2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3-1 тармақ толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу осы Кодекстің 520-1 және 523-баптарының белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізiледi.
Бұл ретте осы тармақта аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді иеленуші резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектіні алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4. Осы Кодекстiң 177-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қызметi резидент еместің тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, соның iшiнде резидент емес жеке немесе заңды тұлға тиiстi келісімге (шартқа, келісім-шартқа) қол қойған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу туралы немесе аталған келісім болмаған жағдайда осындай қызметi нақты басталған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркеуден өту мақсатында салық органына өтiнiш табыс етуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасында резидент еместiң қызметiн жүзеге асыруын бастау күнi мына күндердiң бiрi:
1) келісiм-шартты (шартты, келісімдi):
Қазақстан Республикасындағы жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға;
Қазақстан Республикасында оның атынан iс-әрекет жасауға өкiлеттiк беруге;
өткізу мақсатымен Қазақстан Республикасында тауарларды сатып алуға;
Қазақстан Республикасында (жай серiктестiкке қатысуға) бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру мақсатында жұмысты (қызмет көрсетудi) сатып алуға жасасқан күнi;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасында жеке тұлғамен бiрiншi еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шарт жасасқан күн не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келісім-шарттың талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келу күнi болған кезде айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында резидент еместің қызметiн жүзеге асыруды бастау күнi осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiне қарағанда ерте болмауға тиiс.
3) алып тасталды
Осы тармақтың бiрнеше шарттары болған жағдайда Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру күнi деп аталған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердiң) бiрiншiсi жасалған күн танылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
6. Салық агенттері өзі тіркелген жердегі салық органына Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісім-шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметің жүзеге асыруды аяқтағаны туралы өтініштерді табыс етуге міндетті.
Осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталмаған резидент еместерге Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткені үшін кірістер төлейтін салық агенттеріне осы тармақтың ережелері қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 528-бап өзгертілді
528-бап. Салық төлеушiнiң тiркеу есебiн жүзеге асыру кезіндегі жауапкершiлiгi
Салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттік тiркеуден өту мерзiмiн бұзғаны үшiн; салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру мен тiркеу есебiне қою кезiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң растығы, сондай-ақ салық есептілігiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоюдың дұрыстығы және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайлар үшiн жауапты болады.
529-бап. Уәкiлеттi органдардың салық төлеушiлердi тiркеудi жүзеге асыру кезіндегі өзара iс-әрекетi
Салық төлеушілердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық қызметi органдары мынадай:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;
2) статистика жүргiзетiн;
3) салық салумен байланысты объектiлердi және салық салу объектiлерiн есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын;
4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүргiзетiн;
6) азаматтық хал актілерін тiркеудi жүзеге асыратын;
7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;
8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен;
9) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi органдармен өзара iс-әрекет жасайды.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 530-бап өзгертілді
530-бап. Салық қызметi органдары тiркеу есебiн жүзеге асыратын кездегi уәкілеттi органдардың мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң 529-бабында белгiленген уәкiлеттi органдар уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн тәртiпке сәйкес тиiстi мәлiметтердi енгізу кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерi мен салық салумен байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
2. Салық салу объектiлерiн, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар салық төлеушiлер, сондай-ақ салық салу объектiлерi, басқа да мiндеттi төлемдер алынатын объектiлер туралы мәлiметтердi олардың есепке алынған және (немесе) тiркелген орны бойынша салық қызметi органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн мерзiм мен нысанда табыс етуге мiндеттi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн уәкiлеттi органдар олардың берiлген (керi қайтарып алынған немесе тоқтатылған) кезiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензия, куәлiк немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық қызметi органдарына табыс етуге мiндеттi.
4. Шетелдiк заңды тұлғалардың келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiк жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық қызметi органына табыс етуге мiндеттi.
5. Бюджетке мiндеттi төлемдер жинауды, салық салу объектiлерiнiң және салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн және (немесе) мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырушы уәкілеттi органдар берiлетiн мәлiметтерде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 531-бап өзгертілді
531-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алудың ерекшелiктерi
1. Осы бапта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi:
1) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда жасаудың;
2) алкогольдi өнiм өндiру мен (немесе) көтерме сатудың;
3) шыны ыдыстар қабылдаудың;
4) лотереялар ұйымдастырудың, өткізудiң және лотерея билеттерiн сатудың;
5) ойын бизнесiн;
6) темекi өнiмдерiн өндiрудi, көтерме сатуды және импортқа шығаруды жүзеге асырудың басталуы мен тоқтатылуы туралы салық органына мәлімдеуге міндетті.
Егер қызметтiң осы түрi лицензиялауға жатса, қызметтi жүзеге асырудың басталуын тiркеу салық төлеушiнiң тиiстi лицензиясы болған жағдайда жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердi кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалануды бастағанға дейiн оларды өтiнiш беру арқылы салық органында тiркетуге мiндеттi.
3. Салық органы өтiнiште аталған деректер негiзiнде объектілердi есепке алуды тiркеу карточкасын екi дана етiп толтырады, екi данасын да мөрмен және салық органы басшысының қолымен растайды.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасы - салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң салық органдарында тiркелгенiн куәландыратын құжат.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасының бiр данасы салық органында қалады, екiншi данасы салық төлеушiге берiледi.
Объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда салық төлеушi тиiстi салық органына салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi қайта тiркеу туралы өтiнiш бередi.
4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы өтiнiштi олардың орналасқан жерi бойынша бередi.
Салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердi тiркеудi (қайта тiркеудi) салық органы өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi және ол объектiлердi есепке алуды тiркеу (қайта тiркеу) журналында белгiлейдi.
5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерiн сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркетуге мiндеттi.
7. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi есепке алу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 532-бап өзгертілді
532-бап. Қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу
1. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiлердi есепке қою талаптары осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
2. Қосылған құн салығы бойынша төлеушiнi есепке қою және оларды есептен шығару тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
94-тарау. Салық тексерулері
23.11.02 ж. 358-ІІ; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 533-бап өзгертілді
533-бап. Салық тексерулерi ұғымы мен түрлерi
1. Салық тексеруi - салық қызметi органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеушi салық тексерулерiне қатысушылар болып табылады.
1-1. Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
2. Салық тексерулерiн салық қызметi органдары ғана жүзеге асырады.
3. Салық тексеруi мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтiк тексеру;
3) хронометраждық зерттеу.
4. Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) кешендi тексеру - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуын тексеру;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2) тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
салық міндеттемесінің салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша орындалуын;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тексеру;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3) қарсы тексеру - егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаса, үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығына салықтық тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар бойынша камералық бақылауды жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндіру және олардың айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруші салық төлеушілерді тексеру де қарсы тексеру болып табылады;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) қосымша тексеру - салық төлеушінің шағымында жазылған мәселелер бойынша салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық төлеушінің шағымын қарайтын немесе резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселелерді қайта қарау туралы өтінішін қарайтын салық қызметі органының шешімі негізінде жүргізілетін тексеру.
5. Рейдтiк тексерудi салық қызметi органдары жекелеген салық төлеушiлерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
1) салық төлеушiлердiң салық органдарында тiркеу есебiне қойылуы;
2) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
3) біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы;
4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
6. Хронометраждық зерттеудi салық органдары салық төлеушiнiң нақты кiрiсiн және кiрiс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргiзедi. Хронометраждық зерттеу уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртіппен жүргiзiледi.
7. Салық тексеруiн жүргiзу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің қызметiн тоқтатпауға тиiс.
8. Салық органы заңды тұлғаның өзiне салық тексеруiнiң жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 534-бап өзгертілді
534-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдiлiгi
1. Салық тексерулерi мынадай мерзiмдiлiкпен жүргiзiледi:
1) кешендi - жылына бiр реттен жиi емес;
2006.31.01 № 125-III ҚР Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң белгiлi бiр түрi бойынша, акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бiр реттен жиi емес.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тақырыптық салықтық тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.
