«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 470б Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«6» деген саннан кейін «, 6-1» деген сандармен толықтырылсын;
«9» деген саннан кейін «, 9-1» деген сандармен толықтырылсын;
«127» деген сандардан кейін «, 127-1» деген сандармен толықтырылсын;
«169» деген сандардан кейін «, 169-1» деген сандармен толықтырылсын;
172-қосымша алынып тасталсын;
«177» деген сандардан кейін «, 177-1» деген сандармен толықтырылсын;
180-қосымша алынып тасталсын;
«201» деген сандардан кейін «, 201-1» деген сандармен толықтырылсын;
204-қосымша алынып тасталсын;
«214» деген сандардан кейін «, 214-1» деген сандармен толықтырылсын;
«235» деген сандардан кейін «, 235-1» деген сандармен толықтырылсын;
«237» деген сандардан кейін «, 237-1» деген сандармен толықтырылсын;
«239» деген сандардан кейін «, 239-1» деген сандармен толықтырылсын;
«317» деген сандардан кейін «, 317-1, 317-2» деген сандармен толықтырылсын;
«325» деген сандардан кейін «, 325-1» деген сандармен толықтырылсын;
«338» деген сандардан кейін «, 338-1» деген сандармен толықтырылсын;
«339» деген сандардан кейін «, 339-1» деген сандармен толықтырылсын;
348-қосымша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:
«368-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің»;
«369» деген сандардан кейін «, 369-1» деген сандармен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бойынша:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 6-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша:
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«бейнежабдық - 1 жиынтық» деген сөздерден кейін «; жиһаз (басшы кабинеті) - 12 жиынтық» деген сөздермен толықтырылсын;
«қаңтар-наурыз» деген сөздер «қаңтар-желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижелері» деген абзацындағы «бейнежабдық - 1 жиынтық» деген сөздерден кейін «; жиһаз (басшы кабинеті) - 12 жиынтық» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 9-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 38-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 39-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 7330 мың теңге (жеті миллион үш жүз отыз мың теңге).»;
7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтижесі» деген абзацындағы, «5979,0» деген сандар «7330,0» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 40-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 218189 мың теңге (екі жүз он сегіз миллион бір жүз сексен тоғыз мың теңге).»;
реттік нөмірі 4-жолдың 6-тармақ кестесінің 7-бағанында:
«және арнайы полиция бөлімшелері» деген сөздер «, арнайы полиция бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«полиция бөлімшесі» деген сөздерден кейін «, Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 41-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 163376 мың теңге (бір жүз алпыс үш миллион үш жүз жетпіс алты мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «поезд жолдарын жөндеу.» деген сөздерден кейін «Өткен жылдардағы кредиторлық берешекті өтеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы «12» және «25,4» деген сандар тиісінше «14» және «26» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 240162 мың теңге (екі жүз қырық миллион бір жүз алпыс екі мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 50-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4407849 мың теңге (төрт миллиард төрт жүз жеті миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың теңге).»;
7-тармақтың «Тура нәтиже» деген абзацында:
«- 554 458» деген сандар «кемінде 678 800» деген сөздермен ауыстырылсын;
«- 599 416» деген сандар «кемінде 763 574» деген сөздермен ауыстырылсын;
«- 275 257» деген сандар «кемінде 451 066» деген сөздермен ауыстырылсын;
«- 8 447» деген сандар «кемінде 6 147» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 52-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 40400 мың теңге (қырық миллион төрт жүз мың теңге).»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтарды көші-қон карточкаларымен және уақытша келу бланкілерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша акция өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын ерекше үлгідегі карточкалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ламинаттайтын пленка сатып алу және көші-қон карточкаларын жеткізу жөніндегі шығыстар.»;
6-тармақта:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру жөнінде бір жолғы акция өткізу кезеңінде көші-қон карточкаларын және ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларының бланкілерін дайындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.»;
7-баған «министрлігі» деген сөзден кейін «, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының Ішкі істер департаменттері» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Typa нәтиже» деген абзацта:
«3000000 адам;» деген сөздерден кейін «ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларымен қамтамасыз етілген, тіркелген шетел азаматтарының саны - 300000 адам;» деген сөздермен толықтырылсын;
«- 10000000 бірлік» деген сөздер «кемінде 10000000 бірлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Соңғы нәтиже» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетел азаматтарын көші-қон карточкаларымен 100 % қамтамасыз ету; республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша акция өткізу кезеңінде ерекше үлгідегі көші-қон карточкаларын бере отырып, шетел азаматтарын 100 % тіркеу.»;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзац «1 теңге» деген сөздерден кейін «; ерекше үлгідегі 1-көші-қон карточкасын дайындауға жұмсалатын шығын - 98 теңге» деген сөздермен толықтырылсын;
«Уақтылығы» деген абзацтағы «уақытында тіркеу.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Заңсыз еңбек мигранттарын уақтылы тіркеу және оларды заңдастыру.»;
