазақстан Республикасының авиация
қызметi және әуе кеңiстiгiн пайдалану
саласындағы мемлекеттік басқару мен
бақылау
ҚР 15.12.01 ж. № 272-II Заңымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Авиация қызметi саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау
Азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiне мемлекеттік басқару мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік авиация қызметi саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылау
Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол өз құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн міндетті азаматтық авиация саласындағы ережелерді, нұсқауларды және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады, олардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік органдармен бiрлесiп, олардың құзыретiне сәйкес авиациялық iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінiң өзара iс-қимылын аталған мемлекеттік органдардың шешiмiмен құрылған Ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
3 тарау. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру
8-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке мыналар:
а) әуе кемелерiнiң және басқа ұшу аппараттарының ұшуы;
б) атыстар мен ракеталар жiберудiң барлық түрлерi, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде орнын ауыстырумен байланысты өзге де қызмет жатады.
Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғарыда аталған қызметтi жүзеге асырушы барлық заңды және жеке тұлғалары әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылады.
9-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы
Әуе кеңістiгiн пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн әуе кеңiстiгiнде өзiн тұтас алғанда Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнiң құрылымын құрайтын әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары, аэродромдар мен аэротораптар аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерi ұшуының маршруттары мен арнайы аймақтары, тыйым салынған аймақтар мен шектеу аймақтары, полигондар аудандары, жарылыс жұмыстарының аудандары белгiленедi.
Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережемен белгiленедi.
Әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру айналадағы ортаны қорғау жөнiнде белгiленген нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиiс.
10-бап. Әуе кеңiстiгiнiң жiктелуi
Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгi бақыланатын әуе кеңiстiгiне және бақыланбайтын әуе кеңiстiгiне бөлiнедi.
Бақыланатын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланатын кеңiстiк түсiнiледi, онда аэронавигациялық ұйымдар тарапынан ұшуға тiкелей басқару қамтамасыз етiледi.
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгi деп радиолокациялық құралдармен бақыланбайтын кеңiстiк түсiнiледi.
Әуе кеңiстiгi құрылымының бақыланатын және бақыланбайтын болып бөлiнуi Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережемен белгiленедi.
11-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету
бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк және ұшу-ақпараттық болуы мүмкiн.
Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлiк, ұшу-ақпараттық және консультациялық болуы мүмкiн.
Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған кезде, әуе қозғалысына авариялық қызмет көрсетiлуi ықтимал.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасуды жүргiзу тілі
Қазақстан Республикасының аумағында аэронавигациялық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң экипаждары арасындағы радиоалмасу мемлекеттік тiлде және (немесе) орыс тілінде, ал шет мемлекеттер әуе кемелерiнiң экипаждарымен - орыс немесе ағылшын тілінде жүргiзiледi.
13-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдаланудағы басымдықтар
Әуе кеңiстiгiнiң бөлiгiн пайдалану құқығы оған мүдделi әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар саны екi немесе одан да көп болған кезде мынадай басымдықтарға сәйкес берiледi:
а) әуе шабуылын тойтару немесе болдырмау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қоғамдық қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерiн жою;
б) табиғи зiлзала және өзге де зардаптар, апаттар, авариялар, адамдар өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн немесе елеулi материалдық зиян келтiру қаупiн тудыратын авариялық және өзге де жағдайлар болған кезде көмек көрсету;
в) ғарыштық аппараттар мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және көшiру, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жоспарлы жаттығуларын өткізу; сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерiнiң ұшулары немесе өзге қызмет;
г) Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерiнiң ұшулары немесе өзге қызмет;
д) жолаушыларды, жүктердi және поштаны жүйелi тасымалдау;
е) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ мемлекетаралық және үкiметаралық келісімдерге сәйкес басқа да мемлекеттердiң мемлекеттік авиацияларының ұшулары;
ж) эксперименттiк және ғылыми-зерттеулiк жұмыстардың жүргiзiлуi;
з) жүйелi емес әуе тасымалдары, экономика мүддесiне қарай авиациялық және өзге де жұмыстарды орындау;
и) оқытып-үйрету, көрсету, мәдени-ағартушылық және өзге де шараларды жүргiзу, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуы.
к) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
14-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға тыйым салу
Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабының "а" және "б" тармақтарында көзделген жағдайларда, осы Заңның 8-бабындағы 1-бөлiгiнiң "а" тармағында аталған қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жеке аудандарын пайдалануға уәкiлеттi орган тарапынан тыйым салынуы мүмкiн.
Тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ережемен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
15-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану үшiн байланысты ұйымдастыру
Әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар аэронавигациялық ұйыммен тұрақты байланыста болуға мiндеттi.
Байланыс кәсiпорындары әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға қажет байланыс арналарын жалға берiп отырады. Берiлген байланыс арналары iстен шыққан кезде олар белгiленген тәртiппен басқа байланыс арналарымен ауыстырылуға тиiс.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету үшiн жалпы пайдаланымдағы байланыс құралдарының пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
15.12.01 ж. № 272-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзу
Осы Заңның және онымен сәйкестендiрiлiп жасалған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiнен ауытқи отырып жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзған болып танылады.
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзуға:
1) сұранымсыз жүзеге асырылатын (кестеден тыс немесе тұрақты емес ұшуларды рұқсатсыз орындау) және әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн осы Заңның 8-бабында көрсетiлген қызмет;
2) әуе кемесiнiң конструкциясында радиолокациялық тану аппаратурасын қондыру көзделмеген әуе кемелерiн қоспағанда, мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесi бойынша сұранымға сай келмейтiн әуе кемесінің ұшуы;