Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
28 қарашадағы № 1267 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 89; 24.02.03 ж. № 189; 12.07.04 ж. № 759;
14.12.04 ж. № 1318 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындар қайта аталсын:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеолого-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы".
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 44-4, 44-5-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөніндегі комитетi";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдармен толықтырылсын:
"145-11 Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң
Оңтүстiк Қазақстан гидрогеология-
мелиоративтік экспедициясы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу
құқығында)"
"145-12 Қазақстан Республикасының Қызылорда қаласы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң
Қызылорда гидрогеология-мелиора-
тивтiк экспедициясы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашы-
лық жүргiзу құқығында) ";
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлiктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесiлiлiк табелiнде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген бөлiгінде:
мынадай:
"Су ресурстарын пайдалану Бассейндiк
объектілерін бақылауды су шаруашылығы
жүзеге асыру басқармалары 4"
деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі";
Технологиялық Су ресурстарын Бассейндiк
инспекциялық су шаруашылығы
және жедел басқармалары
басқаруды
жүргiзу үшiн 4";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесiлілiк табелінде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген бөлiмде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі".
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бiрлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Су ресурстары жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 759 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретi шегiнде су қорын пайдалану және қорғау саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң аумақтық органдары - Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында бассейндік су шаруашылығы басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiнде және шоттары, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде кесiмдер шығарады.
5. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 759 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Комитеттiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, экономиканың су секторын дамыту және жердi мелиорациялау бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану және қорғау мемлекетті бақылауды жүзеге асыру;
3) халық пен экономика салаларының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн су қорын пайдалануды реттеу, суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау, өзендер, көлдер мен су қоймаларының жай-күйiн жақсарту;
4) ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 759 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. № 759 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретi шегiнде заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзірлейдi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызмет түрлерiне лицензияның немесе рұқсаттың берiлуiн, қолданылуын тоқтата тұруды жүзеге асырады;
3) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су объектiлерінің жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстарының жобаларын және құрылыс, түбiн тереңдету мен өзге де жұмыстар жүргiзудi, су объектiлеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту әрi пайдалануға беру шарттарын келiседi;
4) республикалық меншiктегi су объектiлерi мен ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн, сондай-ақ су объектілерінде тiкелей орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекiтедi;
5) республикалық меншiктегi су объектiлерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
6) өз құзыреті шегінде мелиоративтiк іс-шаралардың, мелиорацияланған жерлер мониторингiнiң жүргiзiлуiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) геология мен жер қойнауын қорғау және гидрометеорология органдарымен бірлесіп суды мемлекеттік есепке алуды, су-ресурстарының мониторингiн, мемлекеттік су кадастрын жүргiзедi;
8) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн бекiтедi;
9) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша жер бетi су көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ставкаларын әзiрлейдi;
10) су шаруашылығы мен жерлер мелиорациясы, су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
11) негiзгi өзендердiң бассейндерi бойынша және тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілерінiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлейдi;
12) экономика салаларында су тұтынудың үлестi нормаларын келiседi;
13) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi;
14) бассейндер мен су пайдаланушылар бөлiнiсiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;
15) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзiрлейдi;
16) су пайдаланудың үлестi нормалары мен нормативтерiн бекiтедi;
17) су объектілерінiң ақпараттық дерекқорын жасайды және оған барлық мүдделi тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
18) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жобалау, iздестiру, ғылыми-зертеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
19) Қазақстан Республикасының су заңнамасы саласындағы әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
20) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
21) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындауды және iске асыруды жүзеге асырады;
22) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы гранттар мен қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруды жүзеге асырады;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
24) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi.
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Комитет заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға, аумақтық органдарға және Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға нұсқаулар беруге, олардың орындалуын тексеруге;
2) Комитет қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға;
3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құру, оларды қайта ұйымдастыруға әрi тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгізуге;
4) министрлiктердiң, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың су заңнамасын бұзатын нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы ұсыныстар енгізуге;
5) мемлекеттік органдардан, ведомстволық бағыныстағы және басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
6) су заңнамасының бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арызбен жүгiнуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитет өз бетiмен оған бекітілiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметiне тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Комитет төрағасының ұсынуы бойынша қызметiне тағайындалатын және қызметінен босатылатын екі орынбасары болады.
17. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
18. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлiмшелері басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметiне тағайындайды және қызметінен босатады;
4) Комитет штат кестесiн, құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерiн бекiтедi;
5) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейді әрi оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзгe де ұйымдарда Комитет мүдделерiн білдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөніндегi комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу басқармасы
Су шаруашылығы объектілерін пайдалану мен жерлердi мелиорациялауды ұйымдастыру басқармасы
Инвестициялар, қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң
2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөніндегі комитетiнің мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының
Тізбесі
1. Арал-Сырдария бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласы.
2. Балқаш-Алакөл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Алматы қаласы.
3. Ертіс бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Семей қаласы.
4. Есіл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Астана қаласы.
5. Нұра-Сарысу бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қарағанды қаласы.
6. Тобыл-Торғай бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қостанай қаласы.
7. Жайық-Каспий бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Атырау қаласы.
8. Шу-Талас бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 89; 24.02.03 ж. № 189; 14.12.04 ж. № 1318 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. Үлкен Алматы каналын және Бартоғай су қоймасын пайдалану жөніндегі басқарма (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Алматы қаласы.
2. "Астана су" Ақмола су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Астана қаласы.
3. "Целиноградауылсужабдықтау" өндiрiстік құрылыс-пайдалану бiрлестiгі (шаруашылық жүргізу құқығындағы ), Астана қаласы.
4. "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Астана қаласы.
5. "Қарағандысушар" Қарағанды су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
6. Қостанай су құбырларын пайдалану шаруашылық есептегі учаскесi (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қостанай облысы, Қостанай ауданы.
7. Дамды су құбырларын пайдалану шаруашылық есептегi учаскесi (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қостанай облысы, Наурызым ауданы.
8. "Қостанайсушар" Қостанай су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Қостанай қаласы.
9. Сарқант шаруашылық есептегi жол жөндеу учаскесi - 72 (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Алматы облысы, Сарқант ауданы.
10. Торғай су құбырларын пайдалану басқармасы (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Арқалық қаласы.
11. Түркiстан суға батыру сорғылары зауыты (шаруашылық жүргізу құқығындағы), Түркістан қаласы.
12. Шардара су қоймасымен бірге СЭС (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Шардара қаласы.
13. "Оңтүстіксушар" Оңтүстік Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Шымкент қаласы.
14. "Батыссушар" Батыс Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Орал қаласы.
15. "Одақтыңсушар" тресті, (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Петропавл қаласы.
16. "Солтүстiксушар" Солтүстік Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Петропавл қаласы.
17. "Ақтөбесушар" Ақтөбе су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтөбе қаласы.
18. "Атыраусушар" Атырау су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Атырау қаласы.
19. "Шығыссушар" Шығыс Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Өскемен қаласы.
20. "Жамбылсушар" Жамбыл су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы.
21. "Mаңғыстаусушар" Маңғыстау су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы.
22. "Павлодарсушар" Павлодар су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Павлодар қаласы.
23. "Арал" құрылысы салынып жатқан кәсiпорындар бiрлескен дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қызылорда қаласы.
24. "Солтүстiксуқұрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінiң құрылысын салу жөніндегі аймақтық дирекция" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы), Көкшетау қаласы.
25. "Есіл су" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы), Петропавл қаласы.
26. "Таразсушар" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Тараз қаласы.
26. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Шымкент қаласы.
27. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны, (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қызылорда қаласы.
2. Мемлекеттік мекемелер
1. Жетiсу гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы, Алматы қаласы.
2. "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" Тараз қаласы.
3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Шымкент қаласы;
4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешімдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 2 наурыздағы № 347 қаулысының 1, 3-тармақтары, 4-тармағының екiншi абзацы, 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 13-14, 134-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 793 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 278-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 2 наурызындағы № 347 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 маусымдағы № 853 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 296-құжат).