көрсетілген қаулыға 53-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 340646 мың теңге (үш жүз қырық миллион алты жүз қырық алты мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Есірткіге тәуелді адамдарды және олардың өкілдерін әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығын материалдық-техникалық нығайту: компьютерлерді, сканерлерді, мультимедиа проекторларын сатып алу» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Typa нәтиже» деген абзацтағы «жылына әлеуметтік-психологиялық реабилитация курстарына өткен есірткіге тәуелді адамдардың саны (50 адам)» деген сөздер алынып тасталсын;
«Сапасы» деген абзацтағы «ресми есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдар санынан 0,1% адамдарды қалпына келтіру» деген сөздер алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 56-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 14372999 мың теңге (он төрт миллиард үш жүз жетпіс екі миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 3-жолдағы «Камаз 4208 автобусы» деген сөздерден кейін «, Камаз базасында ж/к 25 тонналық автокран, ж/к 4 тонналық жүк тиеуіш» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 4-жолдағы «Уаз 3909, Нива-Марш, Газель» деген сөздерден кейін «, «Пегас» ауа жастықшасы бар кеме, Камаз базасында авариялық құтқару машинасы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 7-жолдағы «1 ұшақты күрделі жөндеу» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 9-жолдағы «ақпаратты өңдеу және өрттердің жедел алдын алу үшін» деген сөздерден кейін «, сынақ жабдығы: «Жануы қиын материалдар мен керамика құбырлар топтарын анықтау» қондырғысы, көбік жиілігін анықтау қондырғысы, «жалындауды» анықтау қондырғысы, (еден) қондырғысы, «шахта пеші» қондырғысы, «жалын анықтау» қондырғысы, «уыттылық» қондырғысы, «түтін» қондырғысы, «Жанбайтын материалдар топтарын анықтау» қондырғысы, «Бузенка» қондырғысы, «Маталар» қондырғысы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 10-жолдағы «авариялық құтқару жабдықтарының» деген сөздерден кейін «Холматро» авариялық құтқару құралы» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 57-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1243420 мың теңге (бір миллиард екі жүз қырық үш миллион төрт жүз жиырма мың теңге).»;
2-тармақтағы «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңы» деген сөздерден кейін «; «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші сөйлемі «, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мамандар даярлаудың білім беру деңгейін арттыру»;
5-тармақтың бірінші абзацында «төтенше жағдайлар» деген сөздерден кейін «; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында біліктілігі жоғары мамандар даярлау» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жол 2) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«; 3) ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының оқу кешенін салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу (28.07.2005 жылғы № 2-484/05 мемлекеттік сараптама қорытындысы)»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«; - 2900 бірлікке арналған «ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының оқу кешенін салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу»;
«Түпкілікті нәтиже» деген абзац «пайдалануға беру» деген сөздердің алдынан мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«, сондай-ақ оқу процесін өткізу жөніндегі тиісті жағдайларды қамтамасыз ету үшін ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының оқу кешенін»;
көрсетілген қаулыға 59-қосымшада:
6-тармақ кестесінің 5-бағанының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көкшетау техникалық институты жатақханасының ғимаратын мемлекеттік сараптамадан өткен сметалық құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеу жүргізу.»;
көрсетілген қаулыға 61-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4824501 мың теңге (төрт миллиард сегіз жүз жиырма төрт миллион бес жүз бір мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жол «Жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында Иран Ислам Республикасы үшін 2003 жылы жүргізілген мемлекеттік және жұмылдыру резервтерінен материалдық құндылықтарды шығаруға жұмсалған шығындарды өтeу.» деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 65-қосымшада:
құпия;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы «Шетелдердегі Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары туралы ережені бекіту туралы» № 577 қаулысы» деген сөздер «Шет елдердегі дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «53», «157» және «162» деген сандар тиісінше «63», «159» және «185» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 66-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1618035 мың теңге (бір миллиард алты жүз он сегіз миллион отыз бес мың теңге).»;
2-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегі келісім,» деген сөздерден кейін «1998 жылғы 8 қыркүйектегі Еуропа - Кавказ - Азия дәлізін дамыту жөніндегі халықаралық көлік туралы негізгі көп жақты келісім,» деген сөздермен толықтырылсын;
«2005 жылғы 17 наурыздағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Секретариаты (АӨСШК) туралы ережені дайындау бойынша арнайы жұмысшы тобы мәжілісінің шешімі» деген сөздер «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының (АӨСШК) Конститутивтік (Жарғылық) құжаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшылары 2002 жылғы 4 маусымда қол қойған Алматы актісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«73» деген сандар «74» деген сандармен ауыстырылсын;
«АӨСШК-ге қатысушылар Сыртқы істер министрлерінің Кеңесін өткізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-маусым.
