айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл шараның қолданылуы жеткiлiксiз деп танылса, он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау:
1) бiр топ адамдар қатысып;
2) бiрнеше мәрте;
3) тұрғын үйге, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға не сақтау орнына заңсыз кiру арқылы жасалса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, егер ұрланған мүлiктiң құны заңдарда белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
2. Ұсақ-түйектеп ұрлау, егер бұған дейiн осы бапта көзделген бiр немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған, немесе егер ұсақ-түйектеп ұрлауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 177-183, 250, 256 немесе 261-баптарында көзделген қылмыстар жасағаны үшiн сотталған адам жасаған болса, бiрнеше мәрте ұсақ-түйектеп ұрлау деп танылады.
14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
138-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңымен 139-бап өзгертілді
139-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 140- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
140-бап. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету
немесе жіберу ережелерін бұзу
1. Шикізатты, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету немесе жіберу ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
141-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан
Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау
тәртібін бұзу
Пошта ұйымдарының, темір жол, автомобиль, өзен, теңiз және әуе көлiктерiнiң лауазымды адамдарының шикiзаттарды, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жiберу үшiн қабылдау ережелерiн бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 143- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
143-бап. Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен
айналысу
Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ түрлерімен айналысу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 144- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету
ережелерін бұзу
Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 145 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,
тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық
атауын заңсыз пайдалану
1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
146-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 147-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 147-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
147-бап. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу
1. Бәсекені шектеу, жосықсыз бәсеке, нарықтағы басым (монополистік) жағдайды теріс пайдалану, сол сияқты монополияға қарсы заңдарды өзге де бұзушылық, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса және кіріс алуға әкеп соқпаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кіріс алуға әкеп соққан іс-әрекеттер, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлкі тәркілене отырып, дара кәсіпкерлер мен лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 147-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
147-1-бап. Мемлекеттік монополия туралы заңнаманы бұзу
Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -
мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 151- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 153- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
153-бап. Тексеруді заңсыз жүргізу
1. Тексеру жүргiзу тәртібін бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 154- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
154-бап. Жалған кәсiпкерлiк
Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, -
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 155- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
155-бап. Банкроттық кезіндегі құқыққа қайшы әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өзiнiң iс жүзіндегі дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -
борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 156- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
156-бап. Әдейі банкрот болу
Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің өз мүдделері немесе өзге адамдардың мүдделері үшін, ірі залал келтірмейтіндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етіп әдейі төлемсіздік қабілетіне жеткізуі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 157- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
157-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 158-бап өзгертілді
158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын,
кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған
кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн
бұзу
Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келісімiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Меншiк иесiне немесе, заң актілеріне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 158-1 баппен толықтырылды
158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келісімiнсiз бұзуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 159-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 159- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
159-бап. Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттері немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 160- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртібін бұзу
1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға , ұйымдарға сатуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 161- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу
саласындағы заңнамасын бұзу
1. Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екіден беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыру тәртібін бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің екіден үшке дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Базар әкімшілігінің базар аумағын уақтылы тазартуды және абаттандыруды қамтамасыз ету, базарда санитарлық күн өткізу және базар аумағындағы объектілерге және сауда орындарын энергиямен, сумен, жылумен жабдықтауға қатысты сервистік қызмет көрсету жөніндегі талаптарды бұзуы, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сауда қызметі субъектілерінің тауардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарсыз, сатылу уақытында сапасын жоғалтқан және сапасыздық разрядына өткен және (немесе) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін (соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына одан тыс жерлерден әкелінген) тауарларды сатуы, сол сияқты тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты заңсыз пайдалануы, -
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші - төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 161-1- баппен толықтырылды
161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
қабылдаудан бас тарту
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде оларды қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлемдердi қабылдаудан бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапта аталған сауда (қызмет көрсету) ұйымдарына санатын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 162- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 163- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
163-бап. Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы
ережелерін бұзу, сол сияқты белгіленген
стандарттарға сәйкес келмейтін этил спирті мен
алкогольді өнімді өндіру
1. Этил спирті немесе алкогольді өнім айналымы ережелерін бұзу, сол сияқты тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін этил спирті мен алкогольді өнімді өткізу мақсатында өндіру, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған тауарлар және құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.