Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2710 Заңы
(19.06.97 ж. № 134-1; 16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1;
22.12.98 ж. № 327-1; 05.04.99 ж. № 360-1; 16.11.99 ж. № 476-1; 29.03.00 ж.
№ 42-II; 10.10.01 ж. № 247-II; 21.03.02 ж. № 309-II; 09.08.02 ж. № 346-II;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2 Тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi (7 - 11 баптар)
және олардың қызметiн ұйымдастыру
3 Тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi (12 - 15 баптар)
4 Тарау. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары (16 - 22 баптар)
және олардың құқықтық жағдайы
5 Тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер (23 - 28 баптар)
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен тақырып және кіріспе өзгертілді
Осы Заң Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары мәртебесiн, өкiлеттiктерiн және қызметiнiң ұйымдастырылуын айқындайды.
1 Тарау
Жалпы ережелер
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi - ұлттық қауiпсiздiк органдары) - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттік органдар.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 2-бап өзгертiлдi
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу;
3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына өзге мiндеттер тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн.
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
2) осы Заң;
3) Қазақстан Республикасының осы Заңға қайшы келмейтiн және онымен реттелмеген бөлiгіндегі басқа да нормативтiк құқықтық актілері;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ереже құрайды.
4-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi принциптерi
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн жүзеге асырған кезде мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
2. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тiкелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртiппен ғана шектелуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары заңмен белгiленген шектерде әрбiр азаматқа оның құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын құжаттармен, шешiмдермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының, олардың әскери қызметшiлерiнiң, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң iс-әрекеттерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды
6-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының республиканың мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен өзара iс-қимылы және ынтымақтастығы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қолбасшылығы ұлттық қауiпсiздiк органдарына оларға жүктелген мiндеттердi шешуде жәрдем жасауға мiндеттi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және үкiметтiк байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде жүзеге асырылады.
2 Тарау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
және олардың қызметiн ұйымдастыру
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 09.12.98 ж. № 307-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) оны Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi;
2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына басшылық жасауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады және оларға басшылық жасайды;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде нормативтiк актiлер шығарады және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;
4) оны Республика Парламентi Сенатының келісімi бойынша Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын Төраға басқарады; оны Республика Президентi қызметтен босатады;
5) заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, өзiнiң рәмiздерi мен айырым белгiлерi тиiстi мөрлерi мен мөртабандары, шоттары, негiзгi қорлары, әлеуметтiк-мәдени және медициналық мақсаттағы объектiлерi, оқу орындары болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.
2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздерін, айырым белгілері мен ведомстволық наградаларын бекітеді.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 8-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары
1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
2) директорлар басқарады, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) олар заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақты және шартты атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, шоттары, негiзгi қорлары болады.
09.12.98 ж. № 307-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары
1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң аумақтық органдары оперативтiк қызметтiк жұмысына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз болады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Әскери қарсы барлау органдары
Әскери қарсы барлау органдары:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн құрылады;
2) олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлерi мен мөртабандары болады;
3) жедел-iздестiру қызметiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларының қолбасшылығынан тәуелсiз болады.
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1 Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 10-1-бап өзгертілді
10-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi бейбiт кезде және соғыс уақытында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға арналған.
11-бап. Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер
Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер террорлық актiлердi және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады.
3 Тарау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретi
ҚР 16.05.97 ж. № 110-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi
Ұлттық қауiпсiздiк органдары өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде:
1) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының Парламентiн, Қазақстан Республикасының Үкіметін елдiң қауiпсiздiгiне төнген қауiп туралы хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау қызметiн жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң, ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу, тыю жөнiнде қарсы барлау жұмысын жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастығын, бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм мен өзге де қызметтi анықтауға, алдын алуға және тыюға;
5) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтауға, тыюға, ашуға;
6) Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендiрiлген құрамалардың, басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ шет ел заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды қаржыландыруына жол бермеуге және тыюда мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
7) мемлекеттік органдарда, әскери құрамалар, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттік құпия болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ олардың қызметiн аталған салада бақылауға. Мемлекеттік және әскери құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексерiс жүргiзуге;
8) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн қорғаныс кешенi, атом энергетикасы, көлiк пен байланыс объектiлерiнiң, аймақтардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiнiң және өзге де стратегиялық объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысуға;
9) Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен өзге де мемлекеттік ұйымдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар жүргiзуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуiне және оның аумағынан тыс жерлерге кетуiне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режимiне қатысты мәселелердi шешуге қатысуға;
11) шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа құзыреттi органдармен бiрлесе отырып шаралар қолдануға;
12) Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп шетел мемлекеттерi, үкiметтерi басшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ елдiң аумағында өткiзiлетiн аса маңызды қоғамдық саяси шаралардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысуға;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз етуге;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргiзуге;
15) жұмысы Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн радиоэлектронды құралдармен берiлетiн радиосәулелердi анықтауға;
16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, арнаулы байланыс түрлерiнiң үкiметтiк және өзге де жүйелерiн пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
17) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі, соның iшiнде мемлекеттік қызметтiк құпия болып табылатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының мәлiметтерiне техникалық жолмен кіруге жол бермеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмылу дайындығын қамтамасыз етуге;
19) ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыруға мiндеттi;
20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге;
21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.
