аудандардың, қалалардың мемлекеттік бас мал дәрiгерлiк инспекторлары, селолық округтердiң мал дәрiгерлiк инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ведомстволық мал дәрiгерлiк қызметтiң мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген мал дәрiгерлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Мемлекеттік мал дәрiгерлiк қадағалау органдары лауазымды адамдарының:
1) өткізу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темір жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттік шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөніндегі мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 560-бап өзгертілді
560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 307, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
өсiмдiктер карантинi жөніндегі республиканың Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөніндегі бac мемлекеттік инспекторлар, өсiмдiк карантинi жөніндегі мемлекеттік инспекторлар облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөніндегі аудандық қызметтер, шекаралық пункттер мен посттардың мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-1-баппен толықтырылды
560-1-бап. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын
реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 309-1, 309-2 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 560-2-баппен толықтырылды
560-2-бап. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 294, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының өсiмдiк қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - азаматтарға айлық есептік көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiк қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiк қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 561-бап өзгертілді
561-бап. Су ресурстары жөніндегі органдар
1. Су ресурстары жөніндегі уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281 көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар; cу ресурстары жөніндегі аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 562-бап жаңа редакцияда
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
саласындағы уәкiлеттi органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттік мекемелердiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде), 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 563-бап өзгертілді
563-бап. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 118-121, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөніндегі республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
2005.04.05 № 48-III ҚР Заңымен 563-1 баппен толықтырылды
563-1-бап. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 564-бап алынып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 565-бап жаңа редакцияда
565-бап. Монополияға қарсы орган
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 566-бап өзгертілді
566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөніндегі қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөніндегі уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды
567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 568-бап жаңа редакцияда
568-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс
инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы органдары осы Кодекстiң 130, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда
569-бап. Статистика органдары
1. Статистика органдары осы Кодекстiң 381-384-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстардың (Астана, Алматы қалаларының) статистика жөніндегі басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-бап өзгертілді
570-бап. Салық қызметi органдары
1. Салық органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 88-1 (екiншi бөлiгiнде), 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 146, 166, 205-212, 215-219, 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Салық қызметiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-1-бап өзгертілді
570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 145, 146, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 166, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 571-бап өзгертілді
571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) алып тасталды
2) осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржылық бақылау комитетiнiң төрағасы мен оның орынбасарлары, министрлiктiң аумақтық органдарының басшылары құқылы.
3) алып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 571-1-баппен толықтырылды
571-1-бап. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу
жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мемлекеттік сатып алу процесiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 572-бап өзгертілді
572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 168, 168-2 (екiншi, бесiншi, жетiншi және сегiзiншi бөлiктер - валюталық бақылау мәселелерi бойынша, оныншы және он бiрiншi бөлiктер), 169, 180-182, 187, 189, 218 (валюталық бақылау мәселелерi бойынша) баптарында, сондай-ақ мемлекеттік статистикалық есеп беру мен бақылаудың, жиналуы мен өңделуi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн деректерi бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 573-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 06.07.04 ж. № 572-II Заңымен 573-бап өзгертілді
573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Кодекстiң 88 (бiрiншi бөлiк), 158-1, 167-1 (бірінші бөлігі), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы бөлiктер), 170, 171, 172, 172-1, 173, 174, 175 (бiрiншi бөлiк), 191, 193, 195, 196, 198, 201, 218-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II Заңдарымен 574-бап өзгертілді
574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің органдары осы Кодекстің 88 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрінің орынбасарлары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 574-1-баппен толықтырылды
574-1-бап. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 575-бап өзгертілді
575-бап. Шекара қызметiнiң органдары
1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөліктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:
шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары азаматтарға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөнiнде қызмет атқаратын шекара корабльдерiнiң (катерлерiнiң) командирлерi азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;
Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, аймақтық басқармалардың, бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2) алып тасталды
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 576-бап өзгертілді
576-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-1-баппен толықтырылды
576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар 139-бапта (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-2-баппен толықтырылды
576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, түзеу мекемелерiнiң бастықтары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-3-баппен толықтырылды
576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесінің тергеу изоляторында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін) қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ұлттық қауіпсiздiк органдары тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.
4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу
33-тарау. Негізгі ережелер
577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.