Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 450 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.07. № 674 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 және "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдi пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi ресiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1919 қаулыларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзиттің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) 2-тармақтың 2)-тармақшасының күшi жойылды деп танылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң рұқсатын берудің тәртібінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шешiмдердiң жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Жұмыс органы) жүзеге асырады";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтінiш Жұмыс органына өтiнiш берушi елiнiң ресми органдары арқылы берiледi.";
8-тармақтағы "Комиссияның" деген сөз "Жұмыс органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бiрiншi және екiнші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс органына келiп түскен өтiнiш қоса берiлген құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының экспорттық бақылауына жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссия мүшелерiне келiсуге жолданады.
Сараптама жүргiзу және Рұқсат берудің орындылығы туралы қорытындыны ресiмдеу үшiн құжаттар мынадай номенклатура бойынша тиiстi мемлекеттік органдарға келiсуге қосымша жолданылуы мүмкiн:";
үшiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі агенттiгіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметтiк және азаматтық қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жару құралдары және пиротехника - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне.";
алтыншы абзац алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыс органы Рұқсат беру туралы қаулының жобасын не өтiнiш берушiге Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және тиiстi құжатты Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы экспорттық бақылауға жататын өнiмдердің экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссиясының қаруына енгiзедi.";
13-тармақтағы:
"Кәсiпорын" деген сөз "Жұмыс органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Транзитке рұқсат" берiлгенi үшiн көлемi заңнамаға сәйкес белгiленетiн ақы алынады" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары