16 және 17-тармақтар алып тасталсын;
5) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерінде белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылуға тиіс.";
6) 8-баптың 5-тармағындағы "Стандарттау туралы" деген сөздер "Техникалық реттеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) алкоголь өнімін (шарап материалы мен сырадан басқасын) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз одан әрі өткізу мақсатында сақтауға және өткізуге;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) алкоголь өнімін (шарап материалынан, сырадан және күштілігі он екі процентке жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) қаңылтыр ыдыста, этикеткасы жоқ шөлмектерде және пластик ыдыстарда өткізуге;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстарда, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетінде өткізуге;";
6) тармақшадағы "өткізуге тыйым салынады." деген сөздер "өткізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) алкоголь өнімін осы Заңның 8-бабына сәйкес тиісті таңбалаусыз өткізуге тыйым салынады.";
4-тармақ алып тасталсын;
8) 12-баптың 4-тармағындағы "үй-жайда" деген сөз "қойма үй-жайында" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Өндіріс аумағында алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.";
10) 19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді үнемі төлемегенде;".
9. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; 2006 жылғы 11 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасындағы "жөніндегі жұмысты" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
10. "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 149-құжат):
1) 2-баптың 6) тармақшасындағы "қағаздан" деген сөзден кейін "немесе өзге де материалдан" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;".
11. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар):
1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздеріне табыс әкелетін жұмыспен өздерін қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар ретінде дара кәсіпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелері танылады;";
2) 17-баптың 4-тармағындағы "шоттары болмаған" деген сөзден кейін "немесе төлеушінің банк (банктер) шотында (шоттарында) ақша жеткіліксіз болған" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "акциздік алым маркасы" деген сөздер "акциз маркасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) есепке алу-бақылау маркасы - темекі өнімдерін есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекі өнімдерін бірдейлендіруге арналған қажетті қорғау дәрежелері бар арнаулы біржолғы жапсырма қағаз;
1-2) бірдейлендіру - белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рәсім;
1-3) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтін, шартты белгі және суреттер;
1-4) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі өнімінің белгілі саны бар тұтыну ыдысының бірлігі;
1-5) орам - белгілі қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бірлігі;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) темекі өнімдері - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған, құрамында темекі бар кез келген өнімдер;";
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) фильтрлі сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;
7-2) фильтрсіз сигареттер - кесілген темекіден жасалған, фильтрдің қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекі өнімдерінің бір түрі;";
2) 3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жасауды қамтиды." деген сөздер "жасауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) фильтрлі сигареттерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.";
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібін белгілейді;
4-2) фильтрлі сигареттерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілейді;";
4) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "акциздік алым маркаларымен маркалау" деген сөздер "акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 13-баптың 2-тармағындағы "акциздік алым маркаларынсыз" деген сөздер "акциз маркаларынсыз немесе есепке алу-бақылау маркаларынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "акциз маркалары" деген сөздерден кейін "немесе есепке алу-бақылау маркалары" деген сөздермен толықтырылсын.
14. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
28-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "теңіз, өзен кемелерін және шағын көлемді кемелерді" деген сөздер "көлік құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат):
осы Заңға қосымшаның 18-тармағының 4) тармақшасындағы "өнімдердің" деген сөзден кейін "өндірілуін және" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана. Ақорда. 2006 жылғы желтоқсаннын 11-і
№ 201-III ҚРЗ