Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.";
101) 252-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"252-бап. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
бойынша қосылған құн салығын қайтару
1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару салық органы қосылған құн салығын төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықты қайтару туралы өтінішін алған кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде және:
1) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы жөніндегі декларация;
2) осы Кодекстің 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшін қажетті құжаттар;
3) осы Кодекстің 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізілгенін растау үшін қажетті құжаттар;
4) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушіге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;
5) өзі өндірген тауарларды осы Кодекстің 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушілерге өткізгенін растау үшін осы Кодекстің 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажетті құжаттар;
6) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
2. Қосылған құн салығын қайтару:
1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушінің аталған салық пен салықтың басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен жүргізіледі.
Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, онда қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын оның құрылымдық бөлімшесінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі.
Егер заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығын заңды тұлғаның осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жолымен де жүргізіледі;
2) тауарлардың импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
3) осы Кодекстің 221-бабына сәйкес төленуге тиіс қосылған құн салығының есебіне есепке жатқызу;
4) қосылған құн салығын төлеушінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған жағдайда қосылған құн салығын қайтару оның дербес салық төлеушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу;
5) қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына ақша аудару жолымен жүргізіледі;
6) қосылған құн салығын төлеушінің салық берешегі болмаған жағдайда, салық төлеуші қосылған құн салығын салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы уақыттағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жолымен қайтаруды талап етуге құқылы.
3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушінің банк шотына қайтару оның салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Егер заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің осы және басқа да салық түрлері бойынша салық берешегі болмаған кезде де жүргізіледі.
4. Егер салықтық тексеру жүргізілген мерзім ішінде қарсы салықтық тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушіге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда және тәртіппен салықтық тексеруді жүргізген салық органының қорытындысы негізінде салықтық тексеру өткізусіз жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексерулер:
бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кезінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асырған берушілерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге;
осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргізілмейтіні;
2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы Кодекске сәйкес осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.
5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
1) шағын бизнес субъектілері;
2) шаруа (фермер) қожалықтары;
3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды.
6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.";
102) 257-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
103) 259-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацындағы "мұқтаждарына" деген сөзден кейін "және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
104) 260-баптың 4-тармағындағы "қажеттеріне" деген сөз "мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
105) 266-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар:
ойын столы;
бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы;
бірнеше ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электронды рулетканы қоспағанда);
тотализатор кассасы;
букмекер кеңсесінің кассасы;
электронды рулетка салық салу объектісі болып табылады.";
106) 271-баптың 8-тармағындағы "Шарап материалын" деген сөздерден кейін "және сыраны" деген сөздермен толықтырылсын;
107) 275-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
108) 278-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Шикі мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшін мыналар түсініледі:
а) шикі мұнайды, газ конденсатын темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифіне ақы төлеу;
б) шикі мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөніндегі шығыстар;
в) шикі мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар.";
109) 278-6 және 278-7-баптардағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
110) 279-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі жұмыстарды" деген сөздер алып тасталсын;
111) 282-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігіндегі "келісім-шарттарға" деген сөздерден кейін "және барлаумен және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қорларын осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндірген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 281-бабында белгіленген тәртіппен солар бойынша төлемдер жүргізеді.";
112) 295-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
113) 296-баптағы ", сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;
114) 297-баптың 2-1, 3-1 және 4-1-тармақтары алып тасталсын;
115) 299-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Роялтиді есептеу мақсатында алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшін тасымалдауға арналған шығыстар деп темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифін қамтитын іс жүзіндегі шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшін) жөніндегі шығыстар, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар түсініледі.";
5-тармақтағы "сатылмаған" деген сөзден кейін "не толық сатылмаған" деген сөздермен толықтырылсын;
116) 301-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
117) 304-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
118) мынадай мазмұндағы 311-1-баппен толықтырылсын:
"311-1. Төлеушілер
Өнімді бөлу жөніндегі келісім-шартта өзгеше келісілмесе, өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер болып табылады.";
119) 314-2-баптағы "15-інен" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
120) 314-3-баптағы "10-ынан" деген сөз "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
121) 316-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "қызмет көрсетудің өтемді шарттары бойынша жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға төленетін төлемдерді қоспағанда) төленетін төлемдер," деген сөздер алып тасталсын;
122) 317-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстің 68-бабының 5-тармағына сәйкес осы тармақ салық төлеушілерге олар өз қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде қолданылмайды.";
123) 323-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы "жер ресурстарын басқару" деген сөздер "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын;
124) 324-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушілер ретінде қарастырылады.";
125) 326-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацындағы "тазарту құрылғылары" деген сөздер "электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
126) 329-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:";
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:";
127) 54-тараудың 5-параграфының тақырыбындағы "орналасқан" деген сөз "үшін бөлінген" деген сөздермен ауыстырылсын;
128) 337-бапта:
тақырыбындағы "орналасқан" деген сөз "үшін бөлінген" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "орналасқан" деген сөз "үшін бөлінген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
129) 340-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.";
130) 341-баптың 3-тармағында мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын;
131) 344-баптың 2, 3-тармақтарындағы "15" деген цифрлар және 5-тармағындағы "15-інен" деген сөз тиісінше "20" деген цифрлармен және "20-сынан" деген сөзбен ауыстырылсын;
132) 348-1-баптың 3-тармағындағы "жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар," деген сөздер алып тасталсын;
133) 351-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "заңды тұлғалар" деген сөзден кейін ", сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.";
134) 353-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негізгі құралдардың құрамдас бөліктері.";
135) 354-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес айқындалған бағалау міндеттемелері (қайта монтаждаудың есептік құны, активті жою және учаскені қалпына келтіру) салық салу объектілерінің қалдық құнына кірмейді.";
136) 359-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "15" деген цифрлар "20" деген цифрлармен ауыстырылсын;
137) 361-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "мүгедектер." деген сөз "мүгедектер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.";
138) 363-баптың бірінші абзацындағы "және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын" деген сөздер алып тасталсын;
139) 368-баптың 3-тармағындағы "және салық сомаларының бюджетке төленген фактісін растайтын" деген сөздер алып тасталсын;
140) 369-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
"(тұрақты үлгі бөлімдерде)" деген сөздер "(оқшауланған блоктарда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шағын бизнес субъектілеріне арналған" деген сөздер алып тасталсын;
141) 370-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "132-134-баптарын, 135-бабының 2-тармағын," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "күнтізбелік жыл" деген сөздер "он екі ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
142) 373-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды:
1) қызметі ауық-ауық сипаттағы жеке тұлғалар;
2) осы Кодекстің 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар жүргізеді.
