4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын жүргiзедi.
5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiнде көрсетiледi.
Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiне салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын жеке еңбек шартының (келісім-шарттың, келісімнiң) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.
6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.
7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетiлген есеппен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.
191-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңының редакциясында.
192-бап. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебi және жеке
табыс салығы жөніндегі декларация
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабында белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiнде - есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн оны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн тiркелген жерi бойынша салық органдарына қосымша табыс етуге мiндеттi.
2. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 191-бабының 1-тармағында көрсетілген;
2) осы Кодекстiң 190-бабының 1-тармағында белгіленген табыстарды алатын;
3) Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен астам уақыт кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын және салық кезеңі iшiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60 еселенген ең төменгi жалақының мөлшерiнен астам табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстің 172-бабында белгiленген мерзiмнен кешiктірмей тiркелген жерi бойынша салық органдарына жеке табыс салығы жөнiндегі декларацияны табыс етедi.
192-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
31-тарау
Халықаралық шарттар бойынша арнаулы ережелер
193-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы
1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа немесе мүлiкке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрi осы Кодекстiң 193-204-баптарының мақсатында - халықаралық шарт) ережелерi осындай шарт жасасқан мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi халықаралық шарттың ережелерiн халықаралық шарт жасасқан мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесiнде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылмайды.
194-бап. Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу тәртібі
Халықаралық шарттар әкiмшiлiгiн жүргiзу осы Кодекстiң 193-204-баптарының ережелерiне сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
195-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында
резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын
шегерiмге жатқызу әдiстерi
1. Егер Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау кезiнде оның Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiп тастауға халықаралық шарттың ережелерiмен жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы мынадай әдiстердiң бiрi бойынша:
1) шығыстарды барабар бөлу әдiсi;
2) шығыстарды шегерiмге тура (тiкелей) жатқызу әдiсi бойынша анықталады.
2. Резидент емес заңды тұлға басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызудың аталған әдiстерiнiң бiрiн дербес таңдайды.
3. Басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар шегерiмiн тұрақты мекемеге жатқызу әдiсi (шығыстарды барабар бөлудiң әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеп шығару тәртібін қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсе отырып қана өзгертiлуi мүмкiн.
196-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдiсi
1. Барабар бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде осы Кодекстiң 195-бабында аталған, тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы осындай шығыстар мен есептiк көрсеткiш сомаларының туындысы ретiнде анықталады.
2. Есептiк көрсеткiш мына тәсiлдердің бiрi:
1) резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
2) орташа мөлшерiн үш көрсеткiш бойынша анықтау:
резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырудан түсiрген жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша қаржылық есебiнде ескерiлген негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негiзгi құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі салық кезеңiнiң соңындағы жай-күйi бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердiң тұтас алғанда осындай салық кезеңiнде еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады.
Есептiк көрсеткiштi есептеп шығарудың жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес заңды тұлға дербес анықтайды.
3. Есептесу жолымен анықталған басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
4. Растайтын құжаттар мыналар:
1) резидент емес заңды тұлғаның қаржы есептілігiнiң көшiрмесi, онда резидент емес заңды тұлға анықтаған есептiк көрсеткiшке байланысты:
тұтас алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;
тұтас алғанда қызметкерлердiң еңбекақы бойынша шығыстарының жалпы сомасы;
тұтас алғанда негiзгi қаражаттың бастапқы және қалдық құны;
әрбiр бап бойынша шығыстардың ажыратылған жазбасы, оның iшiнде басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасының ажыратылған жазбасы көрсетiледi;
2) резидент емес заңды тұлғаның (мұндай тұлғаның қаржылық есептілігiнiң аудитi жүзеге асырылған кезде) қаржылық есептілiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық есептің көшiрмесi болып табылады.
5. Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жататын аталған шығыстар сомасының есебi Қазақстан Республикасының тиiстi салық органына тапсырылатын корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қоса тiркеледi.
6. Барабар бөлуге жататын басқару және жалпыәкiмшiлiк шығыстар сомасы салық есептілігiнде көрiнiс таппаса, мұндай шығыстар тұрақты мекеменiң шегерiмiне қабылданбайды.
196-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
197-бап. Шығыстарды шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсi
1. Резидент еместiң басқару немесе жалпыәкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсiн пайдалану кезiнде, егер мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсаты үшін тура анықталса және тікелей келтiрiлген болса, онда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылады.
Аталған шығыстар растайтын құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатады.
2. Растайтын құжаттар мыналар:
1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар;
2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттардың көшiрмелерi.
198-бап. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып
келмейтiн қызметiнен түскен табыстарынан табыс салығын шартты банк
салымдары арқылы төлеу тәртібі
1. Осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібі, егер осы Кодекстiң 199-201-2-баптарында өзгеше көзделмесе, осы баптарда аталған табыстарды қоспағанда, резидент еместің халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түскен табысына қолданылады.
