«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 198-207-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.23.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
198, 199, 200 (құпия), 201, 201-1, 202, 203, 203-1, 205, 206, 207-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
198-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 597547 мың теңге (бес жүз тоқсан жеті миллион бес жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1128 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының басымды әлеуметтік-экономикалық дамуын тиімді іске асыруға ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ақша-кредит саясатының басымдықтармен өзара әрекет етуі үшін фискалдық, кедендік және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру, экономиканың секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлікті және дағдыны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Стратегия- лық, орта мерзімдi экономика- лық және бюджеттік жоспарлау саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штат санының лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспар- лау министрлігінің орталық аппаратын ұстау; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-эконо- микалық дамуының орта мерзімдi жоспарын әзірлеу. Орта мерзімдi фискалдық саясат жобасын әзірлеу. Республикалық бюджетті қалыптастыру. Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспар- лау саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер- ді жетілдіру. Республикалық бюджет комиссиясы- ның отырыстарын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; автокөлікті жалдау; бекітілген лимит шеңберінде жеңіл автокөлікті ұстау; спорт-сауықтыру іс-шараларын өткізу. | жыл бойы | Қазақстан Республика- сының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
3 | | 007 | Мемлекет- тік қызметші- лердің біліктілі- гін арттыру | Екі бағыт: 1) экономика және қаржы; 2) басқару бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегi қызметтерді сатып алу. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | 2006 жылғы 2-3 тоқ- сан 2-3 тоқ- сан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
4 | | 009 | Мемлекет- тік органдарды материал- дық-техни- калық жарақтан- дыру | Кабинеттердi жарақтандыру үшін жиһаз, жабдықтар және активтер мен тауарлар сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекет- тік орган- дарды ақпараттық -техника- лық қамта- масыз ету | Ақпараттық жүйелерді және жергілікті міндеттерді сүйемелдеу. Мемлекеттік тілдегі құжаттар- мен жұмыс істеу үшін бағдарламалық өнімдерді сатып алу және бағдарламалық қамтамасыз етудi жаңарту. Министр- ліктің жабдықтары мен желілеріне, серверлік үй-жай жүйелеріне, телекоммуникация- лық және басқа жабдықтарына техникалық және жүйелік қызмет көрсету. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бағдар- ламалық өнімдерді сатып алу және сүйемелдеу. Есептеу техникасын және белсендi желілік жабдықтар сатып алу. Жиынтықтаушы қосалқы бөлшектер және шығыс материалдарын сатып алу. Жөндеу, жабдықтар- ды жеткізу жөніндегі ілеспе қызметтерді, жабдықтарды бөлшектеу/монтаж- дау жөніндегі қызметтерді алу. Интернет желісіне және VPD№-ге қосылу жөніндегі қызметтерді алу. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Бюджетті жоспарлаудың негізгі қағидаттарына сәйкес және өткен кезеңдегі бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, бекітілген 406 адамдық штат санына сәйкес Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту; министрліктің материалдық-техникалық жарақтандырылуын 100%-қамтамасыз ету; компьютерлік техника паркін 15%-ға жаңарту; компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтың және ақпараттық жyйелердің жұмысқа қабілеттілігін қолдау.
Түпкі нәтиже:
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді барынша салааралық және өңіраралық үйлестіру; экономикалық қызметтің түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, орта мерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарлау және рұқсат ету жүйесін жетілдіру; Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының жобаларын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды, тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы әзірлеу, инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік бағдарламалар мен басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу; мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыруға қажеттігін 5%-ға, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытуға қажеттілікті 20%-ға, мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін оқытуға қажеттілікті 10%-ға арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының бір қызметкерді қамтамасыз етуге арналған шығыны орташа алғанда 1282 мың теңгені құрайды; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығындар 24,35 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығындар 12,62 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілді оқытуға арналған орташа шығындар 11,00 мың теңге; Министрліктің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шығындардың және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етудің орташа көлемі - 5785 мың теңге.
