Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы
(2006.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 10 баптар)
2-тарау. Кредиторлар комитеті (11 - 14 баптар)
3-тарау. Банкроттық туралы істерді сот (15 - 41 баптар)
тәртібімен қарау
4-тарау. Оңалту рәсімі (42 - 64 баптар)
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс жүргізу) (65 - 88 баптар)
7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері (89 - 95 баптар)
8-тарау. Соттан тыс тарату рәсімдері (96 - 99 баптар)
9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың (100 - 103 баптар)
банкротқа ұшырау ерекшеліктері
9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының (103-1 - 103-5 баптар)
ерекшеліктері
11-тарау. Қорытынды ережелер (106 бап)
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен Заңның бүкіл мәтіні бойынша сөздер ауыстырылды
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен кiрiспе өзгертiлдi
Осы Заң дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткізудiң, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң шарттары мен тәртібін белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әкімшілік шығыстар - сырттан тартылатын және мамандырылған ұйымдардың көрсететін қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың , сондай-ақ сырттай байқау әкімшісінің сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсімдеріне, оңалту рәсіміне , соттан тыс тарату рәсіміне және сырттай байқауға бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар.
Борышкердің таратылуы барысында оларды төлеу жөнінде міндеттемелер пайда болған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әкімшілік шығыстарға теңестіріледі;
1-1) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;
2) банкрот - дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер;
3) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;
4) борышкерді соттан тыс тарату рәсімі - борышкердің кредиторлардың және уәкілетті органның бақылауымен оны ерікті түрде тарату туралы кредиторлармен келісімге қол жеткізу жолымен дәрменсіз борышкердің борыштарын соттан тыс тәртіппен реттеу рәсімі;
4-1) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай-күйіне, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, олардың қайта ұйымдастыру жүргізуіне бақылау жасау, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына бақылау жасау мақсатында сот енгізетін рәсім;
5) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (атқарған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып заем сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асырауға міндеттілігі;
6) дәрменсіз борышкердің өз еркімен таратылуы - дәрменсіз борышкердің өз өтініші негізінде сот шешімі бойынша таратылуы не кредиторлардың бақылауымен соттан тыс тәртіппен таратылуы;
7) борышкер - заңдарда көзделген тәртіппен өзіне сырттай байқау, банкроттық рәсімдерінің немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға;
8) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер-заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның басқару функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге адам;
9) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
10) конкурстық масса - конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын борышкердің мүлкі;
11) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім;
12) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заң күшімен де, кепіл туралы келісім күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;
13) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;
14) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар адам;
15) жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы;
15-1) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлемге қабілетсіз және дәрменсіз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жасауға бағытталған-іс-шаралар кешені;
15-1) дәрменсіз борышкерді оңалту, заңды тұлғаны банкрот деп тану және оны тарату рәсімдерінің, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсімдерінің мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) - кредиторлардың мүдделерін қорғау, экономикадағы шаруашылық тәуекелдердің деңгейін тиімсіз өндірістерді жою немесе қалпына келтіру арқылы азайту мақсатында төлем қабілеті жоқ ұйымдардың қаржылық-экономикалық жай-күйін жүйелі түрде талдау, қаржылық-экономикалық сауықтыру шараларын уақытында қолдану процесі;
16) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындауға қабілетсіздігі;
17) дәрменсіздік - сот немесе борышкер мойындаған, кредиторлардың жалақы төлеу жөніндегі талаптарын қоса алғанда, ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын борышкердің толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
18) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;
19) әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі;
20) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың мәлімдемелері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;
21) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған, заңдарға қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
22) оңалтуды басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциясы берілетін адам;
23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;
24) ауыл шаруашылық ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылық өнім өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтар), омарта шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімін өндіретін, осы өнімді өткізуден түсетін, оның ішінде ұқсатылған өнімнен түсетін табысы жылдық табысының жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;
25) субсидиарлық жауапкершілік - заңдарға немесе міндеттеме шарттарына сәйкес тұлғаның негізгі борышкер болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігіне қосымша жауапкершілігі;
26) уәкілетті орган - өзіне берілген өкілеттік шектерінде банкроттық рәсімдерінің (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) жүргізілуіне, сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсіміне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік орган; ауыл шаруашылығы ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайларда, республикалық меншіктегі ұйымдарды қоспағанда, уәкілетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімияттары белгіленген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Банкроттық туралы заңдар
Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II; 2005.08.07. № 71-III ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi
1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады.
Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін.
Зейнетақы қорларына және басқа кейбір заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi заң актілерімен белгiленуi мүмкiн.
Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік саласындағы заң актілерімен реттелмеген бөлігінде жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қолданылады.
3. Банкроттық туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды.
4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
5. Қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіптi объектiлер бар заңды тұлғалар банкрот болған кезде олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi, оны жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес айқындалады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi және толықтырылды
3-бап. Банкроттықты тану
1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi.
2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп белгiленедi.
3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.
4. Егер:
кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы істерді сот қарайды.
Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
5. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгiленген ережелер бойынша сот тәртібімен не соттан тыс тәртiппен таратылуға тиiс.
6. Осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда борышкердiң өтiнiш бермеуi борышкердiң басшысына борышкердiң кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi қолдануға әкеп соғады.
7. Сот тәртібімен не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткізумен борышкердi банкрот деп жариялауға оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 4-бап өзгертiлдi
4-бап. Банкроттық рәсiмдердi қолдану және соттан тыс тарату
рәсiмiн өткізу негiздерi
1. Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткізу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткізу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертiлдi
5-бап. Әдейi және жалған банкроттық
1. Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) және/немесе лауазымды адамдары борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен субсидиялық жауапқа тартылады.
Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне шығындарды өтейдi.
2. Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе (жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
3. Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге міндетті.
01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ( бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi
6-бап. Мүлiктi қайтару және борышкердiң
мәмiлелерiн жарамсыз деп тану
1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн не соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:
1) азаматтық заңдарда көзделген негiздер болғанда;
2) егер борышкердiң жеке кредиторлармен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмiлесi банкроттық туралы iс қозғалғаннан не соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, уәкілетті органның, кредиторлардың, оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың өтiнiшi бойынша;
3) заң актілерінде көзделген өзге негiздер болған кезде жарамсыз деп танылуға тиiс.
Осы тармақтың талаптары секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.
2. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі үш жыл кезең ішінде мәмілелерді жарамсыз деп тануды және борышкер берген, соның ішінде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмілелер бойынша орындауын қамтамасыз етуге берген мүлікті қайтаруды бұл мүлікті өтеусіз, нарық бағаларынан едәуір төмен бағалармен не кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып жеткілікті негіздерсіз алған адамдардан талап етуге міндетті.
3. Конкурстық және оңалтуды, басқарушылар, кредиторлардың немесе уәкілетті органның мәлімдемесі бойынша санацияға қатысушы банкроттық туралы істі қозғауға немесе соттан тыс тарату рәсімінің бастамасына дейінгі үш жылға дейінгі кезең ішінде борышкердің өздеріне берген мүлкін қайтаруды олардың алдындағы міндеттемелер басқа кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып мерзімінен бұрын орындалған кредиторлардан талап етуге міндетті. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның ережелерімен қамтамасыз етіледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген негiздер бойынша банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл iшiнде не соттан тыс тарату рәсiмiн бастап, шаруашылық серiктестiгiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына дәрменсiз борышкердiң басшысына берген мүлiк талап етiлуi мүмкiн.
Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады.
5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурстық басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, заң актілерінде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және азаматтық заңдарда көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы.
6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 7-бап өзгертiлдi
7-бап. Шартты орындаудан бас тарту
1. Оңалтуды басқарушы банкроттық туралы iс қозғалғанға дейiн борышкер жасаған, екi жақ та толық немесе iшiнара орындамаған шарттарды орындаудан мына жағдайлардың бiреуi болған кезде:
1) шартты орындау борышкерге зиян келтiрсе;
2) салыстырмалы жағдайларда жасалатын ұқсас шарттармен салыстырғанда шартта борышкерге ауыр тиетiн жағдайлар болса;
3) шарт ұзақ (1 жылдан астам) мерзiмге жасалса не борышкердiң нәтижеге жетуi тек ұзақ мерзiмдi келешекке есептелсе;
4) борышкердiң шартты орындауы басқа кредиторлар үшiн жағымсыз жағдайларға әкеп соғады деген өзге де негiздер болса, бас тартуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындаудан бас тартқан кезде контрагенттiң шартты бұзу арқылы келтiрiлген шығындарды нақты зиян мөлшерiнде өтеудi борышкерден сот тәртібімен талап етуiне не бас тарту негiзiне дау айтуына болады.
8-бап. Банкроттық туралы iстердiң сотта қарауға жататындығы
Банкроттық туралы iстердi соттар борышкердiң заңға сәйкес белгiленетiн тұрған жерi бойынша қарайды.
ҚР 10.07.98 ж. № 283-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Оңалтуды және конкурстық басқарушылар
1. Оңалту рәсiмiн, конкурстық iстi (таратуды) жүргiзу не соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу кезеңiнде банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшiн дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару мiндеттерi оңалтуды не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.
Оңалтуды және конкурстық басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-1-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
1-1. Оңалту рәсіміне борышкердің өзі бастамашылық жасаған жағдайда борышкер мүлкінің меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген органның өтініші бойынша оны өткізуді уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен борышкердің басшысына жүктеуі мүмкін. Бұл ретте ондай басшыға осы Заңмен белгіленген оңалтуды басқарушының құқықтары мен міндеттері қолданылады.
2. Оңалтуды, конкурсты басқарушыларды тағайындаудың тәртібі мен ережелерi, олардың кандидатураларына қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде сыйақы алуға құқығы, дәрменсiз борышкердiң iстерi мен мүлкiн басқару жөніндегі өкiлеттiк көлемi осы Заңмен және уәкілетті органның келісімі бойынша кредиторлардың комитетi, олармен жасасқан келісіммен реттеледi.
2-1. Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган беретін лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкер оңалтуды, конкурстық басқарушылар болып тағайындалады.
Осы Заңның 2-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған ұйымдардың банкроттығы рәсімдерін жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган оңалтуды басқарушыны тиісінше тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған табиғи монополиялар субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың қызметін реттеуге уәкілетті органмен және тиісті орталық атқарушы органмен келісім бойынша, ал қала негізін қалаушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімімен келісім бойынша тағайындайды.
Банкроттық рәсімдерінде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады.
4. Мыналарды оңалтуды және конкурсты басқарушылар етiп тағайындауға болмайды:
1) борышкер немесе кредиторлар әкiмшiлiгiнiң лауазымды адамы;
2) осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша басқарудан шеттетiлген адам;
3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.
Аталған шарт осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бес жыл бойы қолданылады;
4) егер шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам не кооператив дәрменсіз борышкер немесе оның кредиторы болса, осындай серіктестікке қатысушылар, акционерлік қоғамдардың акционерлері,кооператив мүшелері;
5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi.