«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 470 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бойынша:
1) көрсетілген қаулыға 201-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«шеңберінде үш орталық құруы» деген сөздер «жарғылық капиталын ұлғайтуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жүйесі құрылатын» деген сөздер «мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттер қызметшілер» деген сөздердің алдынан «тұрақты негізде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 206-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономиканың әр түрлі секторларында кадрлар даярлау саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу; жас басшы қызметкерлердің жаңа буынын және елдің нарықтық экономикасының елеулі негізін құруға қабілетті қызметкерлерді тарту; басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу есебінен елдің экономика саласындағы ұйымдарының құрылымын жетілдіру; кадрлардың біліктілігін арттыру және Қазақстан мен Германияның тиісті фирмаларының өзара іс-әрекеті бөлігінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау; Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына тағылымдамаға жіберу.»;
6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«І. Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру. Оқу мерзімі алты айдан аспайды.
II. Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Бірлескен өтінішінің шарттарына сәйкес Германия Федеративтік Республикасының кәсіпорындарына үздік басшы қызметкерлер мен менеджерлерді тағылымдамаға жіберу. 2005 жылдан бастап саны ең көбі - 100 адам.
III. Германия Федеративтік Республикасындағы үздік басшы қызметкерлер мен менеджерлердің тағылымдамасы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру.»;
7-тармақта:
екінші абзацтағы «600 басшы қызметкердің» деген сөздер «басшы қызметкерлер мен менеджерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «басшы қызметкерлер» деген сөздерден кейін «мен менеджерлер» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацтағы «басшы қызметкерлердің» деген сөздер «басшы қызметкерлер мен менеджерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «жоғары басқарушы лауазымдарда» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |