жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беру жөніндегі қызметке;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келісім-шартқа) негiзгi қатысушының атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне;
байланыс қызметiне;
туризмдi ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге қатысты қолданылады;
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн) тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны танылады.
3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізу басқа негiзгi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткізуге қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзiлген жер осындай көмекшi өткізу орны болып танылады.
4. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты үшiн, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны бiреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткiзiлген орын болып есептеледі.
5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi болып белгiленедi.
215-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
216-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күнi
1. Егер осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Егер тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi:
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Осы Кодекстiң 211-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
Осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында аталған жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi есептен шығару туралы өтiнiш берген салық кезеңiнiң соңғы күнi өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
2-1. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде мыналар өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген мерзiмдiк лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi;
2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, онда мүлiктi қаржы лизингiне берген күн айналымды жасау күнi болып табылады;
3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлi есеп айырысқан күн қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.
2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы лизингiне берген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде:
1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң;
2) мемлекеттік қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттік нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi болып орындалған:
1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;
2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетiлген жағдайда басталады.
4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда:
1) қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура жазылған күннiң;
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.
Жұмысты (көрсетiлетiн қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген күні пайдалана алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде жұмыстар орындау, қызметтер көрсету оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске асыруды бiлдiретiн болады.
5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетiлген күн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
6. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күн айналым жасау күнi болып табылады.
216-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
35-тарау
Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшерін анықтау
217-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi
1. Егер осы бапта және трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады.
2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткізу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.
Аталған тауарларды өткізу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.
3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.
4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткізу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.
5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.
6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
7. Осы Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады.
8. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi:
1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, оларға алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне;
3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы шарт бойынша өткізу жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, осы Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне белгiленедi.
8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде өткізу бойынша айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.
9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады.
217-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
218-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны қандай да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәмiленiң шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;
4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған;
5) осы Кодекстiң 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткізу жөніндегі айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi.
3. Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының мөлшерiн түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзіледi.
218-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
219-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
1. Егер өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай жағдайларда:
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң;
2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.
2. Өткiзілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына арттырылуға тиiс.
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
220-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленетiн импортталатын тауарлардың кедендiк құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары енгізiледi.
220-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
221-бап. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып
табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезiнде
салық салынатын айналым
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi осы баптың мақсаттары үшiн, оған Қазақстан Республикасындағы көздерден төленген табыстың төлем көзiнен ұсталуға тиiс салық сомасы ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске төленуге тиiс сома негiзге алына отырып анықталады.
3. Осы бапқа сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.
Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда салық салынатын айналым айналым жасау күнi валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 247-бабында белгiленген қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етiлетiн мерзiмнен кешiктiрілмей төленедi.
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi.
6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер осы Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
221-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
36-тарау
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
222-бап. Тауарлар экспорты
1. Экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.
2. Осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.
222-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
223-бап. Тауарлар экспортын растау
1. Мыналар:
1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендік ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;
Тауарларды мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.
3) тауардың ілеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткізу актiсi табыс етiледі;
4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:
1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;
2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;
3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;
4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.
223-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ, 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетудi iске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның iшiнде поштаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылармен жолжүктерiн тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінiң жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткізудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауы басталатын жер танылады.
Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.
224-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңының редакциясында.
224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзiлетiн тауарларға салық салу
1. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу және пайдалануға беру процесiнде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткізуге қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
Электр энергиясын, бензиндi, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледi.
2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейiн әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесінде нақты тұтынылу бөлігінде белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің өтініші бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретiн, әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшiн негіздеме болып табылады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшін:
1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектiлердi салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келісім-шарт);
2) тауарлар шығаруды еркiн кеден аймағының кеден режимiнде жүзеге асыратын кеден органы белгі қойған кедендiк жүк декларациясының көшiрмелерi;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.
224-1-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен енгізілді.
224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу
1. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушiге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөніндегі айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектiлердi салу кезеңiнде қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға салынады.
Егер, жер қойнауын пайдалану келісім-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, онда осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды сату жөніндегі айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушiнiң өзi өндiрген, өндiрiс процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметімен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге тауарлардың тиелiп жiберiлгенiн растайтын, тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.
4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:
1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келісім-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келісім-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;