3) осы Кодекстiң 159, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 130-132, 159, 165, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 472-475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында (азаматтарға қатысты) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - арнайы шендерi бар жол полициясының қызметкерлерi;
8) осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 113, 114, 116, 333 (екiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн (iшкi iстер жүйесiнiң тергеу изоляторларында құқық бұзушылық жасағаны үшiн) - iшкi iстер органдары жүйесi тергеу изоляторларының бастықтары;
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 544-бап өзгертілді
544-бап. Мемлекеттік өрт сөндiру қызметi органдары
1. Мемлекеттік өрт сөндiру қызметi органдары осы Кодекстiң 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттік өрт сөндiру қызметi органдарының атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, қалалар мен аудандардың өрт қадағалау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, мемлекеттік инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 545-546-баптар алынып тасталды
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 547-бап өзгертілді
547-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әуе кеңiстiгiн пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 548-бап жаңа редакцияда
548-бап. Көлiк бақылау органдары
1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 246, 247, 439, 440, 441, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 457, 458, 459-460 (әуе кемелеріндегі, теңiз көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 463 (бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде iрi көлемдi немесе қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiн бұзу болып табылатын кезде, сондай-ақ салмақ немесе көлем параметрлерi белгiленген нормативтерден асып түсетiн көлiк құралдары арнаулы рұқсатсыз жүрiп өткен жағдайларда), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479-481 (әуе кемелеріндегі, теңiз көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Көлiк бақылау органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
осы Кодекстiң барлық баптары бойынша көлiк бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
139 (бiрiншi бөлiгiнде), 440, 441, 447, 454 (төртiншi бөлiгiнде), 455, 456, 463 (екiншi бөлiгiнде), 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479, 480, 486 (бiрiншi бөлiгiнде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша - көлiк бақылау органдарының осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi он айлық есептiк көрсеткiштен аспауы керек.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 549-бап өзгертілді
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 441, 443, 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 454 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 479-481, 488-490, 491 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 493 (бiрiншi бөлiгiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде), 495, 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 497, 498 (бiрiншi бөлiгiнде), 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1 , 89-94, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
551-бап. Авторлық құқықтар жөніндегі органдар
1. Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі органдар осы Кодекстiң 128, 145-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттiң төрағасы мен оның орынбасарлары, әдiлет басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
552-бап. Көшi-қон және демография жөніндегі органдар
1. Көшi-қон және демография жөніндегі органдар осы Кодекстiң 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон және демография жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді
553-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі
орталық атқарушы органының органдары
1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының органдары осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде), 504 - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік инспекцияға ведомстволық бағынысты, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлерде жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуi мен жарылғыш материалдарды сақтау, пайдалану және есепке алу жөніндегі ережелердiң, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылуы жайындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аумақтық органдарының құрамына кiретiн облыстық, облысаралық, теңiз, Астана және Алматы қалаларының инспекцияларының бастықтары мен олардың орынбасарлары, салалық инспекциялардың бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және кен қадағалау жөніндегі департаментiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылатын директоры мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының төрағасы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары - азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларының бiрiншi басшылары, олардың орынбасарлары азаматтарға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 240-250, 261, 264-266, 270-272, 291, 294, 296, 301, 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгінде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік аға инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік аға инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі мемлекеттік Бас инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы;
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 554-1-баппен толықтырылды
554-1-бап. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123, 259-275, 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 555-бап өзгертілді
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 187 (екiншi бөлiгiнде), 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 420, 422, 425, 431, 435, 436 (бiрiншi бөлiгiнде), 438-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 556-бап өзгертілді
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар;
2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 463, 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 470-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор, сондай-ақ белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттан тыс инспекторлары болып тағайындаған офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар - ескерту түрiнде әкiмшiлiк шаралар қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл ғана көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 557-бап өзгертілді
557-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (бiрiнші бөлiгiнде), 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 220, 221, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 333, 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, темір жол және әуе көлiгi объектiлеріндегі және басқа да объектiлердегi мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 557-1-баппен толықтырылды
557-1-бап. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 558-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер
министрлігі мен Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық
қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Iшкi iстер министрлігінiң және Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
559-бап. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас мал дәрiгерлiк инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттік шекара мен көлiктегi мемлекеттік бас мал дәрiгерлiк инспектор, облыстардың мемлекеттік бас мал дәрiгерлiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мал дәрiгерлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның мал дәрiгерлiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;