2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым және осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Тізбені қалыптастыру
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық (аукциондық) құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.
2. Тiзбе мынадай екi бөлiмнен тұрады:
1) реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi;
2) құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер.
3. 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тiзбеге енгiзiлмеген объектiлер бойынша тиiстi хабарламалар тиiстi ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға олардың қабылданбауының дәлелдi негiздемесiмен бiрге жiберiледi.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Концессияға берiлмеген концессия объектiлерi келесi орта мерзiмдi кезеңге арналып қалыптастырылатын тиiстi тiзбеге енгiзіледi.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманың мазмұны
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті концессионерлерге мынадай ақпаратты:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әлеуетті концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды және оларды бағалау тәртібін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы тармақтың 2-1) және 2-2) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық-экономикалық негiздемені;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттаманы;
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) концессиялық жобаның сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақты;
3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) осы концессиялық жоба үшiн концессионерлердің қызметін мемлекеттiк қолдаудың ықтимал түрлерi мен көлемдерiн, сондай-ақ концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) концессия шартының жобасын;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде елішілік құндылық жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) концессия объектісінің құны көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессия объектісінің құндарын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық (аукциондық) өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптарды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқауды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілін, орны мен соңғы мерзімін (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) әлеуетті концессионердің концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық (аукциондық) өтінімнің бір бөлігін тікелей конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде ұсыну құқығына тиісті нұсқауды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) әлеуетті концессионерлер конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндіру сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) конкурстық (аукциондық) өтінімді енгізу шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен кезден бастап екі сағаттан кеш емес);
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу үшін пайдаланылатын рәсімдерді және оларды қарауды қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынуға міндетті.
15) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттама үшін конкурстық (аукциондық) құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен, бiрақ конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей өтініш жасауға құқылы. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенін көрсетпей, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсiндiруді хабарлауға мiндеттi.
Қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде - күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық (аукциондық) құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн - әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтiнiмдерде ескеруі үшiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы осы кездесу барысында дереккөздерін көрсетпестен, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама комиссияға және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге дереу жіберіледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын біліктілік талаптары
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;
2) төлемге қабілетті болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс;
3) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған болуға;
4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнының кемінде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.
Меншікті қаражат деп әлеуетті концессионерге тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі, олар концессиялық жобаны іске асыруға тікелей тартылады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті концессионердің құрылтайшылары, басшылары терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген болуға тиіс;
6) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс;
7) азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) және құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) болуға тиіс.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс;
2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақтың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетінін растау үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға құжаттар ұсынады, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда көзделеді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.
Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға әлеуетті концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті концессионердiң аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, мұндай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мұндай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, аталған тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты ұсынбауға құқылы.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетінін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.
Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеген жағдайда, ол конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық (аукциондық) өтінімі қабылданбайды.
2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті концессионер:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін осындай конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;
2) 2013.12. № 150-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өзін конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
2013.12. № 150-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құны конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік орган болып табылатын конкурстарды (аукциондарды) ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;
2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.
Әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайда қайтармайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:
1) осы әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;
3) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;