Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 16 қазандағы № 1540 қаулысы
(2014.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2000 ж.
16 қазандағы № 1540
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 19.06.02 ж. № 675 қаулысына сәйкес 1-тармақтың күші жойылды
1. «Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысына (ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 5, 56-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өткізiлетiн тауарлар мен мүлiктi өткізу мен декларациялау тәртібі туралы ережедегi:
«Тауарлар өткізу тәртібі» 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының бiрiншi абзацында, «Мүлiктi өткізу тәртібі» 3-бөлiмнiң 3.1-тармағының бiрiншi абзацында және «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасылатын тауарлар мен мүлiктi өткізу тәртібі» 4-бөлiмнiң 4.1-тармағында «және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке» деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшадағы:
тақырыбында «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке» деген сөздер алынып тасталсын;
III бөлiм. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке тыйым салынатын заттар, алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 2006.14.07. № 674 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі Мемлекеттік комиссиясының құрамы туралы Ережеде:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөніндегі қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келісім-хаттар (ескертпелерi бар келісім-хаттар, не келісімнен дәлелдi бас тарту) жiбередi.
Келісімнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттік органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi.
Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi:
түсiндiрме жазба;
келісім-хаттар (ескертпелерi бар келісімдер, не болмаса келісімнен дәлелдi бас тарту).
Ескертпелерi бар келісім-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын жасайды.
Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келісім-хат болмаған жағдайда, мұның себептерi iлеспе хатта көрсетiледi.
16. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөніндегі қаулыларын Үкімет қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжілістерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады.».
4. ҚР Үкіметінің 2014.03.12. № 1272 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)