ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 45-бап өзгертілді
45-бап. Оңалту шараларын қолданудың негiзi
Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн қолдануға оның таратылуына жол бермеу мақсатында төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгiнiң болуы негiз болып табылады. Борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi аудиторлық есеппен және тиiстi шарттармен, есептермен, экономикалық негіздемелермен және басқа да құжаттармен расталады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Оңалту рәсiмiн енгiзудiң салдары
1. Борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде заңды тұлғаның барлық органдарының мүлiк пен iс басқару жөніндегі өкiлеттiгi өзiне ауысатын оңалтуды басқарушы тағайындалады. Оңалтуды басқарушының борышкердi оңалту мақсатында жетуге бағытталған, оңалту жоспарына сәйкес іс-әрекеттер жасауға (қызметкерлердi жұмыстан босату, iшкi қайта құруды жүзеге асыру: iшкi бөлiмшелердi тарату және өзге де шараларды қолдану) құқығы бар.
Оңалту жоспарында көзделген мүлікті (активтерді) сату сауда-саттық жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Оңалту рәсiмiн жүзеге асыру мерзiмiнде дәрменсiз борышкердiң кредиторлардың талаптары осы Заңның 47-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
3. Оңалту рәсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) , сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу
1. Оңалту рәсiмiн енгiзген кезден бастап:
1) борышкер моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемдер және еңбекке ақы төлеу жөнiнде, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жасалады;
3) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi енгiзiлгеннен кейiн жеткен салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер төленедi;
4) мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтуды басқарушы жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде жеткен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады.
2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысуы, соның iшiнде өтелу; атқару қағаздары бойынша немесе даусыз тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75-бабында белгiленген кезек сақтала отырып, оңалдыртылу жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады.
3. Кредиторлардың өтініштері және олардың борышкерге қоятын талаптарын қарау, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту осы Заңның 71-73-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Оңалту рәсімі енгізілгенге дейін туындаған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін жүргізіледі.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Оңалтуды басқарушы
Борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін уәкілетті орган бес күн мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 49-бап өзгертілді
49-бап. Оңалтуды басқарушыға сыйақы төлеу
1. Оңалтуды басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Сыйақының сомасын және оны төлеу тәртібін кредиторлар комитетi осы баптың талаптарына сәйкес белгiлейдi.
2. Оңалтуды басқарушыға төленетiн сыйақы:
1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, ағымдағы төлемдердi;
2) оңалту рәсімінің мақсаттарына міндетті түрде қол жеткізілген жағдайда оңалтуды басқарушыға төленетін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражаттан оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді қамтиды.
3. Оңалтуды басқарушының міндеттері борышкер әкімшілігінің лауазымды адамына жүктелген жағдайда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер төленбейді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүзеге асырудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиiс. Оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келісімiмен, уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда, сот оны жүзеге асыру мерзiмiн ұзартуға құқылы, бiрақ ол 6 айдан аспауға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 51-бап өзгертілді
51-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiгi
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкi жөнiнде тиiстi құқықтары болады және оның барлық органдары үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген мiндеттердi атқарады;
2-1) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсімін қолдану және кредиторлар талаптарын білдіру тәртібі туралы жарияланымды мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;
3) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
3-1) кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін кредиторлар алдындағы берешекті өтеу бөлігінде оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы сотқа өтініш жібереді;
3-2) кредиторлар талаптарының тізілімін түзеді және жүргізеді;
4) осы Заңда көзделген басқа да мiндеттердi орындайды.
2. Кредиторлар комитетiнiң келісімiмен оңалтуды басқарушы:
1) борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі кез келген мәмілелерді жасайды;
3) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды.
Осы тармақпен белгіленген ережелер оңалту жоспарында көзделген борышкердің мүлкіне билік ету жөніндегі мәмілелерге қолданылмайды.
3. Оңалтуды басқарушы уәкілетті органның не кредиторлар комитеті өкілінің талап етуі бойынша борышкердің мүлкіне билік ету жөнінде өздері жасаған мәмілелер туралы оны хабардар етуге, ал ол жоқ болған кезде уәкілетті органға, кредиторлар комитетіне осындай мәмілелер туралы ай сайынғы есепті табыс етуге міндетті.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн енгiзгеннен кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi несиелiк берешектiң жалпы сомасының 20 процентiнен асса, борышкердiң ақшалай жаңа мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi, оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетiнiң келісімiмен ғана жасай алады.
5. Оңалтуды басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді айқындайды және оларды заңсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптар қояды.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Оңалтуды басқарушының жауапкершiлiгi
Оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмiн дұрыс жүргiзбегендiгi үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы борышкер жөніндегі оңалту рәсiмiн аяқтау туралы өтiнiшпен:
1) егер борышкер жөніндегі оңалту рәсiмiнiң мақсаты орындалса;
2) егер ол бұл мақсатқа жету мүмкiн болмайтынына көзi жетсе, сотқа жүгiне алады.
Оңалтушы басқарушының өтінішіне уәкілетті органның қорытындысы мен оңалтушы басқарушының есебі қоса беріледі. Есептің нысаны мен оны келісу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне нұқсан келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган) немесе кредиторлардың кез келгенi осы жоспарды қайта қарау немесе оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш бере алады. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды және қарау нәтижесi бойынша ұйғарым шығарады.
3. Оңалту рәсімін одан әрі жүргізу орынсыз болған жағдайда уәкілетті орган оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтатудың салдары
Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi аяқталған соң, ал осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайларда осы мерзiм аяқталғанға дейiн сот:
1) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жетсе, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату және iстi қысқарту туралы ұйғарым шығара алады;
2) егер оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізу мүмкiн болмаса, борышкер жөнiнде оңалту рәсiмiн тоқтату, борышкердi банкрот деп тану туралы және конкурстық iс ашу туралы шешiм қабылдай алады.
Сот борышкерді банкрот деп таныған және конкурстық іс жүргізу тағайындалған жағдайда оңалту кезеңінде пайда болған берешек сомасы осы Заңның 75-бабында белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 54-бап өзгертілді
55-бап. Санация
1. Егер дәрменсiз борышкердi оңалту шаралары ретiнде оңалту жоспарына санация енгiзiлсе, санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға оңалту жоспарына сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi жоспарға қоса берiлуге тиiс.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келісілген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда борышкердi басқаруды санацияға қатысушы несие ол тағайындаған адам оңалтуды басқарушы үшiн көзделген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады. Санацияға қатысушыға осы Заңның 9-бабының 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген ережелер қолданылмайды.
3. Сот , сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi оның орындау мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы.
56-бап. Санацияға қатысушылардың келісімi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, олар кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртібін көздейтiн келісім жасасуға тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 57- бап өзгертілді
57-бап. Санацияға қатысушыларды жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өз мойнына алған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер ықтиярсыз күштiң салдарынан немесе кредиторлардың, не борышкердiң (борышкер мүлкi иесiнiң) iс-әрекеттерi салдарынан санация мақсатына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдей алмаса, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жағынан жауап бередi.
Егер келісімде басқаша көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда, мұндай жауапкершiлiктi олар бiрiгiп көтередi.
2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндетiн өз мойнына алмаған санацияға қатысушының жауапкершiлiгi қатысушының оңалтуды басқарушымен уәкілетті орган және кредиторлар комитетi бекiткен келісімiмен белгiленедi.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санацияның мақсатына жетуге байланысты банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қысқартқан кезде оның өзiне осы Заңның 55-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеме алған және борышкер мүлкiнiң иесi болып табылмайтын қатысушысы өзi инвестициялаған қаражат сомасында санация басталғанға дейiн шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы, жиналысында қабылданған шешiмнiң негiзiнде шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң құқығына ие болады, ал егер мемлекеттік кәсiпорын немесе өндiрiстiк кооператив борышкер болса - мүлiк иесiнiң тиiстi уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органының не кооператив мүшелерi жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде оны алдын ала шаруашылық серiктестiгi етiп қайта ұйымдастырады.
Аталған шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiрге ұсынылуға тиiс.
