2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық қызметiнiң жоғары тұрған органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаны өзгерiссiз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
2) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жою.
555-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
556-бап. Жоғары тұрған салық органы шешiмiнің мазмұны
Шағымдарды қарау нәтижелерi бойынша жоғары тұрған салық органының шешiмiнде:
1) шешiм қабылданған уақыт пен орын;
2) салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органының атауы;
3) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
4) салық тексеруi актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәнi;
6) шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алынған салық заңдарының ережелерiне сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
557-бап. Салық қызметiнiң жоғары тұрған органына шағым берудің салдары
1. Салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiнің шағым беруi салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның орындалуы салық қызметiнiң жоғары тұрған органының жазбаша шешiмi шығарылғанға және осы Кодекстiң 557-2-бабының 1-тармағында аталған кезең аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Салық тексеруi актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актісiнiң де күші жойылады.
557-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
100-1-тарау
Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қараудың тәртібі
100-1-тарау Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлдi
557-1-бап. Шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттік органда қайта қарау
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қарау жөніндегі өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
3. Уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
557-2-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағымданудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстiң 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметiнiң жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда он жұмыс күнi iшiнде берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкін.
3. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстiң 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметiнiң жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
557-2-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
557-3-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстiң 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметiнiң жоғары тұрған органы шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.
557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган қарайды.
Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш берушi - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жiбередi.
557-4-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағым бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шешiмiнiң мазмұны
Уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнiң қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.
557-8-бап. Қосымша тексеру жүргiзудiң тәртібі мен мерзiмдерi
1. Салық қызметi органы салық төлеушiнiң шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Шағымды қараудың мерзiмi қосымша тексерудi өткізу кезеңiнде тоқтатыла тұрады.
4. Айқындық жеткiлiктi болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудiң барысында бұрын тексерiлген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексерушi орган қайта тексерудi тағайындауға құқылы.
5. Шағым бойынша шешiм қосымша тексерудiң нәтижелерiн ескере отырып шығарылады.
558-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
559-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
560-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
561-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
562-ап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
563-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
564-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
565-бап. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен алынып тасталды.
101-тарау
Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
566-бап. Шағымдану құқығы
Әрбiр салық төлеушiнiң жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.
567-бап. Шағымдану тәртібі
Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен шағым жасалады.
568-бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
Салық қызметi органдарының салық заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
568-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, 2001 жылғы 12 маусым
№ 209-ІІ ҚРЗ