Бұл орайда тексеру салық төлеушiнiң өтiнiшiн алғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi өтуiне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексерудi жүргiзу кезiнде;
3) қарсы тексерудi жүргiзу кезiнде;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) мынадай:
салық төлеушiнiң өтiнішi негiзiнде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне;
осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша;
резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану жөніндегі өтінішінің негізінде жүргізілетін тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен5) тармақша жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
5) салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын немесе қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселені қайта қарау туралы резидент еместің өтінішін қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;
6) нақты салық төлеушiге қатысты уәкілеттi мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжаттық тексеру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген негiздер бойынша.
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 535-бап өзгертілді
535-бап. Салық тексерулерiн жүргiзудiң мерзiмдерi
1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетiлетiн салық тексерулерiн жүргiзудің мерзiмi, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
1-1. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзген кезде салық тексеруiн жүргiзудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
3. Ерекше күрделi мәселелердi тексеру кезiнде салық тексеруiн жүргiзудiң мерзiмiн салық қызметiнің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн елу жұмыс күнiне дейiн, құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн сексен жұмыс күнiне дейiн арттыруы мүмкiн. Ерекше күрделi мәселелер салық қызметiнiң жоғары тұрған органының салық төлеушiге тапсыратын негiзделген жазбаша шешiмiмен расталады.
4. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушiге беру кезi мен салық тексеруін жүргiзу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушiні табыс етуi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ салық органының мәлiметтер мен құжаттарды сұратып алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.
5. Хронометраждық зерттеулер жүргiзудiң мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен хронометраждық зерттеулер жүргiзу тәртібіне сәйкес белгiленедi.
95-тарау. Салық тексерулерін жүргізу тәртібі
23.11.02 ж. № 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 536-бап өзгертілді
536-бап. Салық тексеруiн жүргiзу негiздемесi
1. Салық тексеруiн жүргiзу үшiн мынадай деректемелердi:
1) нұсқаманың салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;
2) нұсқама шығарған салық органының атауын;
3) салық төлеушiнің толық атауын;
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
5) тексеру түрiн;
6) тексеретiн адамдардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегiн, атын, әкесiнің аты;
7) тексеру жүргiзiлетiн мерзiмiн;
8) құжаттық тексерулер кезіндегі тексерiлетiн салық кезеңiн қамтитын нұсқама негiздеме болып табылады.
2. Рейдтiк тексеру тағайындалған кездегi нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3), 4) және 7) тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Тақырыптық, қосымша, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;
трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi;
акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.
4. Нұсқамаға салық органының бiрiншi басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрiмен расталуға және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелуге тиiс.
5. Осы Кодекстің 535-бабында көзделген тексеру мерзiмi ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегi, аты, әкесiнің аты көрсетіледi.
6. Бiр ұйғарым негiзiнде бiр ғана салық тексеруi жүргiзiлуi мүмкiн.
537-бап. Салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы
1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген кез салық тексеруiн жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
2. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) қызмет куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
3. Салық органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамы, рейдтiк тексеруді қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгi қояды.
4. Рейдтiк тексеру жүргiзiлген кезде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетiледi және оның көшiрмесi табыс етiледi. Нұсқамамен таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны туралы түпнұсқаға белгi қойылады.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) нұсқаманы алудан бас тартуы салық тексеруiн жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
6. Салық тексерулерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңіндегі салық есептілігiне салық төлеушiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізуiне жол берiлмейдi.
538-бап. Салық қызметi органы лауазымды адамдарының тексерудi жүргiзу үшiн аумаққа немесе үй-жайға жiберiлуi
1. Салық төлеушi салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзетiн лауазымды адамдарын табыстарды алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлерге жiберуге мiндеттi.
2. Салық қызметi органының салық тексеруiн жүргiзушi лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кiруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.