5. Банктің дауыс беруші акцияларының он және одан көп процентiн иеленушi немесе сатып алуға ниет бiлдiрушi Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының резидент-банкінің жарғылық капиталына осы қатысуы тиісті мемлекеттің заңдарына қайшы келмейтіндігі туралы өз мемлекетінің уәкілетті органының тиісті хабарламасын ұсынады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 22-бап өзгертiлдi
22-бап. Шетелдердiң қатысуымен банкiлер құруға және олардың қызметiне қойылатын қосымша талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдердiң қатысуымен банкiлер құрған және олардың қызметiн жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақтауға тиiс:
а) шетелдер қатысушы банкiлердiң жарғылық капиталы Қазақстан Республикасындағы уәкiлеттi орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда барлық банкiлердiң жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен аса алмайды;
б) шетелдер қатысушы банкінің Басқармасының кеңесiнiң ең болмағанда бір мүшесi Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеп тұрған банкiде кем дегенде үш жыл басшы қызметте болған тәжiрибесiн, Қазақстан Республикасының банк және шаруашылық заңдарын бiлетiндiгiн куәландыратын құжаттар тапсыруға тиiс;
в) шетелдер қатысушы банк уәкiлеттi орган белгiлейтiн сома мен тәртiп бойынша iшкi активтерге қаражат салуға мiндеттi. Iшкi активтер деп шетелдер қатысушы банкінің Қазақстан Республикасы аумағында салынған теңге және шетел валютасы түріндегі активтерiн айтады, оның iшiнде:
г) шетел қатысқан банктердің барлық қызметкерлерінің кем дегенде жетпіс проценті Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
Iшкi активтердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi;
2. Уәкiлеттi орган шетелдер қатысушы банкiлерге олардың органдарының құрамына, орындалатын банк операцияларының тiзбесiне, сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi пруденциалдық қалыптар мен есептесу тәртібіне қатысты қосымша талаптар қоюға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 23-бап өзгертiлдi
23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi қарау тәртібі
1. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi уәкiлеттi орган сұратқан соңғы қосымша ақпаратты немесе құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде, бірақ өтiнiш қабылданған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей қарауға тиiс.
2. Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi. Хабарлама банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберiледi.
3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
ҚР 11.07.97 № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi
24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту
1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) банкінің құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
б) осы Заңның 15-бабы 2-4-тармақтарының талаптарына банк атауының сәйкес келмеуi;
в) осы Заңның 16-бабының талаптарына банкінің жарғылық капиталы мөлшерiнiң, құрамы мен құрылымының сәйкес келмеуi;
г) банк құрылтайшылары қаржы жағдайының тұрақсыздығы;
д) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
е) осы Заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға банкінің басшы қызметтерiне кандидаттардың сәйкес келмеуi;
ж) осы Заңның 22-бабының 1-тармағында белгiленген қалыптарға шетелдер қатысушы банкінің құрылтай құжаттары сәйкес келмеуi;
з) құрылатын банкінің бизнес-жоспары және өтiнiш берушiнiң өзге де құжаттары:
алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банк тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтау және тиiстi басқару құрылымын құру ниетiнде екенiн;
банк өзiнiң қызмет жоспарына сәйкес ұйымдық құрылымға ие болғандығын;
банк өз қызметiнiң жоспарына сәйкес есеп және бақылау құрылымына ие болғандығын көрсетпесе.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-22-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 ; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 25-бап өзгертiлдi
25-бап. Банкіні мемлекеттік тiркеу
Банкіні мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет органдары жүзеге асырады және оның құрылтай құжаттары уәкiлеттi органмен келісілгендiгiн растайтын деректер.
Құрылтайшылар уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты алынған күннен бастап бір ай iшiнде банкіні мемлекеттік тiркеу үшiн Әдiлет органдарына жолдануға мiндеттi.
Банктi әдiлет органдарында мемлекеттік тiркегеннен кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi қойылған құрылтай шарты мен жарғының және банктi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 26-бап өзгертiлдi
26-бап. Банк операцияларын лицензиялау
1. Банктiк, сондай-ақ осы Заңға сәйкес белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.
Банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар Ұлттық Банк белгiлеген тәртiп бойынша берiледi.
Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік тiркелген күннен бастап бір жыл iшiнде:
а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi біліктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға;
б) жарғылық капиталға төлем жасауға тиiс.
