жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi туралы жеке
кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) келуiн
қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -
бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң
немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау
Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -
сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот
орындаушысына, сот приставына келуден жалтару
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына соттардың және басқа органдардың қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 521-1-баппен толықтырылды
521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау
Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот
орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасау
1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттік органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
524-бап. Соттардың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға уәкiлеттi басқа да органдардың (лауазымды
адамдардың) қаулыларын орындамау
Соттардың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi басқа да органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,-
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының талабын орындамау
1. Лауазымды адамдар мен азаматтардың сот орындаушылары белгiлеген мерзiмде дәлелдi себептерсiз оларға борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкiн өндiрiп алу жөніндегі сот орындаушыларының талаптарын орындамауы, не борышкердiң жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердi, егер оған бұлар туралы белгiлi болса, хабарламауы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына борышкердiң табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы көрiнеу терiс мәлiметтер беру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
526-бап. Алимент өндiрiп алынатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты
жерiнiң өзгергендiгi туралы сот орындаушысына хабарламау
Сот қаулысы негiзiнде берiлген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу iсiн жүргiзетiн ұйымның лауазымды адамының дәлелсiз себептер бойынша бiр ай мерзiм iшiнде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтiн адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
527-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшiн
жауапкершiлiгi
Ұйымның лауазымды адамының атқару үшiн өзiне берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы, -
отыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
528-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар мен басқа да
органдардың қаулыларын орындауда кедергi жасау
Азаматтардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының, сот приставының мүлiктен өндiрiп алу жөніндегі әрекеттерiн (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, саудаға салу) орындауға кедергi жасауы немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер жасау қатерiн
төндiру
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
530-бап. Мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, -
белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
531-бап. Айырым белгiлерi, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың,
құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар
нысанды киiмдi заңсыз киiп жүру
1. Айырым белгiлерi, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар нысанды киiмдi заңсыз киiп жүру, -
нысанды киiм, айырым белгiлер, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi жекеше детективтiк қызметтi немесе күзет қызметiн жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар адамның осы қызметтi жүзеге асырумен байланысты жасауы, -
нысанды киiм, айырым белгiлер, мемлекеттік әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 532-бап өзгертілді
532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік лауазымдағы, сондай-ақ келеңсiз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде бермеуi мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейiн үш жыл бойы жыл сайын берiп тұрмауы немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiрнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
533-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi жеке тұлғаларға
немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық
сыйақы беру
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен ескертумен толықтырылды
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
535-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және
заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 536-бап өзгертілді
536-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу
жалған ақпарат беру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 537-бап өзгертілді
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
органдар басшыларының шара қолданбауы
Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша құқықтық статистика және ақпарат органдарына, салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарауға уәкілетті органдар
31-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 538-бап өзгертілді
538-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi мыналар қарайды:
1) мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық), қалалардағы аудандық комиссиялар;
3) iшкi iстер органдары, мемлекеттік инспекциялар органдары және осы Кодекстiң 543 - 576-3-баптарымен осындай iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары (олардың лауазымды адамдары).
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 539-бап өзгертілді
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстiң 538-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген баптарды қоспағанда, осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк жазалау шаралары мiндеттi түрде қолдануға жатпайтын жағдайларда, оларды қолдану қажеттiгi жоқ болған кезде, iстердi лауазымды адамдары осы Кодекстiң 636-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар тиiстi орган осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген шараларды қолданбай қарауы мүмкiн.
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
540-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссияларды құру тәртібі
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларды жергiлiктi атқарушы органдар комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелерi және комиссияның жауапты хатшысы құрамында құрады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы мен жауапты хатшысы тиiстi мемлекеттік органдар аппараттарының штаттағы қызметiнде болады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру мен оның қызмет iстеу тәртібі заңдарда белгiленедi.
32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің
қайта қарауға жататындығы, лауазымды
адамдардың істерді қарау және әкімшілік
жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
ҚР 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 02.07.03 ж. № 451-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II ; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 541-бап өзгертілді
541-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы Кодекстiң 79-1, 79-2, 79-3, 79-4, 80-86, 95-112, 115, 117, 124, 127, 129, 135-138, 139 (екiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде), 142, 143, 147 (үшiншi бөлiгiнде), 148-157, 158, 159 (екiншi бөлiгiнде), 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 162, 163, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 179, 183, 184, 188, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203, 213, 214, 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 308, 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 318-322, 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 325-328, 329 (екiншi бөлiгiнде), 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде) 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 339, 340, 342-357, 359, 361, 362, 363, 366, 368, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (үшiншi бөлiгiнде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413-419, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 436 (екiншi бөлiгiнде), 437, 442, 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 447 (екінші, үшінші бөліктерінде), 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (үшінші және 6-1 бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 466, 467 (бiрiншi үшiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 467-1, 468 (екiншi бөлiгiнде), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 491 (екiншi бөлiгiнде), 492 (екiншi бөлiгiнде), 493 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498 (екiншi бөлiгiнде), 501, 513-537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
542-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссиялар
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялар кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 543-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 543-бап өзгертілді
543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 113, 114, 116, 131-134, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160, 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 337, 338 (екiншi бөлiгiнде), 341, 364, 365, 367 (тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн), 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377-380, 387, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 132, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 389, 390, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;