Алматы қаласында АӨСШК саммитін өткізу. Іске асыру мерзімі - шілде-қыркүйек.» деген абзацтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 68-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 800336 мың теңге (сегіз жүз миллион үш жүз отыз алты мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 69-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 997920 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 70-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1555455 мың теңге (бір миллиард бес жүз елу бес миллион төрт жүз елу бес мың теңге).»;
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 72-1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 234792 мың теңге (екі жүз отыз төрт миллион жеті жүз тоқсан екі мың теңге).»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«48» деген сандар «165» деген сандармен ауыстырылсын;
«2» деген сан «19» деген сандармен ауыстырылсын;
«10» деген сандар «18» деген сандармен ауыстырылсын;
«Соңғы нәтиже» деген абзацта:
«5» деген сан «11,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«21 %» деген сөздер «10,9 %» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржы-экономикалық тиімділігі» деген абзацта:
«аппараттағы - 1256,5 мың теңге» деген сөздер «аппараттағы 1423 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік қызметкерге - 11,5 мың теңге» деген сөздер «мемлекеттік қызметшіге - 22,1 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік қызметкерге - 22,0 мың теңге» деген сөздер «мемлекеттік қызметшіге - 23,2 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сапасы» деген абзацта:
«мемлекеттік тілді оқыту курстарын өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшу - 4,2%; ағылшын тілін оқыту курстарын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істеу - 21%;» деген сөздер «мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру жолымен ұсынылатын қызметтерді жетілдіру.» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 72-6-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 10607200 мың теңге (он миллиард алты жүз жеті миллион екі жүз мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Алматы қаласында Азия ойындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацтағы «мемлекеттік сараптамадан өткен)» деген сөздерден кейін «, Алматы қаласында Азия ойындарын өткізу жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жобалар бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттама.» деген сөздермен толықтырылсын;
«Соңғы нәтиже» деген абзац «2011 жылы Алматы қаласында Азия ойындарын өткізу үшін жағдай жасау.» деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 72-15-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 43395 мың теңге (қырық үш миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 72-17-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 588467 мың теңге (бес жүз сексен сегіз миллион төрт жүз алпыс жеті мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 72-18-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2882241 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз сексен екі миллион екі жүз қырық бір мың теңге).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында мәдениетті дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: мәдениет инфрақұрылымын дамыту.»;
6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- Астана қаласында 3500 орынға арналған киноконцерт залын салу.»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тікелей нәтиже: Астана қаласының тұрғындары үшін Қоянды өзенінің су қоймасында қысқа мерзімді демалыс аймағын, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрын және Астана қаласында 3500 орынға арналған киноконцерт залын салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.»;
«Соңғы нәтиже» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету үшін мәдениет объектілерін пайдалануға беру.»;
көрсетілген қаулыға 72-21-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1210423 мың теңге (бip миллиард екі жүз он миллион төрт жүз жиырма үш мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақфильм» ұлттық компаниясына негізгі құралдарды сатып алуға күрделі трансферттер аудару.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы барысында қалыптастырған гуманистік патриоттық идеалдар мен құндылықтар тұрғысында жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 анимациялық фильм шығару.» деген сөздерден кейін «Кинопленкаларды өңдеу және фильмдердің көшірмесін басып шығару үшін кинотехнологиялық жабдықтарды сатып алу.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 72-23-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1138599 мың теңге (бір миллиард бір жүз отыз сегіз миллион бес жүз тоқсан тоғыз мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу:» деген сөздерден кейін «Ресейдегі Абай жылы және Қазақстандағы Пушкин жылы;» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген абзацындағы «9 басқа да іс-шаралар» деген сөздер «10 басқа да іс-шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 72-24-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2632227 мың теңге (екі миллиард алты жүз отыз екі миллион екі жүз жиырма жеті мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 72-29-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 766783 мың теңге (жеті жүз алпыс алты миллион жеті жүз сексен үш мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Отан тарихы» аударма әдебиеті (халықтың ұлттық сана сезіміне, патриотизмге, рухани білімін көтеруге негізделген рухани сипаттағы басылым).» деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау жөніндегі безендірілген альбом-кітаптар және басқа да басылымдар.»;
