ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
26-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «мектептер,» деген сөзден кейін «мектепке дейінгі ұйымдар,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 91-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бала асырап алу кезінде - оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.»;
2-тармақта:
4) тармақша «қамқоршы» деген сөзден кейін «, патронат тəрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кəсіби тəрбиеші» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық- процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;
11) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;»;
14) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Егер бала асырап алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9) жəне 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тəрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.»;
2) 103-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «2-тармағында» деген сөздерден кейін «жəне 3-тармағының екінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 122-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «қамқоршы» деген сөзден кейін «, патронат тəрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кəсіби тəрбиеші» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;
9) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;»;
12) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кəмелетке толмағандарға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде - олардың туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Егер кəмелетке толмаған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) жəне 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
Кəмелетке толмаған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға тілек білдірген адаммен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тəрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.»;
4) 126-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетел азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар баланы тəрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындауының бүкіл кезеңі ішінде осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) жəне 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сəйкес келуге міндетті.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншыларды немесе қамқоршыларды осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) жəне 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сəйкес келуін ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мəліметтер алу арқылы тексереді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар оларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға ұсынуға міндетті.»;
5) 129-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «қайтарылған» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабының 1 жəне 6-тармақтарында көзделген ережелер бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
3-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 129-бапта:
2-тармақ «осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4-1-тармақта:
«Осы Кодекстің» деген сөздер «Осы бапты, осы Кодекстің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«131-1-бабын, 154-бабының 2-тармағын жəне 157-бабын» деген сөздер «131-1, 144-4, 154 жəне 157-баптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне оларды көрсету кезеңінде)» деген сөздер алып тасталсын;
«(объектілерін)» деген сөзден кейін «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жəне баланың құқықтарын қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақтың бірінші бөлігі «11) тармақшаларында,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
17-тармақтың бірінші бөлігі «Осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
18-1-тармақтың екінші бөлігі «7) тармақшаларына» деген сөздерден кейін «жəне 4-1-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың бірінші бөлігі «осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 324-баптың 14- 1- тармағындағы «2026 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздер «2026 жылғы 1 ақпанға» деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақ 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі
4. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 104-1) жəне 104-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«104-1) ерекше бақылау жəне қадағалау - осы Кодекске сəйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау;
104-2) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) - балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі);»;
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 жəне 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мəні бар субъектілер (объектілер) тізіліміне (бұдан əрі - тізілім) енгізіледі.
3-2. Тізілім осы Кодекстің 5-тарауының 2-1-параграфында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уəкілетті орган бекітетін тəртіппен жəне нысан бойынша қалыптастырылады.
Тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынатын мəліметтер, мемлекеттік бақылау жəне (немесе) қадағалау нəтижелері, есепке алу жəне есеп беру құжаттамасының мониторингі, жеке немесе заңды тұлғалардың жолданымдары, масс-медиадан алынатын мəліметтер, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараты негізінде қалыптастырады.»;
«4-4. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны жоспардан тыс тексеру шеңберінде анықталған жағдайда мұндай субъект осындай нұсқаманы орындамағаны үшін жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс.»;
3) 38-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мынадай:
коммуналдық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының;
республикалық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жекеше ұсыну шығаруға;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тəртіппен, заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дəрігердің жеке ұсынуы;»;
4) 45-баптың 4-тармағында:
екінші бөліктегі «Бақылау» деген сөз «Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) қоспағанда, бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) өндірістік бақылауды зертханалық зерттеулер мен өлшеулер жүргізбей, сондай-ақ оны жүргізу туралы есептік ақпарат бермей жүзеге асыруға құқылы.»;
5) 5-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын:
«2-1-параграф. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ерекше бақылау жəне қадағалау
51-1-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау жүргізудің жалпы ережелері
1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг) нысандарында жүзеге асырылады.
Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексерулер, мониторинг - осы параграфта көзделген тəртіппен, тергеп-тексеру осы Кодекстің 45-1-бабында жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.
3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі (бұдан əрі осы параграф үшін - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.
4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау олар алдын ала хабардар етілмей жүргізіледі.
5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімінің, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту, тексеру нəтижелері туралы актілердің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің мониторинг жүргізу туралы шешімінің (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг жүргізу туралы шешім), мониторинг нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын уəкілетті орган бекітеді.
6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 135, 136 жəне 153-баптарына жəне осы Кодекстің 42-1-бабына сəйкес жедел ден қою шараларын қолданады.
7. Ерекше бақылау жəне қадағалау барысында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) алу, тұлғаларды зерттеп-қарау, зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеулер жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне тексеру немесе мониторинг жүргізу үшін келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі сақталмаған;
тексеруді тағайындау туралы актіде немесе мониторинг жүргізу туралы шешімде (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімде (болған кезде) көрсетілген, осы параграфта белгіленген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру немесе мониторинг жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға оны жүргізу тапсырылған;
тексеру немесе мониторинг мерзімдері осы параграфта белгіленген мерзімдерден асыра ұзартылған;
тексеруді тағайындау туралы актінің немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі болмаған жағдайларда, тексеру немесе мониторинг жүргізуге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру немесе мониторинг нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеру немесе мониторинг шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
9. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
3) аумақтық бөлімшенің сұрау салуы бойынша материалдарды ұсынуға;
4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарына тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін тексерудің жəне (немесе) мониторингтің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
5) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімді (болған кезде) алғаны туралы белгі қоюға;
6) тексеру немесе мониторинг аяқталған күні олардың нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаны туралы белгі қоюға;
7) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
8) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмелерін алған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі басшысының не ол уəкілеттік берген адамның) тексерудің немесе мониторингтің белгіленген мерзімдерінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
51-2-бап. Жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру тəртібі
1. Жоспарлы тексеру аумақтық бөлімшелер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін жəне олар тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда əкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылатын бақылауды білдіреді.
2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) бөлігінде тізілім бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректер мен мəліметтер негізінде қалыптастырылады.
Орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімді қалыптастыру тəртібіне сəйкес аумақтық бөлімшеге бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы ақпаратты беруге міндетті.
3. Жоспарлы тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі (бұдан əрі осы бап үшін - тізім) негізінде жүзеге асырылады.
Тізімді аумақтық бөлімше тізілімге енгізілген ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) арасынан тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарына сəйкес қалыптастырады.
Тізім аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Жоспарлы тексеруді жүзеге асыру кезінде тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатады:
1) жоғары тəуекел;
2) төмен тəуекел.
Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады. Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
5. Эпидемиялық мəні жоғары объектілер - тəуекел дəрежесі жоғары субъектілерге (объектілерге), эпидемиялық мəні болмашы объектілер тəуекел дəрежесі төмен субъектілерге (объектілерге) жатқызылады. Эпидемиялық мəнінің дəрежесі осы Кодекстің 36-бабына сəйкес айқындалады.
6. Тəуекелдің бір дəрежесіне жатқызылған жəне қызметін бір ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жүзеге асыратын бірнеше ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тізімді жасау кезінде жоспарлы тексеру жүргізудің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.
7. Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тізім жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда аумақтық бөлімшелер бекітілген тізімді жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда жібереді.
51-3-бап. Жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру тəртібі
1. Аумақтық бөлімшелер осы бапқа сəйкес тағайындайтын тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. Мыналар:
1) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе бұзушылықтарды жоймаса, тексеру, мониторинг нəтижелері бойынша анықталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) дəлелді негіздер мен растайтын дəлелдемелер болған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы прокурордың талаптары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы) туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
7) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
8) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
9) бұзушылықтардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген растайтын дəлелдемелер, оның ішінде оларды фото- жəне (немесе) бейнетіркеп-белгілеу болған кезде, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілеріндегі) халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтары белгілерінің болуы туралы масс-медиадағы хабарлар;
10) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің санитариялық- эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпесе, осындай қаулылардың орындалуын бақылау ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексерудің негіздері болып табылады.
3. Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
4. Ерекше бақылаудың жəне қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған жəне жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мəн-жайлар, сондай-ақ егер қызмет жəне (немесе) объект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың рұқсат беру не хабарлама жасау тəртібіне жататын болса, рұқсаттың немесе қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы не болмауы мəселелері жоспардан тыс тексеруге жатады.
5. Осы баптың 2-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер қызметін əділет органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент-заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.