Республикасындағы көздерден алған табыстарына салық салуға қатысты
қолдану тәртібі
1. Салық агентінің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарды резидент емес жеке тұлғаға төлеу кезiнде, егер осындай резидент емес жеке тұлға табыстардың түпкілiкті алушысы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқығы болса, резидент емес жеке тұлға оны қолдануға өтініш бермесе де, резиденттіктi растайтын құжаттың негізінде тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Салық агенті салық органына берiлетiн төлем көзiнен табыс салығы жөніндегі есепте халықаралық шарттарға сәйкес төленген (есептелген) және салық төлеуден босатылған табыстардың сомаларын, табыс салығының ставкаларын және осындай халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге мiндеттi.
Халықаралық шартты мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соқтырған заңсыз қолдану кезiнде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес жеке тұлға халықаралық шарттың талаптарын орындау кезiнде осы шартты қолдануға құқылы.
Бұл ретте резидент емес жеке тұлға осы Кодекстің 527-бабында белгіленген тiркеу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешіктiрмей тiркеу орны бойынша салық органына, не осы Кодекстiң 190-бабында көрсетiлген, халықаралық шартқа cәйкec Қазақстан Республикасында салық салудан босатылуға жататын табыстарды алған жағдайда осы Кодекстің 172-бабында белгіленген жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру мерзiмiнен кешіктірмей резиденттікті растайтын құжатты беруге мiндетті.
Резидент емес жеке тұлға резиденттіктi растайтын құжатты осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде бермеген кезде резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Бұл ретте тиісті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстардан мемлекеттік бюджетке табыс салығын төлеген жағдайда, мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 198-1-бабында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
201-1-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-II Заңымен енгізілді; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңының редакциясында.
202-бап. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды.
203-бап. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш беру кезiнде қойылатын жалпы талаптар
Осы Кодекстiң 198 және 198-1-баптарын қолданған жағдайда, мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiштi салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:
1) өтiнiшпен бiрге:
жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) немесе өзге де мақсаттарға жасалған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердiң) көшiрмелерiн;
резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетiле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тiзiлiмi үзiндi жазбасының) көшiрмелерiн;
резидент еместің әр түрлi жұмыстарды орындаған кезiнде - орындалған жұмыстардың актiсiн, құрылыс жұмыстарын орындаған кезiнде - объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс алғанын растайтын шотты немесе төлем құжатын табыс еткен;
2) салық агентi есептелген және (немесе) төленген табыстар және ұстап қалған салықтар сомасын растайтын бухгалтерлiк құжаттарды табыс еткен;
3) Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан өтiнiш берушiнiң мемлекетiнің құзыреттi немесе уәкiлеттi органы өтiнiш берушiнiң резиденттiгiн растаған кезде (аталған өтiнiш бланкiсiнде немесе резиденттiктi растайтын құжатты қоса отырып). Бұл орайда осы баптың және осы Кодекстiң 193-201-2-баптарының мақсаттары үшiн тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес резиденттiк еліндегі өзiнiң тiркелу деректерi өзгерген жағдайда аталған баптарда белгiлеген тәртiппен өзгерген деректердi ескере отырып, резиденттiгiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптарының бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қойылған қол мен резидент еместің резиденттiгiн растаған органның мөрiн (резиденттiгiн растайтын құжатты) дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруды жүзеге асырған кезде қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды.
203-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
204-бап. Қазақстан Республикасында салықтың ұсталған және төленген сомалары туралы анықтама
Резидент еместің талап етуi бойынша салық органы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұстап қалған салықтардың сомалары туралы анықтама бередi.
8-бөлім
Қосылған құн салығы
32-тарау
Жалпы ережелер
205-бап. Қосылған құн салығы ұғымы
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
206-бап. Салық салу объектiлерi
Мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.
207-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
207-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
33-тарау
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар
1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Өткізу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткізу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткізу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
3. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 15000 еселенген шамасын құрайды.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Мемлекеттік мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
6. Егер осы Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттік орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
8. Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
9. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күніндегі тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
10. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.
208-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
208-1-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын орын
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
3. Егер осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.
208-1-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 312-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
209-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiк
1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
2) осы Кодекстiң 523-бабына сәйкес салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
3) тұлға осы Кодекстiң 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болған күн көрсетiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және салық төлеушiге ақша төлетпей берiледi.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктің нысаны мен оны беру тәртібін осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөнiндегі куәлiк қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс.
Қосылған құн салығын төлеушiнiң атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiгi атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде уәкілеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ауыстырылуға тиiс.
209-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
210-бап. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару
1. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң соңғы он екi айлық кезеңдегi салық салынатын айналым мөлшерi салық салынатын ең төмен айналым мөлшерiнен аспаса, ол тiркелген жеріндегі салық органына өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушi мұндай құқықты өзiн қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
2. Егер қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметi тоқтатылған салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей, өзiн қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық органы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және осы Кодексте белгіленген салық есептілігiн беру мерзiмiнен кейiн алты ай кезең iшiнде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды қосылған құн салығын төлеушiнi хабардар етпестен, уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
3. Қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиiс.
4. Осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер осы баптың ережелерiне сәйкес келетiн, қосылған құн салығы бойынша өзiн есептен шығару туралы өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушi болуын тоқтатады.
5. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның iшiнде негiзгi құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Қосылған құн салығын төлеушi - заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
210-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
34-тарау
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
211-бап. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу бойынша айналым
1. Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:
1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
тауарды сатуды;
тауарды тиеп жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды;
тауар экспортын;
тауарды тегiн берудi;
жарғылық капиталға жарна төлеудi;
жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен тауар беруiн;
2) тауарды төлем мерзiмiн ұзарту шартымен тиеп жөнелтудi;
2-1) мүлiктi қаржы лизингiне берудi;
3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтудi;
4) қарызды төлемеген жағдайда кепiл берушiнiң кепiлге қойылған мүлкiн (тауарын) беруiн;
5) кәсiпкерлiк қызмет мақсаты үшiн сатып алынған тауарды кәсiпкерлiк қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшiн, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы қызметкерлерiнiң, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшiн пайдалануын;
6) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес бiр заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлерi болып табылатын бiр құрылымдық бөлiмшесiнiң екiншi құрылымдық бөлiмшесiне тауар жөнелтуiн;
7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішiнде олардың тегiн орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
1) мүлiктi уақытша иелiкке берудi және мүлiктi жалдау (жалгерлiк) шартымен пайдалануды;
2) санаткерлiк меншiк объектілеріне, соның iшiнде жарғылық капиталға салым ретiнде берiлетiн құқықтар беруді;
3) жұмыс берушiнiң жалдамалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн;
4) осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуiн бiлдiредi.
3. Мыналар:
1) бiрлiгiнiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау;
2) тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп жөнелтуi. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
3) қайтарылатын ыдысты тиеп жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткізу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөніндегі шартта (келісім-шартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгiзiледi;
4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
5) шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе;
6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
211-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
212-бап. Салық салынатын айналымды анықтау
1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу орны осы Кодекстiң 215-бабына сәйкес белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.
213-бап. Салық салынатын импорт
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар (осы Кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
214-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Сенім бiлдiрiлген адамның сенім білдiрушiнiң атынан және соның есебiнен тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенім бiлдiрілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
1) сенім бiлдiрiлген адамның сенім бiлдiрушiге орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес сенім бiлдiрушiден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенім бiлдiрiлген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады.
215-бап. Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткізу орны
1. Тауарды өткізу орны болып:
1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.
2. Жұмыстарды, қызметтердi өткізу орны болып:
1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;
2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын орны;
3) егер қызметтер мәдениет, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң нақты көрсетiлетiн орны;
4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:
санаткерлiк меншiк объектілерін пайдалануға құқық беру жөніндегі;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерге;
қызметкерлердi беру жөніндегі;