Уақтылығы: кестемен бекітілген мерзімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын сапалы қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қаржы-кредиттік саясатының, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясаттың басымдықтарымен бірге өзара әрекет етудің мемлекеттік фискалдық, кедендік және бюджеттік инвестициялық саясатын қалыптастыру;
экономика секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; республикалық бюджетке негізделмеген шығыстар мен тиімсіз инвестициялық жобалардың қосылуына жол бермеу;
кәсіби деңгейін арттыру жолымен мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін қызметтерді жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
199-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 700000 мың теңге (жеті жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 150-бабы; "Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті үш жылдың кезеңге арналған орта мерзімді жоспарында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті үш жылдың кезеңге арналған орта мерзімді жоспарында белгіленген бюджеттік инвестициялық басымдықтарға сәйкес инвестициялық жобаларды уақтылы дайындау, атап айтқанда:
республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерінің заңнамада көзделген сараптамаларын өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Республи- калық бюджеттік инвестици- ялық жобалардың (бағдарла- малардың) техникалық -экономика-лық негіздеме- лерін әзірлеу және сараптау | 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес жоспарлана- тын кезеңнің екінші немесе үшінші жылы іске асырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-эконо- микалық негіздемелерін әзірлеудi қаржыландыру. 2. Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес жоспарланатын кезеңнің екінші немесе үшінші жылы іске асырыла- тын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық- экономикалық негіздемелеріне мемлекеттік заңнамада көздел- ген басқа да сараптама жүргізуді қаржыландыру. | жыл бойы жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, республикалық бюджеттік бағдарлама- лардың әкімшілері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізуді қаржыландыру.
Түпкі нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне 2008 жылы іске асырыла бастайтын республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) енгізу.
Уақтылығы: техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді және оған сараптама жүргізуді 700 000 мың теңге сомасына қаржыландыру 2006 жыл бойы жүзеге асырылады.
Сапасы: әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер мен жүргізілген сараптамалардың 100%-ы белгіленген талаптарға сай келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
200-қосымша (құпия)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
201-қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен республикалық бюджеттік бағдарламаның тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 274661 мың теңге (екі жүз жетпіс төрт миллион алты жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аумақтық даму процестеріне және теңгерімділігіне Қазақстанның, оның өңірлерінің, халқының мүддесінде қаржы-бюджет саясатының нақты әсер етуге қабілетті экономикалық және ұйымдық-құқықтық тетігі жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті бағыттары бойынша стратегиялық ғылыми-зерттеу және талдамалық зерттеулерді орындау және өңірлік ассиметриялықты жеңу және Қазақстан Республикасындағы үлкен саяси және экономикалық интеграция үшін тиімді өңірлік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу; мемлекеттік қызмет қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі арнаулы тренингтік бағдарламалар өткізу, сондай-ақ ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметіне өңірлік дамуды жоспарлау және қаржы-бюджет саясатындағы теңгерімсіздікті болжамдау мәселелері бойынша мамандандырылған ақпараттық жүйе енгізу; басымдылықтың, негізділіктің, нәтижеліктің және бақылаудың басында өңірлік дамуды мемлекеттік реттеу жүйесін жаңарту.
ҚР Үкіметінің 2006.30.05. № 470 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қаржылық сілкініс- терді ерте табу, аумақтық дамуды жоспарлау жүйесін құру және қаржы- экономика- лық сектор қызметкер- лерінің кәсіби деңгейін жоғарылату | Базасында консалтингтік қызметтер көрсету, тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілер үшін оқыту семинарларын өткізу жолымен қаржылық сілкіністердi ерте табу, аумақтық дамуды жоспарлау жүйесін құру және қаржы- экономикалық сектор қызметкер- лерінің деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" РМК жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған ақша қаражатын пайдалану. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғылыми-зерттеу және талдамалық зерттеулер жүргізу және бағдарламаны іске асыру барысы туралы екі жарты жылдық есеп пен ұсынымдар дайындау; әлемдік тәжірибені зерттеу және экономика мен қаржы саласындағы халықаралық сарапшылармен іскерлік байланыс орнату; орталықтардың жұмысын ұйымдастыру және семинарлар, конференциялар өткізу үшін шетелдік консультанттарды тарту және т.б.