ҚР 16.11.99 ж. № 476-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының құқықтары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн мыналарға құқығы бар:
1) жалпы және арнаулы жедел-iздестiру шараларын, сараптық-криминалистiк зерттеулер жүргiзу, оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын штаттан тыс оперативтiк қызметкерлер ретiнде ерiктi негiзде жұмысқа тарту;
2) мақсаттары мен iс-қимылдары мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған шетел мемлекеттерiнiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, қылмысты топтардың iшiне енудi жүзеге асыру;
3) өздерiнiң iс-қимылдарымен қоғамның және мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына жiбермеу және аластау жөніндегі мәселелердi құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесiп шешу;
4) заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, тыюда, ашуда және тергеуде қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген шекте орындау үшiн басқа органдарға орындалуы мiндеттi тапсырмалар беру;
5) өздерi жүргiзiп жатқан материалдар бойынша азаматтарды ұлттық қауiпсiздiк органдарына шақыру, олардан түсiнiктемелер, анықтамалар, құжаттар алып, бұлардың көшiрмелерiн түсiру, шақыру бойынша келуден бас тартқан адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
6) қылмыс жасады деген негiздi сезiк туғызған ретте азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру. Қылмыс жасауына сезiк келтiрiлген адамдарды ұстау, ұсталғандардың құжаттарын қарап, жеке тексеру және олардың көлiк құралдарын тексерудi, сондай-ақ олардың заттары мен құжаттарын алып қоюды жүзеге асыру;
7) арнайы күзетiлетiн ерекше режимдегi аумақтарға және өзге де объектiлерге кіруге әрекет жасаған және кіруге байланысты құқық бұзған, шекара аймағында заңсыз жүрген адамдарды әкiмшiлiк жолмен ұстауды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардан түсiнiктемелер алу, жеке тексеру, заттарын қарау мен құжаттарын тексерiп алып қоюды жүзеге асыру;
8) қылмыстарды болдырмау, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деген сезiк туғызған адамдарды қуғындау мен ұстау, ұсталғандарды оларды ұстайтын жерге жеткiзу, сондай-ақ оқиға болған жерге жету және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне әкелу үшiн ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң қарамағындағы байланыс құралдарын, көлiк құралдарын пайдалану, иелерiнiң талап етуi бойынша ұлттық қауiпсiздiк органдары осының салдарынан келтiрiлген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi;
9) егер кiдiру адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызса, елдiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн болса, қылмысты тыю, қылмыс жасады деген сезiк туғызған адамдарды қуғындау мақсатымен ұйымдардың, әскери құрамалардың және бөлiмдердiң аумақтары мен үй-жайларына және азаматтардың қарамағындағы тұрғын үй-жайлар мен олардың қарамағындағы жер учаскелерiне кiдiргiсiз кіру. Азаматтардың қарамағындағы тұрғын үйлерге және өзге де үй-жайларға басып кіру оқиғалары туралы ұлттық қауiпсiздiк органдары прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде хабардар етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тыю шарасы ретiнде тұтқындау ұйғарылған адамдарды немесе қауiпсiздiк органдары қылмыс жасады деген сезiк келтiрiп ұстаған адамдарды ұстау үшiн тергеу изоляторларын иеленуге, жекелеген жағдайларда оларды ұлттық қауiпсiздiк органдарының келісімi бойынша құқық қорғау органдары мен соттар ұсталған және тұтқындағандарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшiн пайдаланады;
11) мемлекеттік құпиялардың, коммерциялық, банк құпияларының және заңмен қорғалатын құпиялардың сақталуын, мемлекеттік органдардағы, әскери құрамалардағы, бөлiмдердегi және ұйымдардағы арнаулы байланыс түрлерiнiң және шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде бақылауды жүзеге асыру, әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
12) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне төнген қатердi iске асыруға, тергелуi Қазақстан Республикасының заңдарымен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына берiлген қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк беретiн себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы мiндеттi ұсыныстарды мемлекеттік органдарға, әскери құрамаларға, бөлiмдер мен ұйымдарға енгізу;
13) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгiленген ережелердi немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланатын радиоэлектрондық хабар беру құралдарының қолданылуына жол бермеу;
14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты мемлекеттік органдардан, әскери құрамалардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алу;
15) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне енетiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды хабардар ету;
16) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне қатысты архивтегi оперативтiк, тергеу және басқа да материалдарды сақтау мен пайдалануды жүзеге асыру;
17) ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық қарастылығын құпиялау мақсатында басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану;
18) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау және аталған органдардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ұйымдар мен бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құру;
19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтау құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және фирмаларымен шарттар, контракттар жасасу;
20) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемалары жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу. Автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелерi мен арнайы байланыс түрлерiнiң жүйелерiн әзiрлеу және жасау;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi үшiн шарттық негiзде кадрлар даярлауды жүзеге асыру;
14-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң қару, арнайы құралдар мен күш қолдануға құқығы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне табельдiк қаруды, арнайы құралдарды сақтауға және алып жүруге рұқсат етiледi. Олардың мына жағдайларда күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, сондай-ақ қару мен арнайы құралдар қолдануға құқығы бар:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлдердi босату;