Бұл жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгi жарғылық капиталының мөлшерi, жарғылық капитал екi жыл бойы белгiленген мөлшерге дейiн толықтырылған жағдайда, заңдарда көзделген ең төменгi мөлшерден аз болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайда борышкердiң мүлкіндегі үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына қарай белгiленедi.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 59-бап өзгертілді
59-бап. Борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк жасау
1. Оңалту жоспарында бұл талаптарды заңдарға сәйкес өткiзiлетiн ашық сауда-саттықта сату жолымен борышкердiң талаптар қою құқықтарына жеңiлдiк берiлуiнiң көзделуi мүмкiн.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 5-тарау алынып тасталды
6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс
жүргізу)
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Жалпы ережелер
1. Конкурс жүргiзу кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылады.
2. Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi тоғыз айдан аспауы керек. Конкурсты басқарушының өтiнiшi бойынша кредиторлар комитетiнiң келісімiмен бұл мерзімді уәкілетті орган әрі кеткенде 3 айға ұзартуы мүмкiн.
Конкурстық іс жүргізу мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
3. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, Республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық басқарушының мәлімдемесі бойынша уәкілетті орган кредиторлар комитетінің келісімімен конкурстық іс жүргізуді алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 6-бап өзгертілді
66-бап. Конкурс жүргiзуге қатысушылар
Сот, кредиторлар комитетi, банкрот, конкурстық басқарушы уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Конкурс жүргiзудегi соттың өкiлеттiгi
Соттың конкурс жүргiзуде мынадай өкiлеттiгi бар:
1) конкурс жүргiзудi қозғайды және оны тоқтатады;
2) заңды тұлғалардың тiркелуiн жүзеге асыратын әдiлет органына, уәкілетті органға және борышкердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық атқарушы іс жүргізу органына заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) борышкер мүлiктiк сипаттағы жауапкер ретiнде болатын даулар бойынша iстердi өзiнiң жүргiзуiне қабылдайды;
4) уәкілетті органға конкурстық басқарушыны тағайындауды тапсырады ;
5) конкурс жүргiзуге қатысушылардың арасындағы дауларды шешедi;
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банкрот үшiн конкурс жүргiзудi қозғаудың салдары
1. Борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiмi қабылданған кезден бастап мынадай салдары болады:
1) банкроттың мүлiктi иелiктен айыруына және уақытша беруiне тыйым салынады;
2) банкроттың барлық қарыз мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп есептеледi;
3) банкрот берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер) есептеу тоқтатылады;
4) егер банкроттың қатысумен сотта қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, олар қысқартылады;
5) банкротқа мүлiктiк талаптар тек конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн.
3. Егер конкурстық масса құрамында жылжымайтын мүлiк болса, банкроттың жылжымайтын мүлкiн иелiктен айыру және оны өзге тұлғаларға пайдалануға беру жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу органдарында тiркелуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Конкурстық басқарушы-таратушы
1. Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды.
Конкурстық басқарушыны тағайындау , есепке алу және тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Конкурстық басқарушыға (таратушыға) сыйақы кредиторлармен есеп айырысқанға дейiн конкурстық массадан төленедi.
Конкурстық басқарушыға төленетiн сыйақыға:
1) өз мiндеттемелерiн орындайтын бүкiл кезең үшiн ай сайынғы мөлшерi елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс ағымдағы төлемақылар;
2) оның қызметінің нәтижелері бойынша қосымша төлемдерді әкімшілік шығыстар шегеріліп кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың жеті процентінен аспайтын мөлшерінде кредиторлар комитеті белгілейді.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 13.03.03 ж. № 395-II ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Конкурсты басқарушы-таратушының өкiлеттiгi
Конкурсты басқарушы:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес ол тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады, оны уәкілетті органға бекітуге табыс етеді және кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысын шақырады.