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын осы баптың 1-тармағында аталған резидент еместің осы бапта көзделген табыс салығын төлеу тәртібін қолдануға құқығы бар. Осы баптың ережелерiн қолданбаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен жеке табыс салығын ұстап қалып, мемлекеттік бюджетке жалпы белгiленген тәртiппен аударуға мiндеттi.
3. Табыс табатын резидент емес, салық агентi және салық агентi белгiлеген резидент-банк (бұдан әрi - банк) осы баптың ережелерiн ескере отырып, шартқа қатысушылармен келiскен нысан бойынша шартты банк салымы туралы шарт жасасады.
Осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзiнен табыс салығын төлеу күнiне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агентi төлем көзiнен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуға мiндеттi.
4. Салық агентi:
1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берiлетiн мұндай шартты өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органында тiркеуге;
2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екi жұмыс күнi iшiнде өзiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi.
5. Осы баптың ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана қолданылады. Бұл ретте талаптары осы баптың ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар тiркелуге тиiс.
6. Резидент емеске табыс төлеу кезiнде салық агентi осы Кодекстің 180-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және ұстап қалған салық сомасын резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына аударуға мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталуына қарай және халықаралық шарт талаптарын орындау кезiнде резидент емес табыс салығының бұрын ұсталған сомасын қайтару мақсатымен салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiп пен нысан бойынша өтiнiш табыс етедi.
8. Салық органы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмнен кешіктiрмей аталған өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қарайды, өтiнiш бойынша шешiм қабылдап, резидент емеске және банкке хабарлайды.
9. Ұсталған табыс салығын қайтаруға салық органы куәландырған өтiнiштi алған кезде, банк осындай өтiнiштi берген резидент емеске есептелген банк сыйақыларымен бiрге өтiнiште көрсетiлген шекте шартты банк салымындағы сомаға иелiк етуге құқық бередi.
10. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда резидент еместiң осындай шешiмдi алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде не белгіленген мерзім өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда оның шешiмiне шағымдану туралы бiр мезгiлде салық органына хабарлай отырып, халықаралық шарттың ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға (қажет жағдайда, резиденттiк елдiң құзыреттi органын тарта отырып) өтiнiш жасауға құқығы бар.
11. Өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылданған кезде және резидент еместен салық органының шешiмiне шағымдану туралы хабарламаны белгiленген мерзiм iшiнде алмаған жағдайда салық органы халықаралық шарттың ережелерiн қолданудан бас тарту туралы хабарламаны резидент емес алған күннен бастап он жұмыс күнi өткен соң, резидент еместiң табыстарын салық салудан босатудан бас тартуды куәландыратын құжатты қоса тiркеп, өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған соманы есептелген банк сыйақыларымен бiрге мемлекеттік бюджетке аудару туралы инкассолық өкiмдi банкке жiбередi.
12. Банк инкассалық өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттік бюджетке аударуға мiндеттi.
Өндiрiп алынған салықтың осындай сомасы резидент еместің мемлекеттік бюджет алдындағы мiндеттемесiн өтеу есебiне есепке жатқызылады.
13. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетелдiк валютада ашылады. Шартты банк салымдары шетелдiк валютада ашылған жағдайда, табыс салығының және банк сыйақыларының сомасы бюджетке салық төлеген кездегi валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютамен аударылады.
14. Резидент еместің және салық агентiнің салық органы қандай да бiр шешiм қабылдағанға дейiн шартты банк салымында орналасқан табыс салығы сомасына иелiк етуге құқығы жоқ.
15. Шартты банк салымы туралы шарттың ережелерi бұзылған және табыс салығының ұстап қалған сомасы мемлекеттік бюджетке банктiң кiнәсiнен уақытылы аударылмаған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
16. Шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын мемлекеттік бюджетке аудару жөніндегі мiндеттемелердi банктiң орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, төлем көзiнен табыс салығын, банк сыйақыларын және мемлекеттік бюджетке салықты дер кезiнде аудармағаны үшiн айыппұл санкцияларын аудару жөніндегі мiндеттемелер салық агентiне жүктеледi.
16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнeн кешiктiрмей салық агенттерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша есеп беруге мiндеттi.
17. Салық органдары:
1) шартты банк салымдарында орналастырылған;
2) халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
3) мемлекеттік бюджетке аударылған табыс салығының сомасына есеп жүргiзiп отыруға мiндеттi.
198-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
198-1-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған
табыстарынан төленген табыс салығын мемлекеттік бюджеттен қайтару тәртібі
1. Тиiсті халықаралық шартты қолдануға құқығы бар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарынан мемлекеттік бюджетке табыс салығы төленген жағдайда мұндай резидент еместің төленген табыс салығын осы Кодекстiң 38-бабында белгіленген талап қою мерзiмiнiң ішінде мемлекеттік бюджетін қайтарып алуға құқығы бар.