2-1. Жұмыс iстеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшiн:
1) банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердiң және сақтауға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердiң;
2) тәуекелдер мен iшкi бақылау жүйелерi бар бөлiкте уәкiлеттi орган белгiлеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
3. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бір мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды табыс етуге мiндеттi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөніндегі өтiнiштi уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк өтiнiш қабылданған күннен бастап бір ай iшiнде қарауға тиiс.
5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.
7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру жөніндегі шешiмдi уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында жариялайды.
9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi
27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту негiздерi
Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту:
а) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгiленген талаптардың кез келгенi сақталмаған ретте;
б) егер банк мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап бір жыл iшiнде лицензия алу жөнiнде өтiнiш жасамаған ретте жүргiзiледi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 28-бап өзгертiлдi
28-бап. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. Банкінің құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн оның iшiнде, Әдiлет органдарында қайта тiркеуден өту талап етiлетiн өзгерістер мен толықтырулар уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде алдын ала келісілуге тиiс.
2. Банкінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісім беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган бір ай iшiнде қарауға тиiс.
2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, оның iшiнде әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерістердi немесе толықтыруларды мемлекеттік тiркелуден кейiн банк он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерістердiң немесе толықтырулардың нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертiлдi
29-бап. Банкінің филиалдары мен өкiлдiктерiн және есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жабу
1. Банкінің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан және банкінің атынан банк операцияларын жүзеге асыратын және өзiне банк берген өкiлеттiк шегiнде әрекет ететiн банк бөлiмшесi.
Банк филиалының банкiмен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады.
2. Банк өз филиалын ашуға уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен және талаптарға сәйкес уәкiлеттi органның келісімiн алуға мiндеттi.
Банк филиалын ашуға келісім беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
3. Банк филиалын ашуға келісім беру туралы өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
1) банктiң басқару органының филиал ашу туралы шешiмi;
2) банк растаған және филиал жүргiзуге уәкiлеттi банк операцияларының тiзбесiн қамтитын үш дана етiп жасалған банк филиалы туралы ереже;
3) осы Заңның 19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының талаптарына сәйкес жасалған банк филиалының бірiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметтерiне кандидаттар туралы мәлiметтер.
4. Қазақстан Республикасының аумағында банкіні, банк филиалын немесе өкiлдiгiн құруға жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың келісімi талап етiлмейдi.
5. Банк филиалын ашуға келісім беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:
а) осы Заңның 19-бабының 3-тармағының және 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға банк филиалының бірiншi басшысы мен бас бухгалтерi қызметiне кандидаттардың сай келмеуi;
б) уәкiлеттi органның қалыптық талаптарына банк филиалының үй-жайлары мен жабдықтарының сай келмеуi;
в) банкінің уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамауы;
г) қолданылып жүрген заңдарды және уәкiлеттi органның қалыпты құқықтық құжаттарын бұзу.
5-1. Банктiң филиалы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгiзген кезде банк тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлауға тиiс.
6. Банкінің өкiлдiгi - заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден тыс орналасқан, банкінің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететiн банк операцияларын жүзеге асырмайтын банк бөлiмшесi.
6-1. Қазақстан Республикасының резидент банкi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде банктiң өкiлдiгiн ашуға келісім беру туралы өтiнiшпен өкiлдiк ашу туралы өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш айдың iшiнде оның қаржылық жағдайы тұрақты болып, ол пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда, уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкiлдiгiн ашуына келісім беру туралы өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
1) банк өкiлдiгiн ашу туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi банк басқармасы органының шешiмi;
2) банк растаған үш дана етiп жасалған Өкiлдiк туралы ереже;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес өкiлдiктiң бірiншi басшысы туралы деректер.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкiлдiк ашуына келісім беру туралы мәселенi үш ай мерзiмде қарауы тиiс.
Қазақстан Республикасының резидент банкінің өкiлдiк ашуына келісім беруден бас тарту кез келген мынадай негiздер бойынша:
1) банктiң қаржылық жай-күйi тұрақсыз болған жағдайда;
2) банктiң өкiлдiгiн ашуға келісім беру туралы өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан алты айдың iшiнде пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi банк орындамағанда;
3) банкке қатысты осы Заңда көзделген қолданылып жүрген шектеулi ықпал ету шаралары және санкциялар болғанда;
4) осы тармақта көзделген құжаттардың бірi ұсынылмағанда жүргiзіледі.
