2) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне күзету тапсырылған адамдарға жасалған шабуылды тойтару;
3) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсiне немесе оның отбасы мүшелерiне жасалған шабуылды тойтару;
4) ұлттық қауiпсiздiк органдары күзететiн үйлер, үй-жайлар, ғимараттар мен көлiк құралдарына топтасып жасалған шабуылды тойтару;
5) қылмыс жасау үстiнде көзге түскен немесе қамаудан қашқан адамды ұстау, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау.
2. Мына жағдайларда:
1) олар айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткеннен басқа реттерде әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнетiн адамдар мен жас балаларға қарсы арнайы құралдар мен тәсiлдер қолдануға;
2) олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған, топтасып шабуыл жасағаннан басқа реттерде әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы қару қолдануға тыйым салынады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қару қолданғаны туралы тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Кiсі өлiмiне немесе ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару мен арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы туралы прокурор дереу хабардар етiледi.
15-бап. Берiлген құқықтарды iске асыру
Осы Заңда берiлген құқықтар тек ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.
4 Тарау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлары
және олардың құқықтық жағдайы
ҚР 05.04.99 ж. № 360-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары кадрларының құрамы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрларын әскери қызметшiлер, жұмысшылар мен қызметшiлер құрайды.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет етуге өз еркiмен тiлек бiлдiрген, өзiнiң iскерлiк, моральдық қасиеттерi, жасы, білімi және денсаулық жағдайы бойынша жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi бола алады.
3. Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің штат санының лимитін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Ұлттық қауіпсіздік органдары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің штат санын ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметшілері штат саны лимитінің Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілейді.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының әскери қызмет атқару туралы заңдарында белгiленген тәртiппен әскери қызмет өткередi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызметке жоғары немесе арнаулы орта білімi бар шақырылушылардың iшiнен Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылуы немесе қабылдануы мүмкiн.
3. Мемлекеттік қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мiндеттi әскери қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, олардың басшыларының келісімiмен, белгiленген тәртiппен iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицерлiк құрамы, прапорщиктерi, мичмандары және солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарына контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлерi ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрларында, жұмыс iстейтiн резервiнде немесе запасында болады.
5. Әскери қызметшiлердi ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмыс iстейтiн резервiне есепке алу мен олардың әскери қызметтi өткеру тәртібін Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне олардың жеке басын және өкiлеттiгiн куәландыру үшiн қызмет куәлiгi берiледi.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптарына бағынбау, қарсылық көрсету, қорлау, қорқыту, күш көрсету және олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкелiп соғады.
4. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындап жүрген (орындалған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi туралы мәлiметтер мемлекеттік құпияларды құрайды және тек Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткеру депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызмет атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органы немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кірумен сыйыспайды.
6. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да бiр саяси партияны жақтауға тиiс емес.
7. Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамаған және құқыққа қарсы iс-әрекеттерi үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке тартылады.
8. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 10.10.01 ж. № 247-II; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзге де қамсыздандыру
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiнiң ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады және, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша мүлiкпен және азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 10.10.01 ж. № 247-1; 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 20-бап өзгердi
20-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен зейнетақы тағайындау, әскери атақ беру және лауазымдық айлықақы белгiлеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып еңбек өткерген жылдарына саналуға тиiс.
2. Комитет төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң стажын еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен медициналық және санаторий-курорттық қызметтi пайдаланады.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн немесе кәсiби парызын орындау үстiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңдарда белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша тұрғын алаң алуға құқығы бар.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмысшылары мен қызметшiлерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жұмысшылары мен қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етiледi.
ҚР 21.03.02 ж. № 309-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кадрларды кәсiби даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмiмен тиiстi оқу орындары құрылады.
5 Тарау
Қорытынды және өтпелi ережелер
22.12.98 ж. № 327-1; 21.03.02 ж. № 309-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Темір жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, соның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған, қызметтiк үй-жайларымен, олар сол сияқты бұларды қамту мен пайдалану жөніндегі шығыстарды көтередi, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiк үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен Қазақстан Республикасы әскери құрамаларының және бөлiмдерiнiң есебiнен қамтамасыз етiледi.
24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жүктеледi.
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне прокурорлық қадағалау
Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге де нормативтiк актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтама, тергеу және жедел iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғарғы қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
26-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
28-бап. Осы Заң жүзеге асыру жөніндегі шаралар
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын өзi қабылдаған шешiмдердi осы Заңға сәйкес келтiрсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің бекiтуiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
2) өзiнiң актілерін осы Заңға сәйкес келтiрсiн;
3) осы Заңнан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Қазақстан Республикасының