Түпкі нәтиже: бюджеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижелері:
өңірлік дамуды жоспарлаудың басым бағыттары бойынша ғылыми-инновациялық және өнеркәсіптік саясатты жүргізуге негізделген ұстанымдарды айқындауды; қаржылық сілкіністерді ерте табуды; сандық және сапалық әртүрлі өңірлік шаруашылық және әлеуметтік-мәдени кешендерді біртұтас (рыноктық) экономикалық кеңістікке интеграциялауды қамтамасыз ететін Республиканың өңірлік дамуының моделін жасауды; экономика мен қаржының маңызды секторларындағы мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі мен біліктілігін өсіруді, Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің мамандарын кәсіптік дамытуға ықпал ететін озық білімді және тәжірибені қолдануды қамтамасыз етеді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бағдарламаны іске асыру барысында әзірленген әдістеме өңірлердің тұтастай елдің өңірлік дамуын жоспарлауды талдау мен болжамдау міндеттерін жедел шешуді арттыру және маңызды экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша өңірлік сәйкессіздікті азайту міндеттерін шешу үшін негіз болады.
Уақтылығы: бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражатты нысаналы және тиімді пайдалану, бағдарламаны іске асыру барысы туралы белгіленген тәртіппен есептер беру.
Сапасы: мемлекеттік басқарудың (мемлекеттік реттеудің, мемлекеттік қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканың білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ететін жүйе қалыптастыруға арналған бағдарламаны іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 201-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
201-1-қосымша
220 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
008 «Инфляцияны тежеу бөлігіндегі ақша-кредит саясатының
тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу» республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Инфляциялық процестерді мониторингілеу және реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 46-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инфляцияны тежеу бөлігіндегі ақша-кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұлттық экономиканың әлемдік валюталар бағамының ауытқуынан тәуелділігін төмендету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдар ламаның коды | Кіші бағдар ламан ың коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімдері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 008 | | Инфляцияны тежеу бөлігіндегі ақша-кредит саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық экономиканы әлемдік валюталар бағамының ауытқуынан тәуелділігін азайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруы. | 2006 жылғы 2 жартыжылдық | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес инфляция деңгейін жоспарланған межеде ұстап тұру.
Түпкі нәтиже: 1) инфляцияны тежеуге бағытталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын күшейту; 2) инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі қаржы рынокта операциялар жүргізуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
202-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта
қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг агенттіктерімен
өзара іс-қимыл жасау"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 25730 мың теңге (жиырма бес миллион жеті жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi:
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының 11-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының инвестициялық беделін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін жыл сайын беру және қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Қазақстан Республи- касының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықара- лық рейтинг агенттік- терімен өзара іс-қимыл жасау | Standard and Poor's International Services, Inc, Fitch Ratings Ltd., Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін бекіту және қайта қарау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу. | 2006 жылғы ақпан, шілде, қазан | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Халықаралық рейтингтік агенттіктер көрсеткен қызметтерге уақтылы төлем жасау.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын қарыз алушы - компаниялардың (екінші деңгейдегі банктер, ірі компаниялар) корпоративтік кредиттік рейтингіне әсер ететін Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау және бекіту. Қаржы-экономикалық нәтиже:
халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметіне мынадай көлемде төлем жасау: Standard and Poor's International Services, Inc. - 6350,0 мың теңге, Fitch Ratings Ltd. - 13030,0 мың теңге; Moody's Investors Service - 6350,50 мың теңге.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының сұранысын мынадай деңгейде қанағаттандыру; Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне төмен инвестициялық тәуекелділік, Қазақстан Республикасының инвесторлық базасын кеңейту;
Егемен еврооблигациялар орналастырылған жағдайда қарыз алу бағасын төмендету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 203-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
203-қосымша
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Ұлттық және экономикалық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1965720 мың теңге (бip миллиард тоғыз жүз алпыс бес миллион жеті жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 Қазақстан Республикасының Заңы; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабы; «Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты бекіту туралы» 1999 жылғы 24 маусымдағы № 403 Қазақстан Республикасының Заңы; «Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруды құқықтық қамтамасыз ету туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 22 маусымдағы № 214 Қазақстан Республикасының Заңы; «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын бекіту туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 465 Қазақстан Республикасының Заңы; «Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 549 Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысы; «Мемлекеттік басқа деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 147 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2006-2007 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 824 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысының 11-тармағы; «2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1203 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесінің 44-тармағы; «2006 жылы байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтінімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1116 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасында Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 370 қаулысы.