Бұл ретте Резидент емес салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда халықаралық шартты қолдануға өтінiш бередi.
2. Салық органы уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмнен кешiктірмей өтінiш қарайды және өтiнiште көрсетілген ақпарат дұрыс болған жағдайда резидент емеске осы Кодекстiң 40-бабында белгiленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен табыс салығы сомасын қайтаруды жүргiзедi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн қолдану заңсыз болған жағдайда салық органы одан бас тартуын негiздеп, резидент емеске жауап жiбередi.
4. Салық органының бұл шешімiмен келіспеген жағдайда резидент еместiң мұндай шешiм алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде не белгіленген мерзiм өткен соң салық органының шешімі болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органға (қажет болған жағдайда резиденттік елдiң құзыретті органын тарта отырып) халықаралық шарттардың ережелерiн қолданудың заңдылығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтініш жасауға құқығы бар.
198-1-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлдi.
199-бап. Халықаралық шартты халықаралық тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден
түскен табыстарға салық салуға қатысты қолдану тәртібі
1. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен, халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын табыстар, егер оның Қазақстан Республикасында осындай қызметпен байланысты тұрақты мекемесi болса, резиденттiгiн растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтінiш бермей салық салудан босатылуға тиiс.
Бұл ретте, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден түскен (халықаралық шартқа сәйкес салық салуға жатпайтын) және Қазақстан Республикасының аумағында көлiк қызметiн көрсетуден түскен (салық салуға жататын) табыстар сомасына бөлек есеп жүргiзуге, сондай-ақ аталған табыстарды корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетуге мiндеттi.
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларациядағы салық салынатын табыстың жалпы сомасы бөлек есеп жүргiзу негiзiнде есептелген, халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуға тиiс салық салынатын табыстың сомасына азайтылады.
Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбау салықты мемлекеттік бюджетке төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Қазақстан Республикасы тараптардың бiрi болып табылатын, резидент еместiң тұрақты мекемесiмен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдаланудан түскен кiрiстi резидент емеске төлеу кезiнде салық агентi, егер мұндай резидент емес табысты түпкiлiктi алушы болса және халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқығы болса, резиденттiгiн растайтын құжат болған жағдайда тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы.
Салық агентi салық органына берiлетiн төлем көзiнен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) кiрiстi және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерiн заңсыз қолданған жағдайда салық агентi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
199-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
200-бап. Халықаралық шартты резидент еместің Қазақстан Республикасындағы
көздерден алған табыстарының жекелеген түрлерiне салық салуға қатысты
қолдану тәртібі
1. Салық агентінің табыстарды резидент емеске төлеу кезінде, егер осындай резидент емес табыстарды түпкіліктi алушы болып табылса және халықаралық шартты қолдануға құқылы болса, оны қолдануға өтініш бермесе де, резидент емес ұсынған резиденттіктi растаушы құжат негізiнде осындай халықаралық шартты қолдануға құқығы бар.
Ocы бапта белгіленген халықаралық шарттардың қолдану тәртібі резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының мынадай түрлерiне:
1) дивидендтерге;
2) сыйақыларға (проценттерге);
3) роялтиге;
4) сенімгерлік басқару мен кастодиандық қызмет көрсету үшін комиссияларға;
5) осы Кодекстің 178-бабының 2) тармақшасында көрсетілген, ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағында осы резидент емес жұмыстар орындайтын келісім-шарттарға (жобаларға) байланысты емес, тек қана Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қызмет көрсетуден алынатын табыстарға;
6) осы Кодексте халықаралық шарттарды қолдану жөніндегі әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленбеген, халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға жататын, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған өзге де табыстарға салық салуға қатысты қолданылады.
2. Салық агентi салық органына ұсынатын төлем көзiнен алынатын табыс салығы бойынша есеп-қисапта халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес төленген (есептелген) табыстар мен ұсталған салықтардың сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге мiндеттi.
3. Салық агентiнiң халықаралық шарт ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
200-бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; бап және тақырыбы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
201-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен таза табысқа
салық салуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер резидент емес халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiптен өзгеше тәртібі көзделген болса, мұндай резидент еместiң резиденттiктi растайтын құжат негiзiнде халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға өтiнiш бермей-ақ таза табысқа салық салуға қатысты халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар.
2. Резидент емес заңды тұлға корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда ставканы, таза табысқа салынатын салық сомасын және оның негiзiнде тиiстi салық ставкасы қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге мiндеттi.
3. Халықаралық шарттың ережелерiн дұрыс қолданбауы мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан жағдайда салық төлеушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
201-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
201-1-бап. Халықаралық шартты резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан