6. 2-топтағы объектілерге: бірінші топқа енбеген өнеркәсіп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бірліктен астам техникасы бар автокәсіпорындар; темір жол станциялары, локомотивтік, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкілді органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелері; бірінші топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлеміне қарамастан діни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейінгі кітапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейінгі медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары жатады.
Бұл объектілерді өртке қарсы қызмет органдары екі жылда бір рет кешенді тексереді және жыл сайын кешенді тексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
7. 3-топтағы объектілерге: екінші топқа енбеген білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; кемінде 50 бірлік техника саны бар автокәсіпорындар; жалпы алаңы 1500 шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектілері мен құс фабрикалары; балалар, әкімшілік ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары; түтін тарту жүйесі көзделген тұрғын үйлер, тамақтану мекемелері, ойын мекемелері, дәріханалар, почталар, байланыстың сөйлесу пункттері, телеграфтар, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, 150 шаршы метрден астам алаңы бар салтанат залдары; бірінші және екінші топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектілері, кітапханалар жатады.
Бұл топтың объектілерін өртке қарсы қызмет органдары жылына бір рет тексереді.
8. 4-топтағы объектілерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бір қабатты жер үсті және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; оқшау тұрған, дара және топтастырылған үйлер; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгіршіктер, қабылдау пункттері мен валюта айырбастау пункттері, тауарларды сатуға арналған, оның ішінде базарлар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейінгі алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсіпорындары, ойын орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, дәріханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлімдері, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттері, диспетчерлік пункттер мен басқа да шағын объектілер жатады.
Бұл топтағы объектілерді өртке қарсы қызмет объектілері жылына бір рет тексереді.
9. Салынып жатқан объектілерді өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне жалпы негіздерде тексереді, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауға тиіс.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-7-баппен толықтырылды
9-7-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өрт қауіпсіздігi саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібi
Тексеру тағайындау туралы акт өртке қарсы қызмет органының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу үшін негіз болатын құжат болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдары шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді, олардың қандай объектілер тобына жататынына қарай, басқа объектілердегі сияқты кезеңділікте жүргізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің ұзақтығы бес тәуліктен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу кезінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізу туралы негіздемені көрсетуге міндетті.
Өртке қарсы қызмет органдары лауазымды тұлғаларының еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мүмкін болмауына әкеп соғатын іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 454-II;29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап толықтырылды және өзгертілді
10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29.12.03 ж. № 511-I ҚР Заңымен 10-1 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар, белгiленген үлгiдегi қызмет куәлiктерi мен жетондар берiлген, өртке қарсы қызмет органдарында қызметте тұрған адамдар өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген медициналық, санаторий-курорттық және зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі қолданылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-2 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-2-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi
Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және білім деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта білімi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен мерзiмдерi көзделетiн келісім-шарттар жасалады.
Өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi білімi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi.
Өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.
Өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртібі мен шарттарын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
Өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне партияларға, кәсiподақтарға мүше болуға, қандай да бip саяси партияларды қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткізуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-3 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-3-бап. Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтiң шектi жасы
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:
1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу жас;
3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бec жас болып белгiленедi.
Қажет болған жағдайда, өртке қарсы қызмет органдарының жекелеген қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмi өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган басшысының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
Қызметтiң ұзартылуы өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-4 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-4-бап. Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi
Өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
3) өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
4) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;
5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;
6) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:
1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына байланысты;
5) өз еркi бойынша;
6) келісім-шарттың бұзылуына байланысты;
7) аттестаттау тәртібімен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша;
8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;
10) қызмет тәртібін үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-5 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-5-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:
қатардағы құрам:
iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi;
кiшi басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi сержанты;
iшкi қызметтiң сержанты;
iшкi қызметтiң аға сержанты;
iшкi қызметтің старшинасы;
iшкi қызметтiң прапорщигi;
iшкi қызметтiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты;
iшкi қызметтiң лейтенанты;
iшкi қызметтiң аға лейтенанты;
iшкi қызметтiң капитаны;
аға басшы құрам:
iшкi қызметтiң майоры;
iшкi қызметтiң подполковнигi;
iшкi қызметтiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
iшкi қызметтiң генерал-майоры.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру (одан айыру) тәртібі ртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-6 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-6-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн нысанды және арнаулы киім-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-7 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-7-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
Өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс. Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-8 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-8-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң демалысы
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;
он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн;
жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-9 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-9-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бiржолғы өтем төленедi.
Бiржолғы өтемдi төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді.
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Егер өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-10 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-10-бап. Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру
Өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiретiн ұйымдар мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң өрттен қорғау және өрт сөндiру жөнiнде көрсететiн қызметтерi үшiн бюджетке ақы төлейдi.
Мемлекеттік өрт сөндiру мекемелерiнiң мемлекеттік меншiктiң аса маңызды объектiлерi тiзбесiне кiрмейтiн және мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын объектiлерде өрт сөндiруi ақылы негiзде жүзеге асырылады. Ақы бюджетке аударылады.
Өрттен қорғау және өрт сөндiру бойынша осы бапта көзделген қызмет көрсетулерге ақы төлеу есебiнiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен 10-11 баппен толықтырылды; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-11-бап. Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекетiне шағымдану құқығы
Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
ҚР 09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1 Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Салалық өртке қарсы қызмет
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салалық өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiн құра алады.
Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, олардың қызметiн жүзеге асыру шарттары өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген тиiстi ережелермен белгiленедi.
Салалық ұйымдарда өрт пайда болуы және азаматтар мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер туғызатындай өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, салалық өртке қарсы қызметiнiң ұйым (жеке өндiрiс), өндiрiстiк учаске, агрегат жұмысын, ғимараттың, құрылыстың, үй-жайдың пайдалануын, жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң жүргiзiлуін толық немесе iшiнара тоқтата тұруға құқығы бар.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
13-бап. Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары)
Қоғамдық бiрлестiктер (халықтың өртке қарсы ерiктi құралымдары) Қазақстан Республикасының заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөніндегі шараларға қатыса алады.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу
Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық реттеу - нормативтік құқықтық актілерде міндетті түрде орындалуға тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілеу.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтитын нұсқаулықтар, техникалық регламенттер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
Өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.
Мемлекеттік органдар әзірлейтін және өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттік органдар әзiрлеп, iске асырады.
Мемлекеттік органдардың шешiмi бойынша жасалатын инвестициялық жобалар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органмен келісіп алынуға тиiс.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Өрттердi сөндiру
Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.
Ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдары жүзеге асырады.
Басқа объектілердегі өртті сөндіруді меншік нысандарына қарамастан салалық өрт сөндіру қызметтері немесе ерікті өртке қарсы құрамалар жүзеге асырады.
Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған өртке қарсы қызметтер бөлiмшелерiн, олардың салалық бағыныстылығына қарамастан, тарту тәртібін өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.