Нарықтағы қызметті жалдамалы қызметкер жүзеге асырған жағдайда біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жүргізеді, сондай-ақ оны дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атынан жалдамалы қызметкер немесе оның өкілі қызметкердің біржолғы талон алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенімхатын және салық төлеуші (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға) куәлігінің көшірмесін көрсеткен кезде жүргізуі мүмкін.";
143) 374-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданудың әрбір он екі ай мерзімі ішіндегі табысы 2,0 млн. теңгеден аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салық органы патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлерді осы тармақта көрсетілген жағдайларды белгілеу кезінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне жоғарыда аталған өтінішсіз ауыстыруға құқылы.";
3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті табыс етеді.
Патент дара кәсіпкерге кемінде бір ай мерзімге және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.";
"5. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұрған жағдайда, дара кәсіпкер қызметін жүзеге асыратын жердегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті береді.";
144) 378-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Арнаулы салық режимінен өз еркімен шыққан кезде шаруа (фермер) қожалығы есепті кезеңнен кейінгі салық мерзімінен бастап салықтарды есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде көшеді.";
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
"жыл сайын" деген сөздер алып тасталсын;
"20 ақпаннан" деген сөздер "осы арнаулы салық режимі қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан (бірінші салық кезеңінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "алған күні" деген сөздер "алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
145) 382-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жер ресурстарын басқару" деген сөздер тиісінше "жер қатынастары" деген сөздермен ауыстырылсын;
146) 383-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін айлық есептік көрсеткіштің 20 проценттік ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған тиісті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.";
147) 384-баптың 4) тармақшасындағы "декларацияны" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
148) 385-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) филиалдардың, өкілдіктердің;";
149) 390-бапта:
2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "декларацияны" деген сөз "ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
150) 68-тараудың тақырыбындағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;
151) 398-баптың 1-тармағындағы "тіркегені" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені" деген сөздермен толықтырылсын;
152) 399-баптағы "заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
153) 70-1-баптың тақырыбындағы "кепілін" деген сөзден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
154) 406-1-баптың 1-тармағында:
"Жылжымалы мүлік кепілін" деген сөздерден кейін "және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
"жылжымалы мүлік кепілін" деген сөздерден кейін ", кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын" деген сөздермен толықтырылсын;
155) 406-2-баптың 1-тармағындағы "кепілін тіркеуді жүзеге асыратын" деген сөздер "кепілі туралы шартты, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы шартын жасасқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
156) 72-тараудың тақырыбындағы "Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді" деген сөздер "Көлік құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
157) 410-баптың 1-тармағында:
"Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді" деген сөздер "Көлік құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тіркемелерді" деген сөзден кейін ", теңіз, өзен және шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
158) 411-баптың 1-тармағындағы "пайдаланатын" деген сөзден кейін ", теңіз, өзен және шағын көлемді кемелері, азаматтық әуе кемелері бар" деген сөздермен толықтырылсын;
159) 73, 73-1 және 74-тараулар алып тасталсын;
160) 430-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алым төлеу аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.";
161) 431-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.";
162) 438-баптың 1-тармағындағы "беру" деген сөзден кейін "(қайта ресімдеу)" деген сөздермен толықтырылсын;
163) 445-баптың 3-тармағындағы "Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері" деген сөздер "Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
164) 447-баптағы "2-тармағында" деген сөздер "2, 4-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
165) 448-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
166) 450-бапта:
1-тармақтағы "ақысы", "және (немесе) декларацияны" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігі 2-1-тармақ болып есептелсін;
3-тармақ алып тасталсын;
167) 451-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "су ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Су ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық" деген сөздер "Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы өңірлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
168) 453-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мыналарды:
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын каналдарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған су шығындарын;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;";
169) 454-баптың 2-тармағындағы "cy ресурстарын басқару жөніндегі" деген сөздер "cy қорын пайдалану және қорғау саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
170) 455-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
171) 456-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;
172) 458-бапта:
1-тармақтағы "ақы төлемдері сомасының есеп-қисабы мен декларацияны" деген сөздер "төлемдер сомасының есеп-қисабын" деген сөздермен ауыстырылсын;