«Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 674 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 шілдедегi
№ 674 қаулысымен
бекітілген
Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесi
1. Жалпы ережелер
1. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына сәйкес құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнімдерді қоспағанда, экспорттық бақылауға жататын өнімнің (бұдан әрі - өнім) транзиті Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
2. Осы Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өнім транзитіне рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды дайындаудың, рұқсат берудің, беруден бас тартудың және оның қолданылуын тоқтата тұрудың рәсімін айқындайды.
3. Осы Ережеде белгіленген талаптар өнім транзитіне байланысты Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына, шетелдік заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Ережеде көзделгеннен өзге нормалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
2. Өтінішті және рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды берудің тәртібi
4. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш (бұдан әрі - өтініш) уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
5. Өтінішке мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне және/немесе орыс тіліне ресми аудармасы бар өтініш берушінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне және/немесе орыс тіліне ресми аудармасы бар өтініш беруші мемлекетінің қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнім транзитіне байланысты қызметті жүзеге асыруға құқықты растайтын құжаттың;
3) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың;
4) сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ ТН) бойынша және бақылау тізімі бойынша кодтарын көрсете отырып, өнімнің номенклатурасы мен көлемі (заттай және құндық мәнде) қоса берілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне және/немесе орыс тіліне ресми аудармасы бар өнімді жеткізуге арналған келісім-шарттың;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне және/немесе орыс тіліне ресми аудармасы бар азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының және/немесе сақтандыру полисінің;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш беруші орналастырған және өнім транзиті кезінде іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты күтпеген шығыстарды өтеу үшін қажетті депозит сомасы туралы банк анықтамасының;
7) өтініш берушінің өнімді физикалық қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенін растайтын құжаттардың және физикалық қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың;
8) жүк алушыдан тәуелсіз себептер бойынша жүкті оған беру мүмкін болмаған жағдайда, өнімді жөнелтушінің осы жүкті қайтадан қабылдауға келісімін растайтын құжаттардың;
9) өтініш берілген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі қозғалыс бағыттарының, әкелудің және әкетудің шекаралық пункттерінің, көлік түрінің Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органымен келісілгенін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
6. Шетел мемлекетінің мемлекеттік органы өтініш беруші болған жағдайда:
1) осы Ереженің 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
2) осы Ереженің 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісім-шарт болмаған жағдайда өнімді жеткізу қажеттігін негіздейтін өзге де құжаттар ұсынылады.
7. Қажет болған жағдайда осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль беру туралы талаптар сақтала отырып ұсынылады.
8. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімді заңсыз алып өтуді болдырмау және оның жолын кесу мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган осы Ереженің 9-тармағына сәйкес осы Ереженің 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
9. Мемлекеттік органдар осы Ереженің 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген, уәкілетті мемлекеттік орган жіберген құжаттарды мынадай номенклатура бойынша он күнтізбелік күн ішінде қарайды:
1) жай қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндіруге байланысты шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, жұмыстар мен қызметтер - Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкілетті органында;
2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондаушы сәуле шығару көздері, қосарлы қолданылатын өнім, жабдықтар мен тиісті технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен қызметтер - Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды реттеу саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарында;
3) халықаралық таратпау режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде қолданылуы мүмкін қосарлы қолданылатын химикаттар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия мен атом өнеркәсібі саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдарында;
4) тізімдері, тізбелері халықаралық таратпау режимдерінде белгіленетін бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде қолданылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық өзгертілген нысандары және генетикалық материалдардың фрагменттері - Қазақстан Республикасының ветеринария, өсімдіктерді қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органында;
5) тізімдері, тізбелері халықаралық таратпау режимдерінде белгіленетін зымыран техникасы, зымыран техникасын жасау кезінде қолданылатын қозғалтқыштар, олардың құрамдауыштары, жабдықтары, материалдар мен технологиялар - аэроғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органда;
6) қызметтік, азаматтық қару мен оның патрондары, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылыс құралдары, пиротехника - Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес саласындағы уәкілетті органында;
7) әскери мақсаттағы өнімге және қосарлы қолданылатын технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, қызметтер мен зияткерлік қызмет нәтижелері - Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы уәкілетті органында.
10. Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
11. Мемлекеттік органдардың ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті мемлекеттік органның транзитке рұқсат беруден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
12. Құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
13. Рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім осы Ереженің 4, 5 және 6 тармақтарында көрсетілген құжаттар түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
3. Рұқсат беру
14. Транзитке рұқсат өнім атауларының санына қарамастан, СЭҚ TH сәйкес кемінде он белгіден тұратын деңгейдегі кодын көрсете отырып, тауардың бір түріне ресімделеді.
15. Транзитке рұқсат өтініш берушіге рұқсат берілген күннен бастап бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге бір транзит операциясын жүзеге асыру үшін беріледі.
Егер өнім транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда транзитке рұқсат автоматты түрде жойылады.
16. Уәкілетті мемлекеттік орган аумақтық кеден органдарына хабарлау үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мөрлердің бедерлерін және рұқсатты растайтын уәкілетті тұлғалар қолдарының үлгілерін ұсынады және уәкілетті тұлғалар өзгерген жағдайда үш күнтізбелік күн ішінде кеден ісі жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды.
17. Уәкілетті мемлекеттік орган үш күн мерзімде кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға транзитке берілген рұқсаттардың көшірмелерін жібереді.
18. Транзитке берілген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берілмейді.
