14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасына сәйкестікті белгілеудің институционалдық құрылымдарының, рәсімдерінің, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) білім беру сапасының мәдениеті - ішкі және сыртқы бағалау рәсімдерінің көмегімен қалыптастырылатын және білім беру ұйымдарында білім беру қызметінің субъектілері қолдайтын, білім беру процесіне қатысушылардың құндылықтары мен сенімдерінің жүйесі;
15) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу - білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;
17) 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-1) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда
18) гимназия - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылды
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс - ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;
18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы - ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;
18-3) докторант - докторантурада білім алатын адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 18-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-4) докторантура - білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 18-5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
18-5) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
19) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-1) дуальды оқыту - кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 19-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) - тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 19-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау - білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды
19-4) ерекше мәртебе - Қазақстан Республикасының Президенті жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін беретін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;
20) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21) тармақша жаңа редакцияда
21) жалпы білім беретін мектеп - білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 21-1), 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-1) тармақша жаңа редакцияда
21-1) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі - білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-2) тармақша жаңа редакцияда
21-2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (бұдан әрі - кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарын сыныптау мен кодтауды белгілейтін және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылатын құжат;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-3) тармақша жаңа редакцияда
21-3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-4) тармақшамен толықтырылды; 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-4) тармақша жаңа редакцияда; 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 21-4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қоры - қайырымдылық көмек, өтеусіз аударымдар, қайырмалдықтар, гранттар, білім беру ұйымдары құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары есебінен қалыптастырылатын нысаналы капитал қоры, одан түсетін инвестициялық кіріс ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті және (немесе) білім беру қызметін қаржыландыруға бағытталады;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-5) тармақша жаңа редакцияда
21-5) жоғары колледж - жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 21-6) тармақшамен толықтырылды
21-6) зерттеу университеті - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын іске асыратын және білім мен ғылымды интеграциялау, жаңа білімді және технологияларды жинақтау мен трансферттеу үшін өз қызметінің нәтижелерін пайдаланатын университет;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 21-7) тармақшамен толықтырылды
21-7) инклюзивті білім беру - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 21-8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
21-8) желілік мектептер - орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын орта білім беру ұйымдары;
22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;
23) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша жаңа редакцияда
25) институт - ғылыми-педагогикалық қызметті, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда
26) институционалдық аккредиттеу - мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 26-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары - білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беру бағдарламалары;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28) тармақша жаңа редакцияда
28) интернатура - клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 28-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 28-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-1) кадет - әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 28-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28-2) тармақша өзгертілді
28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары - ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) кәсіптік білім - білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 29-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажет жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыны меңгеру үшін жеке адамды дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
30) 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды
30-1) кәсіптік практика - болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;
31) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
32) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
33) кешенді тестілеу - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) клиникалық база - білім беру ұйымы бірлескен қызмет туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35) колледж - жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды
35-1) кооперативтік оқыту - мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36) тармақша өзгертілді
36) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) курсант - әскери, арнаулы оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37) қабылдау квотасы - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 37-1) тармақша жаңа редакцияда
37-1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - «Өркен» гранты) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 37-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор - білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) қашықтан оқыту - педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-1) қолданбалы бакалавриат - білім беру бағдарламалары «қолданбалы бакалавр» біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-2) тармақшамен толықтырылды
38-2) қолданбалы бакалавр - орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 38-3) тармақшамен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 38-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым - балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 39) тармақша жаңа редакцияда
39) қосымша білім беру - білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) лицей - білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстанушылық-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) магистр - магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды
41-1) магистрант - магистратурада білім алатын адам;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 41-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 41-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-2) магистратура - білім беру бағдарламалары «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 41-3) тармақшамен толықтырылды
41-3) маман - адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін берілетін біліктілік;
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 42-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
42-1) мектепке дейінгі ұйым - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін, арнайы оқу бағдарламаларын, жеке дамыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
43) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) мемлекеттік атаулы стипендия - ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілейтін стипендия;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды
44-1) мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 44-2) тармақшамен толықтырылды
44-2) мемлекеттік білім беру кредиті - білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45) тармақша өзгертілді
45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау, балаларға қосымша білім беру жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін кадрларды даярлау, білікті жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 45-1) тармақша жаңа редакцияда
45-1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 45-2) тармақшамен толықтырылды
45-2) мемлекеттік оқу бітіру емтиханы - білім алушылардың орта білім беру курсын аяқтағаны туралы куәландыратын, мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті шарт болып табылатын, орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысаны;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 45-3) тармақшамен толықтырылды
45-3) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау - қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілеттерін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46) тармақша жаңа редакцияда
46) оқу бағдарламасы - әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47) тармақша жаңа редакцияда
47) оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 48-1) тармақшамен толықтырылды
48-1) оқыту - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту, білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 48-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 48-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-2) оқыту нәтижелері - білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 48-3) тармақшамен толықтырылды
48-3) оқыту-сауықтыру білім беру ұйымы - балаларды және оқушы жастарды тәрбиелеу, оларға білім беру, сауықтыру, демалдыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 48-4) тармақшамен толықтырылды
48-4) онлайн-оқыту - білім алушы кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара әрекет болуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Интернет арқылы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алатын кадрлар даярлаудың нақты бағыттары бойынша оқыту нысаны;
49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;