Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1033 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.07. № 674 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын беру ережесінде:
10-тармақта:
төртінші абзацтағы "есірткі заттар және психотроптық құралдар" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"есірткі заттар, психотроптық құралдар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне;
прекурсорлар - Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі