2) мемлекеттік бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстар салық салуға жатпайды.";
2-тармақта "эмитент" деген сөз "резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "эмитент тіркелген жер бойынша" деген сөздер "осы баптың 2-тармағында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 184-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алынатын табыстарына мыналарды:
1) осы Кодекстің 178-бабының 1)-22), 24) тармақшаларында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарды;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көзделген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан туындайтын табыстарды;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметке баламалы немесе соған ұқсас қызметті жүзеге асырудан туындайтын табыстарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыруды бастаған кезден бастап тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.";
3-тармақ алып тасталсын;
67) 187-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Табысты төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен табыс салығын салық агенті ұстайды.
Резидент еместің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуды салық агенті тұрған жері бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға өзінің табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығының сомасын мемлекеттік бюджетке аударуды тұрақты мекеменің, филиалдың, өкілдіктің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.";
68) 187-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде "(келісім-шартта, келісімде)" деген сөздер "(келісім-шартта)" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық агенті күнтізбелік жыл ішінде осы бапта және осы Кодекстің 187-бабында белгіленген жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртіптерінің біреуін ғана қолдануға құқылы.
Жеке табыс салығын есептеудің және төлеудің таңдап алынған тәртібі күнтізбелік жыл ішінде өзгермейтін болуға тиіс.";
9-тармақ алып тасталсын;
69) 190-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацындағы "резиденттер шығарған" деген сөздер "осы Кодекстің 178-бабы 3) тармақшасында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "эмитент" деген сөз "резидент-эмитент немесе мүлкі резидент емес заңды тұлғаның сатылған акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының елу процентінен астамын құрайтын резидент заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
70) 191-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі "(келісім-шарттың, келісімнің) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың" деген сөздер "(келісім-шарттың)" деген сөзбен ауыстырылсын;
71) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"194-бап. Халықаралық шарттар әкімшілігін жүргізу және
оларды қолдану тәртібi
Осы Кодекстің 193-204-баптарының ережелеріне сәйкес халықаралық шарттар әкімшілігін жүргізу және олардың ережелерін қолдану уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";
72) 195-баптың 1-тармағы "сомасы" деген сөзден кейін ", резиденттің осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес резиденттігін растайтын құжаты болған кезде," деген сөздермен толықтырылсын;
73) 198-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық органы резидент еместің аталған өтінішін резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, өтінішті салық органына берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды, өтініш бойынша шешім қабылдап, оны резидент емеске және банкке хабарлайды.
Резидент емес талап етілетін құжаттарды тапсырмаған, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
10-тармақта:
"он жұмыс күні" деген сөздер "күнтізбелік тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"белгіленген мерзім" деген сөздер "осы баптың 8-тармағында көрсетілген мерзім" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
"белгіленген мерзім ішінде" деген сөздер "салық органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"он жұмыс күні" деген сөздер "күнтізбелік тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"соманы" деген сөз "салық сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-1-тармақта:
"тоқсан сайын" деген сөздер алып тасталсын;
"банктер" деген сөзден кейін ", есепті тоқсан ішінде ақша қозғалысы болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
74) 198-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Резидент еместің Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған табысынан мемлекеттік бюджетке салық төлеген жағдайда халықаралық шартты қолдануға арналған өтінішті резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) аяқтағаннан кейін салық органына табыс етеді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Резидент емес осы Кодекстің 203-бабында белгіленген құжаттарды қоса тіркей отырып, салық органына өтініш берген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органы өтінішті қарайды және онда көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстің 40-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргізеді.
Резидент емес талап етілетін құжаттарды табыс етпеген, шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына қажетті ақпаратты беру туралы сұрау жіберілген жағдайда резидент еместің өтінішін қарау мерзімі көрсетілген құжаттарды, сұратылған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
4-тармақта: "он жұмыс күні" деген сөздер "күнтізбелік тоқсан күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"белгіленген" деген сөз "осы баптың 2-тармағында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
75) 199-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі "резиденттігін" деген сөздің алдынан "осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі "резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда" деген сөздер "осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ," деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 200-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер резидент емес табыстарды түпкілікті алушы болып табылса және тиісті халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, осындай табыстарды резидент емеске төлеу кезінде салық агентінің резидент емес ұсынған, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резиденттікті растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шартты өздігінен қолдануға құқығы бар.
Резидент емес осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес, резидент еместігін растайтын құжатты табыс төленетін күннен кешіктірмей табыс еткен жағдайда, резидент еместің табыстарын шегерімге жатқызған кезде салық агентінің халықаралық шартта көзделген салықтың төмендетілген (нөлдік) ставкасын қолдануға да құқығы бар.