4. Рұқсат беруден бас тарту және оның қолдануын тоқтата тұру
19. Уәкілетті мемлекеттік орган мынадай жағдайларда:
1) осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаса немесе өтініш дұрыс ресімделмесе;
2) рұқсат алу үшін өтініш беруші көрсеткен мәліметтердің дұрыс еместігі анықталса;
3) мемлекеттік органдардың бірі келісуден бас тартса;
4) егер баратын елге немесе жөнелтуші елге оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау туралы міндеттемелер қабылдаған халықаралық ұйымдар мен жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса рұқсат беруден бас тартады.
Рұқсат беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде уәжделген жауап беріледі.
20. Уәкілетті мемлекеттік орган өнім транзитінің шарттары бұзылған:
1) өтініш беруші транзитке рұқсатта қамтылған талаптарды орындамаған;
2) өтініш беруші Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрады.
Берілген рұқсаттың күшін тоқтата тұру туралы шешім өтініш берушіге және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға рұқсаттың қолдануын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзім ішінде жазбаша нысанда хабарланады.
21. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган рұқсаттың жаңартылуы туралы шешім қабылдайды, ол үш күн мерзім ішінде өтініш беруші мен кеден ісі жөніндегі уәкілетті органға жазбаша нысанда хабарланады.
5. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау
22. Уәкілетті мемлекеттік орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес транзитке берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жібереді.
23. Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін уәкілетті мемлекеттік органға осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нақты жүзеге асырылған өнім транзиті туралы ақпаратты жібереді.
Экспорттық бақылауға жататын
өнім транзитінің ережесіне
1-қосымша
1-дана - өтініш берушіге,
2-дана - экспорттаушы елге,
3-дана - кеден органына,
4-дана - уәкілетті органға
Транзитке рұқсат беру
1. № Рұқсат |
2. Жүк жөнелтуші ұйым, мекен-жайы, телефоны |______ |
3. Жүк алушы ұйым, |________ мекен-жайы, телефоны | 7. Жөнелтушінің елі |______ |
4. Жүк тасымалдаушы |________ ұйым, мекен-жайы, телефоны | 8. Алушының елі |______ |
5. Жүк |________ тасымалдаушының елi | 9. Рұқсаттың қолданылу |____ мерзімi |
6. Кеден органы Әкелу |_________ Әкету |_________ | 10. Төлем валютасы |______ | | | | |
11. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 12. СЭҚ ТН бойынша тауар коды | 14. Өлшем бірлігi | 16. Тауардың жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгемен: USD долларымен: |
| 13. Бақылау тізімдерi бойынша тауар коды | 15. Саны |
17. Рұқсат сұрау үшін негіздеме (келісім-шарт, шарт, инвойс №, оған қол қойылған күн) | 19. Рұқсат беру туралы шешімдермен келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
18. Өтініш беруші ұйымнан Аты-жөнi Лауазымы Қолы, МО күні | 20. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi Аты-жөнi Лауазымы Қолы, МО күні |
21. Сақтандыру полистерінің нөмірлері, сақтандыру компаниясының атауы |
22. Рұқсат берудің ерекше шарттары |
Экспорттық бақылауға жататын
өнім транзитінің ережесіне
2-қосымша
Транзитке рұқсат беруге өтініш
1. № рұқсат |
2. Жүк жөнелтуші ұйым, мекен-жайы, телефоны |_____ |
3. Жүк алушы ұйым, |_____ мекен-жайы, телефоны | 7. Жөнелтушінің елі |_____ |
4. Жүк тасымалдаушы |_____ ұйым, мекен-жайы, телефоны | 8. Алушының елі |_____ |
5. Жүк тасымалдаушының |_____ елi | 9. Рұқсаттың қолданылу |_____ мерзімi |
6. Кеден органы |_______ Әкелу |_______ Әкету ________ | | 10. Төлем валютасы |______ | | | | | |
11. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы | 12. СЭҚ ТН бойынша тауар коды | 14. Өлшем бірлігi | 16. Тауардың жалпы құны (мың): төлем валютасында: теңгемен: USD доллары- мен: |
| 13. Бақылау тізімдері бойынша тауар коды | 15. Саны |
17. Рұқсат сұрау үшін негіздеме (келісім-шарт, шарт, инвойс №, оған қол қойылған күн) | 19. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi Аты-жөнi Лауазымы Қолы, МО күні |
18. Өтініш беруші ұйымнан Аты-жөнi Лауазымы Қолы, МО күні |
20. Сақтандыру полистерінің нөмірлері, сақтандыру компаниясының атауы |
21. Рұқсат берудің ерекше шарттары |
Экспорттық бақылауға жататын өнім
транзитінің ережесіне
3-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитіне берілген
рұқсаттар туралы ақпарат
р/с № | Транзитке рұқсаттың № және күні | Экспорттаушының (елдің) атауы | Импортаушының (елдің) атауы | Өнім атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ коды | бақылау тізімі сыныптамасы бойынша коды | Өлшем бірлігі | Транзитке рұқсат етілген тауар дың саны | ҚР аумағына кіру кезіндегі өту станциясы | ҚР аумағынан шығу кезіндегі өту станциясы |
| | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
Экспорттық бақылауға жататын өнім
транзитінің ережесіне
4-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитін нақты жүзеге асыру
туралы ақпарат
Р/ с № | Транзитке рұқсаттың № және күні | Экспорттаушының (елдің) атауы | Импорттаушының (елдің) атауы | Өнім атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Бақылау тізімі сыныптамасы бойынша коды | Өлшем бірлігі | Іс жүзінде өткізілген жүктің саны | ҚР аумағына кіру кезіндегі кеден органы | ҚР аумағынан шығу кезіндегі кеден органы | ДКД № |
| | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 14 шілдeдегi
№ 674 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 496-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 450 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1033 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы № 1540 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 496-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 және 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1155 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 947 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 37, 383-құжат).