1-1) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне комитеттiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн орын мен күн туралы хабарлайды;
1-2) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
1-3) уәкілетті орган оны тағайындаған күннен бастап бір апта мерзімде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін табыс етеді;
2) борышкердiң мүлкiн қорғауға және бақылауға алады;
3) борышкер алдында берешегi бар тұлғаларға осы берешектi заңда белгiленген тәртiппен өндiрiп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 6-бабында аталған мән-жайлар кезiнде борышкер жасаған мәмiлелердi анықтайды және оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды;
5) банкроттың қызметкерлерiне еңбек туралы заңдарға сәйкес алдағы уақытта жұмыстан босатылатынын хабарлайды , сондай-ақ екінші кезектегі кредиторлардан уәкілетті өкілді сайлау үшін олардың жиналысын (конференциясын) ұйымдастырады;
6) уәкілетті органмен келіскеннен кейін кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында кредиторлар комитетіне банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бекітуге ұсынады және оның сатылуын жүзеге асырады;
6-1) уәкілетті органның сұратуы бойынша оған конкурстық іс жүргізу жөнінде қажетті ақпаратты табыс етеді;
7) кредиторлармен есеп айырысады;
8) борышкердi банкроттыққа жеткiзгенi үшiн жауапты адамдарды (борышкердің лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын) анықтап, сотқа жүгiнедi;
9) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
9-1) түгендеуді жүргізеді;
10) осы Заңға сәйкес өзге де өкiлеттiгi болады.
11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 03.06.03 ж. № 427-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред . қара) ҚР Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Кредиторлардың талаптары
1. Кредиторлардың борышкерге талаптары борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мәлiмделуге тиiс.
Кредиторлардың талаптарында талаптар сомасы туралы мәлiметтер болуға тиiс (негiзгi қарыздардың, сыйақылардың (мүдденiң), айыптың және өзге де айыппұлдар санкцияларының, залалдардың мөлшерi туралы жеке-жеке, талаптардың негiздемесi мен сомасын растайтын құжаттар (соттың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызын тануы қоса берiледi).
Кредиторлардың шетелдік валютамен көрсетілген талаптары борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешім қабылдаған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде кредиторлардың мәлiмдеген талаптарын конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап бiр ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 1-тармағының екiншi абзацында аталған талаптарға сәйкес келсе, тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және мынадай мүлiктiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық облигацияларды: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негiздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын ұстаушылардың талаптары енгiзiлмейдi.
3. Кредиторлардың өзiне берешек сомасын және осы сомаға есептелетiн сыйақыны (мүдденi), борышкер тарапынан мiндеттемелердiң орындалмауынан немесе тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген зиянды, айыптарды (айыппұл, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерге қоюға құқығы бар.
4. Проценттердiң сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi қабылданған кезде айқындалады.
5. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде, ал оңалту рәсiмi қолданылған жағдайларда - оңалту рәсiмi енгiзiлген кезде айқындалады.
Кредиторлардың банкроттық рәсiмдерге қатысуына байланысты шығындары өтелмеуге тиiс.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 71-1-баппен толықтырылды ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңымен 71-1-бап жаңа редакцияда
71-1 -бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершілігi
Өз өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II Заңдарымен 72-бап өзгертілді
72-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қараудың нәтижелерi туралы (талаптарды толық көлемiнде немесе iшiнара тану немесе танымау туралы) әрбiр кредиторға шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi күнi жазбаша түрде (танымаудың себептерiн көрсете отырып) хабарлауға мiндеттi.
2. 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Конкурстық басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оны бір ай мерзімде уәкілетті органға немесе дау тудырған талап бойынша шешімі күшіне енген банкроттық туралы істі қараған сотқа шағымдануға құқылы.
4. Борышкердiң кредиторы кредиторлар тiзiлiмiнiң мазмұнымен танысуға құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен 73-бап жаңа редакцияда ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді
73-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту
1. Конкурстық басқарушы кредиторлар талаптарының тізілімін және оларды қараудың нәтижелерін борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмей уәкілетті органға бекіту үшін беруге міндетті.
2. Кредиторлар талаптарының конкурстық басқарушысы табыс еткен тізілімін және оларды қарау нәтижелерін кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда уәкілетті орган бір апта мерзімде бекітеді. Кредитордың (кредиторлардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болған жағдайда туындаған дау осы Заңның 72-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қаралады.