3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.
224-2-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы № 140-ІІІ Заңымен енгізілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
37-тарау
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт
225-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
1) пошталық ақы төлеудiң мемлекеттік белгiлерi;
2) акциздiк маркаларын (осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау маркалары);
3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтердi;
4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);
6) мемлекеттік меншiктi жекешелендiру тәртібімен өткiзiлетiн мүлікті;
6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiк;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердiң пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік кәсiпорындар пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;
8) жарғылық капиталға жарналарды;
9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;
10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;
11) оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткізу бойынша айналымды;
12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдар;
12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимiнде әкелiнген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметiн көрсету; халықаралық рейстерге көрсетiлетiн қызметтер бойынша теңiз айлақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнiнде қызмет көрсету;
13) осы Кодекстiң 226-233-баптарында көрсетiлген өткізу;
14) ұлттық валюта;
15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу жөніндегі айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа);
16) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды;
18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткiзiлетiн, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыру процесiнде тұтынылатын тауарларды;
19) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы № 140-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
225-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 182 Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
226-бап. Жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналымдар
1. Тұрғын үй қорындағы ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткізу және (немесе) осындай ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
2) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын ғимаратты (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткізудi немесе жалға берудi;
3) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
2. Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билiк ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.
226-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
227-бап. Қаржылық қызмет көрсетулер
1. Егер қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиялары негiзiнде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын операциялар:
депозиттердi қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат металдардың нақты саны көрсетiлетiн жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;
аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
заем операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беру;
факторингтiк және форфейтингтiк операциялар;
жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуын жүзеге асыру;
сенімгерлiк (траст) операциялары: сенім бiлдiрушiнiң мүддесi үшiн және тапсырмасы бойынша ақшаны, тазартылған қымбат металдар мен бағалы қағаздарды басқару;
банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргiзу және клирингке қатысушылардың - банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
ломбард операциялары: депозиттелетiн тез сатылатын бағалы қағаздар мен өзге де жылжымалы мүлiктiң кепiлi бойынша қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау ақшалай нысанда орындауды көздейтiн кепiлдiктер беру аккредитивтi ашу (шығарып қою) мен растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдап алу, беру, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, буып-түю және сақтау;
құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаздарды сақтау;
үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн және өзге де мiндеттемелер беру;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызметтерi және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөнiнде сақтандыру брокерлерiнiң (сақтандыру агенттерiнің) қызмет көрсетуi;
4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жасалатын операциялар;
5) зейнетақы активтерiн, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорларының активтерiн басқару жөнiнде инвестициялық қызметтер көрсету;
5-1) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету;
6) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту жөнiнде зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнiнде көрсететiн қызметтерi;
7) кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн өткізу.
8) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар. 1. Егер қаржылық қызмет көрсетулер бойынша айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
1) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын мынадай банк операциялары және өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде лицензиясыз өзге заңды тұлғалар жүргізетін операциялар:
депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдардың және қымбат бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі;
аударым операциялары;
банктік заем операциялары;
банкаралық клиринг;
кассалық операциялар;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
сенімгерлік операциялары: сенімгердің мүддесі үшін және тапсырмасы бойынша банктер жүзеге асыратын ақшаны, тазартылған бағалы металдарды басқару;
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі;
банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;
2) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызмет көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензиялар негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі ұйымдардың қызмет көрсетуі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банктің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялары;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;
4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;
5) зейнетақы активтерін, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;
6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;
8) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;
9) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;
10) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беруі;
11) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау;
қарыз беру операциялары: төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
кассалық операциялар;
кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілдемелер және өзге міндеттемелер беру.
227-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ, 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
228-бап. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай талаптар сақталған жағдайда:
1) мұндай беру осы Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.
2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар және төменде тiзiп көрсетiлген шарттардың бiрi сақталған кезде:
1) егер берiлетiн мүлiктiң импорты осы Koдекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса;
2) егер берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
228-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
229-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер
Осы Кодекстiң 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтердi көрсету бойынша айналымдар, егер олар:
1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;
2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және дiни қажеттілік заттарын өткізуiне;
3) мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.
229-бап. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
230-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.
Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:
жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;
барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған келісім-шарттың;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттік сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.
230-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңының редакциясында.
230-1-бап. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер
Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жаңа объектiлердi салу кезіндегі жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.
Салықтан босату салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердiгер) Қазақстан Республикасы Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететiн қызметтерге қатысты қолданылады.
Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен бекітіледi. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi мен құны әрбiр жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негiзге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны iске асыру үшiн қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшелiктерiн ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиiс.
230-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілді.
231-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:
1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөніндегі;
2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк білім беру; қайта даярлау және біліктілігiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру;
3) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;
4) кiтапхана қызметiн көрсету жөніндегі;
5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.
232-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер
1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша айналымдар:
1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;
3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
233-бап. Кәсiпорынды сату
1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң бiреуi екiншi бiр қосылған құн салығын төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн өткізуi:
1) берiлетiн активтерiн, оларды қалыптастыру көздерiн және (немесе) олар бойынша мiндеттемелердi көрсете отырып, кәсiпорынның тарату балансы және (немесе) бөлу мен беру балансы негiзiнде;
2) осы тармақта көзделген, айналым жасалғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиісті салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөніндегі операцияға қатысушылардың екеуi де қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құн салығынан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт беретiн құқықтарды қайтадан басқа бiреуге берген жағдайда да қолданылады.
234-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
1. Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:
1) ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдем көрсету;
5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорты;
7) дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар импорты.
Осы тармақшада аталған тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;
8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты;
9) ақша белгілерi өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорты;
9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;
10) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды;
11) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты;
12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.
Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.