3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "төлемақы сомалары бойынша декларацияны" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"мен төлемақы сомалары жөніндегі декларация" деген сөздер алып тасталсын;
"cу ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
173) 463-бапта:
6-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
174) 465-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлемақы төлеушілер, ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуден өткізген жері бойынша есеп-қисабы табыс етілетін жылжымалы ластау көздерін қоспағанда, ластау объектісі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "төлемақы сомалары жөніндегі декларацияны" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "мен төлемақы сомалары жөніндегі декларация" деген сөздер алып тасталсын;
175) 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік орман иелері - ағашты түбірімен жөнелткені үшін аралық пайдалануда ағаш кесуді және басқа да кесулерді жүзеге асыру кезінде;";
176) 482-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
177) 484-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.";
3-тармақ алып тасталсын;
178) 484-2-баптағы "халықаралық байланыс" деген сөздер "халықаралық телефон байланысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
179) 484-4-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
180) 484-6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлемақы төлеушілер жыл сайын өзі тіркеу есебінде тұрған жердегі салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етеді.";
3-тармақ алып тасталсын;
181) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарындағы "есептелген" деген сөз алып тасталып, "сомасының" деген сөз "даулы соманың" деген сөздермен ауыстырылсын;
182) 518-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "берілетін мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады." деген сөздер "берілетін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) салық есебін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен бастап алты ай өткеннен кейін салық есебін табыс етпеген және (немесе) нақты мекенжайында (тұрғылықты жерінде) болмаған салық төлеушілердің тіркеу деректері туралы, сондай-ақ сот жалған кәсіпорындар деп таныған салық төлеушілер туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.";
183) 520-баптың 4-тармағындағы "мәліметтері" деген сөзден кейін "және (немесе) уәкілетті органдар табыс еткен мәліметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
184) 521-баптың 1-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орналасқан жері бойынша - резидент заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері;
2) тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша - осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағында аталған (осы тармақтың 5-1) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және осы Кодекске сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын резидент емес жеке тұлғалар;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен аспайтын резидент-эмитенттің немесе резидент заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша - бағалы қағаздарды сату кезінде құнның өсуінен табыс алатын және осы Кодекстің 178-бабының 3) тармақшасында аталған, осы Кодекстің 183 немесе 190-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс резидент еместер болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;";
7) тармақша "шоттарын" деген сөзден кейін "және карт-шоттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
185) 524-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталған резидент емес заңды тұлға үшін:";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Осы баптың 11-тармағында көрсетілген жағдайда, тіркеуге алу есебіне қою салық төлеуші өтініш берген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
11-тармақта:
"орналасқан жерін," деген сөздер алып тасталсын;
"өзі тіркеу есебінде тұрған салық органына он жұмыс күні ішінде есептен шығару туралы өтініш беруге және салық төлеушінің бұрын берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, жаңадан орналасқан жері, қызметін жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жері, келген жері немесе салық салу объектілерінің орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша тіркеу есебіне тұруға міндетті" деген сөздер "салық органына жиырма жұмыс күні ішінде қызметін жүзеге асыратын жаңа орны, тұрғылықты жері, келген жері немесе салық төлеушінің бұрын берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш беруге міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
186) 525-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушіні Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару:
1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға белгілеріне сәйкес келген және оның тіркеу нөмірі сақтала отырып, салық берешегі болмаған жағдайда;
2) салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда жүргізіледі.";
187) 526-баптың 10) тармақшасындағы "заңды тұлғалардың" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер болып табылатын адамдардың немесе олардың жұбайларының (зайыптарының)" деген сөздермен толықтырылсын;
188) 527-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларында аталған резидент емес жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап немесе Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3. Осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында салықтық міндеттемесі туындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.";
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте осы тармақта аталған резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.";
4-тармақтағы "резидент емес заңды тұлғаның" деген сөздер "резидент еместің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Салық агенттері өзі тіркелген жердегі салық органына Қазақстан Республикасында жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға келісім-шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде және резидент еместің қызметті жүзеге асыруды аяқтаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы және резидент еместің Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметің жүзеге асыруды аяқтағаны туралы өтініштерді табыс етуге міндетті.
Осы Кодекстің 521-бабының 1-тармағында аталмаған резидент еместерге Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындағаны, қызметтер көрсеткені үшін кірістер төлейтін салық агенттеріне осы тармақтың ережелері қолданылады.";
189) 533-баптың 4-тармағында:
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"салық міндеттемесінің салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша орындалуын;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қарсы тексеру - егер салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаса, үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығына салықтық тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар бойынша камералық бақылауды жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған экспортталған тауарларды өндіру және олардың айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруші салық төлеушілерді тексеру де қарсы тексеру болып табылады;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосымша тексеру - салық төлеушінің шағымында жазылған мәселелер бойынша салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық төлеушінің шағымын қарайтын немесе резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселелерді қайта қарау туралы өтінішін қарайтын салық қызметі органының шешімі негізінде жүргізілетін тексеру.";
190) 534-баптың 2-тармағында:
4) тармақшаның үшінші абзацындағы "бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;" деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"резидент еместің қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану жөніндегі өтінішінің негізінде жүргізілетін тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын немесе қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдану заңдылығына қатысты мәселені қайта қарау туралы резидент еместің өтінішін қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде;";
191) 536-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "Тақырыптық," деген сөзден кейін "қосымша," деген сөзбен толықтырылсын;
192) 549-бапта:
1-тармақта:
"257-бабының" деген сөздерден кейін "1-тармағының" деген сөздермен толықтырылсын;
"3) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "1-тармағының 3) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Уәкілетті мемлекеттік орган акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережелерін белгілейді.";
193) 553-баптың 1-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
194) 557-2-баптың 1-тармағындағы "он" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
195) 557-8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Бұл ретте қосымша тексеру шағымды қарайтын салық қызметі органының осындай тексеруді жүргізу туралы шешімін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.".
3. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11 55-құжат):
1) 134-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "акциздік алым таңбаларымен" деген сөздер "акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 346-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кедендік төлемдердің немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша:
1) төлеушінің өтінішінсіз кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша өсімпұл мен айыппұлды өтеу есебіне;
2) төлеушінің өтініші бойынша кедендік төлемнің немесе салықтың сол түрі бойынша алдағы кедендік төлемдерді немесе салықтарды төлеу есебіне есептеуге тиіс.".
4. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 86-құжат; № l6, 97-құжат):
1) 46-баптың 1-тармағының 12), 12-1) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
2) 48-баптың 1-тармағында:
15) тармақшадағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;
19-1) тармақшадағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;";
3) 49-баптың 1-тармағында:
11) тармақшадағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;";
14-1) тармақшадағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат):
1) 6-баптың он екінші абзацындағы "тіркеуден" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-1-баптың екінші абзацындағы "заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмеуі, табыстау актісін немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, сондай-ақ егер іс-әрекет етпейтін заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы іс-әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.";
4) 14-баптың екінші абзацындағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-баптың екінші абзацындағы "тіркеуден" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 16-баптың 13) тармақшасындағы "тіркелгені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 16-1-баптың бірінші абзацындағы "тіркелгені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелгені" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 17-бапта "Мемлекеттік тіркеуден" деген сөздерден кейін "және есептік тіркеуден" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24; 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат):
1) 13-баптың 4-тармағындағы "ішкі істер органдарының," деген сөздерден кейін "прокуратура," деген сөзбен толықтырылсын;
2) 22-1-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын" деген сөздер "мәлімделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
"қожалығы мүшесінің" деген сөздер "қожалығының кәмелетке толған мүшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап есептелуге және төленуге тиіс.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Дара кәсіпкер, адвокат және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады.";
3) 22-4-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Агенттің банк шотында ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары теңгелей шығарған инкассалық өкімдері негізінде агенттің шетел валютасындағы банк шоттарынан жүргізіледі.";
5-тармақ "шоты болмаған" деген сөздерден кейін "немесе агенттің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында салық төлеуші агенттің тіркеу нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жариялайды.".
7. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі;";
17) тармақшадағы "(сырадан басқасын)" деген сөздер "(шарап материалы мен сырадан басқасын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
"20) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тағамдық шикізаттан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен астам болатын тамақ өнімі;
21) сусыз спирт - құрамында су жоқ, есеп-қисапта қолданылатын шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз проценттік спирт немесе абсолюттік алкоголь.";
2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруге, сақтауға, алкоголь өнімін (сырадан басқасын) көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптарына сай болуын анықтау мақсатында адамдарды тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілік талаптарын этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың жыл сайын растауы.";
3) 4-баптың 2-тармағында:
2) тармақша "ережені" деген сөзден кейін ", дәм айыру ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруге, сақтауға, алкоголь өнімін (сырадан басқасын) көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қойылатын біліктілік талаптарына сай болуын анықтау мақсатында адамдарды тексерумен айналысатын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын лицензиаттардың біліктілік талаптарын жыл сайын растайды;
7) технологиялық желілерді спирт өлшейтін аппараттармен және өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды белгілейді.";
4) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алкоголь өніміне:
1) арақтар және айрықша арақтар;
2) ликер-арақ өнімдері;
3) шарап материалы;
4) шараптар;
5) коньяк;
6) бренди;
7) сыра жатады.";
2-тармақтағы "күшті алкогольді ішімдіктер" деген сөздер "алкоголь өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
"Күштілігі он екі - алпыс процент,", "алкогольді ішімдіктер ликер-арақ бұйымдары болып табылады" деген сөздер "Ликер-арақ өнімдері -", "этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен басталатын алкоголь өнімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"майларын," деген сөзден кейін "шарап материалын," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "күштілігі" деген сөз "этил спиртінің көлемдік үлесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "күштілігі он екі проценттен" деген сөздер "этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарымнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шарап материалы - этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі жарым процентпен аспайтын, хош иісті және дәмдік қоспаларды қоспай, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзімді, жүзім шырынын не жеміс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесінде алынған, құрамында спирті бар тамақ өнімі, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнімін, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады.
5. Шарап - шарап материалдарынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі проценттен аспайтын алкоголь өнімі.";
6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Коньяк - этил спиртінің көлемдік үлесі қырық - қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі.
14. Бренди - этил спиртінің көлемдік үлесі отыз жеті жарымнан қырық бес процентке дейін болатын, түпкілікті өнімдегі сусыз этил спиртінің көлемінен елу проценттен аспайтын мөлшердегі шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемінде алты ай сақталған этил спиртін қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнімі.";