7. Қазақстан Республикасының резидентi емес банкінің өкiлдiгiн ашуға келісім беру жөніндегі өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) өтiнiш берушi банкінің құрылтай құжаттары;
б) өтiнiш берушi банкінің тиiстi органының Қазақстан Республикасының аумағында өкiлдiк ашу жөніндегі шешiмi;
в) өтiнiш берушi банкінің банк қызметiн жүргiзуге қолданылып жүрген лицензиясы бар екендiгi туралы тиiстi мемлекеттің банк қадағалау органының жазбаша растамасы;
г) өтiнiш берушi банкінің соңғы қаржы (операциялық) жылындағы (топтастырылған балансты және пайда мен залал жөніндегі есептi қоса) тиiстi дәрежеде ресiмделiп, осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн аудиторлық ұйым куәландырған жылдық есебi;
д) тиiстi мемлекеттің банк қадағалау органының өтiнiш берушi банкінің Қазақстан Республикасы аумағында өкiлдiк ашуға қарсылығы жоқ екендiгi жөніндегі жазбаша хабарламасы, не тиiстi мемлекеттің банк қадағалау органының немесе беделдi заң қызметiнiң өтiнiш берушi банк мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi жөніндегі мәлiмдемесi;
е) өкiлдiк қызметкерлерiнiң көзделiп отырған саны және оның басшысы жөніндегі мәлiметтер.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкiлдiк ашуына келісім беру туралы мәселесiн үш ай мерзiмде қарауға тиiс. Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің өкiлдiк ашуына келісім беруден бас тарту осы тармақта көзделген кез келген құжаттардың бірiн ұсынбаған жағдайда жүргiзiледi.
7-1. Банктiң есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) - банктiң уәкiлеттi орган келісімi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын аумақтық оқшау бөлiмшесi.
8. Банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн жабу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.
Банк филиалын жапқан кездегi есептiк тiркеу деректерiне өзгертулер уәкiлеттi органмен алдын ала келісілгеннен кейiн әдiлет органдарына табыс етiледi.
Филиалды және өкiлдiктi әдiлет органдарында есептiк тiркегеннен кейiн банк он төрт күн iшiнде тiркеген әдiлет органының белгiсi мен мөрi бар филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.
3-тарау. Банк қызметiн жүзеге асыру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 28.03.03 ж. № 399-II; 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) ;03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 09.07.03 ж. № 482-II Заңымен 30-бап толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi
30-бап. Банк қызметi
1. Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы бапта белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуi банк қызметi болып табылады.
2. Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерiн, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;
в) банкiлер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк есепшоттарын ашу және жүргiзу;
в-1) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;
г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттердi қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;
д) аудару операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
е) есептеу операциялары:
заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес:
ақшалай түрде несие беру;
з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;
и) сенім операциялары: сенім бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен ақшаны ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, және тазартылған бағалы металдарды басқару;
сенім бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;
к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
л) сейфтiк операциялар:
сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылғанбағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;
м) ломбард операциялары:
сақтауға алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлiктi кепiлге алып, қысқа мерзiмдi несие беру;
н) төлем карточкаларын шығару;
о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жiберу;
п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);
с) чек кiтапшаларын шығару;
т) алынып тасталды
у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.
2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
2-2. Осы баптың 2-тармағында санамаланған банк операциялары Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкін.
2-3. Банктер мен кредиттiк серiктестiктерге осы баптың 2-тармағының а), б), в), в-1), г), д), e), ж), з), и), м), р), с), у), ф), х) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
Осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бередi.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға Ұлттық Банк осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталғаннан басқа банкiлер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған мәнеттердi, дәрiгерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;
г) алынып тасталды
г-1) алынып тасталды
д) лизинг қызметін жүзеге асыру;
е) өз меншiгіндегі бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;
ж) факторингтiк (сауда-саттық) операциялар:
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем төлеудi талап ету құқығына ие болу;
з) форфейтингтiк операциялар (форфетингтеу):
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.
4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:
а) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен - делдалдық;
б) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, сондай-ақ белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;
б-1) инвестициялық портфельдi басқару;
в) кастодиалдық;
г) алынып тасталды
Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бір немесе бірнеше бірлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
5. Уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерінде қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лицензия алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
6. Осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көзделген банк операцияларын жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүргiзуге құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 31-бап өзгертiлдi
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар
1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекітуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:
а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының шектiк мөлшерi;
в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) төлеудiң шарттары;
г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгізу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.
3. Банкінің iшкi ережелерi:
а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
г) банкінің атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.