Осы бапта белгіленген халықаралық шарттардың ережелерін қолдану тәртібі резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлеріне:
1) дивидендтерге;
2) сыйақыларға (проценттерге);
3) роялтиге;
4) сенімгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін комиссияларға;
5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
6) жөндеу жұмыстарын қоспағанда, егер негізгі құралдарды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыс істеу күйіне келтірумен (іске қосу-жөндеу, монтаждау жұмыстарын қоса алғанда) тікелей байланысты қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) негізгі құралдарды жеткізіп беруге арналған сыртқы сауда келісім-шартының шеңберінде және тиісті халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде орындалса, осындай көрсетілетін қызметтерден (жұмыстардан) түсетін табыстарға;
7) күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге жасалған және осы резидент емес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындауға жасасқан өзге де келісім-шарттармен (жобалармен) байланысты емес қысқа мерзімді келісім-шарттар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түсетін табыстарға;
8) осы Кодекстің 178-бабында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, осы Кодекстің 198-201-1-баптарында, сондай-ақ осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көзделмеген өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.";
77) 201-бапта:
1-тармақ "резиденттікті" деген сөздің алдынан "осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін," деген сөздермен толықтырылсын;
78) 201-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға, егер мұндай резидент емес тұлға табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар болса, осы Кодекстің 203-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, резиденттігін растайтын құжат негізінде осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтініш бермей-ақ, халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Алынған (есептелген) табыстардың сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төленген (төлеуден босатылған) салықтарды және халықаралық шарттың атауын резидент емес жеке тұлға:
осы Кодекстің 190-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда;
осы Кодекстің 191-бабында көзделген табыстарды алған жағдайда жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабында көрсетеді.
Резидент емес жеке тұлғада осы тармақта көзделген салық есептілігінің тиісті нысанын табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжат болмаған жағдайда, резидент емес жеке тұлғаның осындай табыстары осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
Бұл ретте тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстің 198-1-бабында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.";
79) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"203-бап. Халықаралық шарттың ережелерін және резиденттіктi
растайтын құжатты қолдануға өтініш беру кезінде
қойылатын жалпы талаптар
1. Осы Кодекстің 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
1) салық төлеуші өтінішпен бірге:
жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;
резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттардың (құрылтай құжаттардың не сауда-саттық тізілімінен үзінді жазбаның) көшірмелерін;
орындалған жұмыстар актісін және (немесе) резидент еместің әртүрлі жұмыстарды орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; объектіні пайдалануға қабылдау актісін және (немесе) құрылыс жұмыстарын орындау фактісі мен мерзімін растайтын өзге құжатты; қызметтер көрсету фактісі мен мерзімін растайтын шотты, төлем құжатын; мүлікті (жабдықты) жалға беру фактісі мен мерзімін растайтын Қазақстан Республикасында мүлікті (жабдықты) қабылдап алу және жалға беру актісін;
жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келісім-шарт (шарт, келісім) бойынша резидент емес өтініш берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасында резидент емес өтініш берушінің (жеке немесе заңды тұлғаның) атынан жұмыстарды орындайтын резидент еместердің тізімін осындай жеке тұлғалардың паспорттық деректерін, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімін көрсете отырып табыс еткен;
2) салық агенті:
есептелген және төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттарды:
резидент еместің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды бастауы туралы және резидент еместің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар бойынша Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды аяқтауы туралы өтініштерінің көшірмелерін салық органының оларды қабылдағаны туралы белгілерімен қоса табыс еткен;
3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан резидент емес салық төлеушінің резиденттігі мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органы резидент емес салық төлеушінің резиденттігін (аталған өтініш бланкісінде немесе резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса тіркей отырып) растаған кезде қабылдайды. Бұл ретте осы баптың және осы Кодекстің 195, 198-201-1-баптарының мақсаттары үшін тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттік еліндегі өзінің тіркелу деректері өзгерген жағдайда, көрсетілген баптарда белгіленген тәртіппен өзгерген деректерді ескере отырып, резиденттігін растайтын құжатты немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс етуге міндетті;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгіленген тәртіппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттігін (резиденттігін растайтын құжатты) растаған органның және резиденттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынған жағдайда шетелдік нотариустың мөрін дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
2. Осы Кодекстің 195, 199-201-1-баптарын қолдану мақсатында шетелдік тұлғаның резиденттігін растайтын құжатты салық агенті (салық органы) осы баптың 1-тармағының 3)-4) тармақшаларында белгіленген талаптар орындалған кезде қабылдайды.
Салық төлеушінің резиденттігін растайтын осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін резидент емес салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 196, 199-201-1-баптарында көзделген салық есептілігінің тиісті нысанымен бір мезгілде салық есептілігінің тиісті нысаны ұсынылатын жердегі салық органына табыс етеді.";
80) 208-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "салықтан босатылатын" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасы өткізу орны болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
81) 209-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сот қосылған құн салығын төлеушіні жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда, салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік сот анықтаған қылмыстық әрекет басталған кезден бастап күшін жоюға тиіс.";
82) 210-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін;
мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
"2-2. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерін өзгерткені туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды салық органы қосылған құн салығын төлеушіге осы Кодекстің 31-бабына сәйкес хабарлама жібере отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізеді. Осындай қосылған құн салығын төлеушілер туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша есептен шығару күні уәкілетті мемлекеттік органның WEB-сайтында орналастырылады.
2-3. Осы баптың 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушілер салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылады.
2-4. Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлғаның қызметін уақытша тоқтата тұрған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің қолданысын тоқтатуды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.";
4-тармақта:
"өзін" деген сөз алып тасталсын;
"берген" деген сөз "берілген" деген сөзбен ауыстырылсын;
83) 211-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кәсіпкерлік қызмет үшін сатып алынған тауарды қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы жұмыскерлерінің, қатысушылардың және (немесе) басқа тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке жатпайтын мақсатта пайдалануын;";
3-тармақтың 6) тармақшасындағы "меншігіне беруі, өткізу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "меншігіне беруі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) банк берген қарыздар және басқа да дебиторлық берешекті қоса алғанда, қарыздар бойынша талап ету құқығын басқаға беру өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";
84) 215-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу жатады.";
85) 217-баптың 7-тармағындағы "Осы Кодекстің 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде" деген сөздер "Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарлар сатып алынған күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 221-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың мақсаттары үшін жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық салынатын айналымының мөлшері, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске есептелген табыс сомасы негізге алына отырып айқындалады.";
87) 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Уақытша декларация беру рәсімін қолдана отырып, экспорт режимінде тауарларды әкеткен жағдайда, кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар толық жүк кеден декларациясы да экспортты растау болып табылады.";
88) мынадай мазмұндағы 223-1-баппен толықтырылсын:
"223-1-бап. Тазартылған қымбат бағалы металдарға салық салу
Қазақстан Республикасы резиденттерінің өз өндірісінің шикізатынан дайындалған, тазартылған қымбат бағалы металдарды - алтынды, платинаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және қаржы ұйымдарына сатуы жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.";
89) 225-бапта:
7) тармақшадағы "мемлекеттік мекемелердің" деген сөздерден кейін "немесе мемлекеттік кәсіпорындардың" деген сөздермен толықтырылып, "беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды" деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;";
17) тармақшадағы "өндірілген және" деген сөздерден кейін "осы аумақтан" деген сөздермен толықтырылсын;
90) 226-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"226-бап. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты
айналымдар";
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй ғимаратын өткізу және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:";
2) тармақшадағы "ғимаратты" деген сөз "тұрғын үй ғимаратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
91) 227-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар;";
92) 234-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;";
93) 235-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "1-1," деген цифрлар алып тасталсын;
1-1) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы "8" деген цифр "9" деген цифрмен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып сатып алғанда бақылау-касса машинасының чегінде көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.";
3-тармақ алып тасталсын;
94) 237-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиіс." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) осы Кодекстің 209-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік күшін жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиіс.";
95) 238-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 235-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларының негізінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан басқа, туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша міндеттемелер күмәнді болып танылады және осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиіс.";
3-тармақ алып тасталсын;
96) 240-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тауарлар сатып алынатын күні қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес олар жөнінде қосылған құн салығы бойынша есепке алу көзделмеген қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткізу кезінде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін сату жөніндегі айналымға тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма қосылады.";
97) 242-баптың 8-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізген жағдайда;";
98) 246-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің қалауы бойынша күнтізбелік ай не тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.";
2-тармақта:
"кем" деген сөз "астам" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тоқсан" деген сөз "күнтізбелік ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
99) 250-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеуші өзінің өндірістік мұқтаждары үшін әкелетін тауарларға қатысты қолданылады.";
2-тармақта:
бірінші бөліктегі "міндеттемені және" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "Міндеттемелер", "екі" деген сөздер "Міндеттеме", "үш" деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 251-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.