көрсетілген қаулыға 72-30-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 299379 мың теңге (екі жүз тоқсан тоғыз миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу (12).» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету.»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іс-шараларды іске асыру, оның ішінде:
халықтың Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік нышандарды қабылдау деңгейін және олардың қазақстандықтарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлін зерделеу жөнінде социологиялық зерттеу жүргізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын республикалық деңгейде насихаттау жөнінде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу;
республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу.»;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзацта:
«Қазақстан қоғамының демократиялық ары қарай дамуына септігін тигізетін 16 әрдайым жұмыс жасайтын мәжілістер өткізу.» деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кемінде 4 тұрақты жұмыс істейтін отырысын және жұмыс тобының кемінде 6 отырысын өткізу;
Қазақстан қоғамындағы демократиялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері бойынша кемінде 2 ғылыми-практикалық конференция және кемінде 6 социологиялық зерттеу жүргізу;
мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комииссияның 2 отырысын өткізу;»;
«70» деген сандар «80» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Халықтың Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік нышандарды қабылдау деңгейін және олардың қазақстандықтарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлін зерделеу жөнінде бір социологиялық зерттеу жүргізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын республикалық деңгейде насихаттау жөнінде кемінде екі дөңгелек үстел мен семинарлар өткізу;
бір республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу.»;
«Қаржы-экономикалық нәтиже» деген абзацтағы «1835» деген сандар «2439» деген сандармен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 76-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 78-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша
көрсетілген қаулыға 86-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 5889291 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз сексен тоғыз миллион екі жүз тоқсан бір мың теңге).»;
6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Аумақтық органдардың штат санын жергілікті атқарушы органдарға беру нәтижесінде пайда болған ағымдағы жылдың еңбекақы мен шығу жәрдемақысын төлеу жөнінде аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері алдындағы кредиторлық берешекті өтеу; іске асыру мерзімі: шілде-желтоқсан.»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармаларының өсімдіктер карантині жөніндегі шекара бекеттері үшін мыналарды: компьютерлер, принтерлер, ксерокстер, телефондар, факстар, тұрмыстық тоңазытқыштар, бинокулярлар, қондырғысы бар фотоаппараттар, биологиялық стереоскопиялық микроскоптар, арнайы автокөлік, офистік жиhаз (жиынтық), оптикалық аспаптар сатып алу. Іске асыру мерзімі: шілде-желтоқсан.»;
7-тармақтың «Түпкілікті нәтижелері» деген абзацындағы «қамтамасыз eту» деген сөздерден кейін «, өсімдіктер карантині жүйесі бойынша халықаралық стандарттарға қол жеткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 89-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 920718 мың теңге (тоғыз жүз жиырма миллион жеті жүз он сегіз мың теңге).»;
реттік нөмірі 2-жолдың 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «зертханалық құрал-жабдықтар сатып алу» деген сөздерден кейін:
«; карантиндік зертханаларды орналастыру үшін Астана және Алматы қалаларында 2 зертханалық ғимарат сатып алу; таяу шетелде мамандандырылған өсімдіктер карантині ҒЗИ базасында карантиндік зертхананың жүйелендіруші мамандарын оқыту» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижелері» деген абзацта:
«нәтижесінде деректер алу;» деген сөздерден кейін «карантиндік зертханалар ғимараттары мен құрылыстарын санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келтіру үшін екі ғимарат сатып алу;» деген сөздермен толықтырылсын;
«жабдықтармен қамтамасыз ету;» деген сөздерден кейін «таяу шет елдерде карантинге жатқызылатын өнімдерді талдаудың және сараптаудың қазіргі заманғы әдістеріне карантиндік зертхананың 14 жүйелендіруші маманын оқыту;» деген сөздермен толықтырылсын;
«Түпкілікті нәтижелері» деген абзацта:
«жол бермеу» деген сөздерден кейін «Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкес фитосанитарлық шараларды орындау үшін мамандарды оқыту және 2 карантиндік зертхана сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 93-қосымшада:
7-тармақта:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» деген бөлімде: