Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
28 қарашадағы N 1267 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 89; 24.02.03 ж. N 189
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 шілдедегі N 759 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қайта аталсын:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеолого-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы".
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 44-4, 44-5-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Су ресурстары жөнiндегi комитетi";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-11, 145-12-жолдармен толықтырылсын:
"145-11 Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң
Оңтүстiк Қазақстан гидрогеология-
мелиоративтік экспедициясы
республикалық мемлекеттiк
кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу
құқығында)"
"145-12 Қазақстан Республикасының Қызылорда қаласы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң
Қызылорда гидрогеология-мелиора-
тивтiк экспедициясы республикалық
мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашы-
лық жүргiзу құқығында) ";
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды peттey туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарына көлiктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердің тиесiлiлiк табелiнде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiгінде:
мынадай:
"Су ресурстарын пайдалану Бассейндiк
объектiлерiн бақылауды су шаруашылығы
жүзеге асыру басқармалары 4"
деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі";
Технологиялық Су ресурстарын Бассейндiк
инспекциялық су шаруашылығы
және жедел басқармалары
басқаруды
жүргiзу үшiн 4";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Opталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердiң тиесiлілiк табелінде:
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiмде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі".
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Су ресурстары жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретi шегiнде су ресурстарын басқару саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң аумақтық органдары - Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында бассейндік су шаруашылығы басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, бюджеттің атқарылуы жөнiндегi уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiнде және шоттары, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде кесiмдер шығарады.
5. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
10. Комитеттiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) су ресурстарын басқару мен қорғау, су шаруашылығы әрi су мелиорациялауды дамыту бағдарламаларын iске асыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) өз құзыретi шегiнде су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттi бақылауды жүзеге асыру;
3) халық пен экономика салаларының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн су пайдалануды реттеу, суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау, өзендер, көлдер мен су қоймаларының жай-күйiн жақсарту;
4) суды реттеу, пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен экономикалық тетiктi жетiлдiру.
11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретi шегiнде заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзірлейдi;
2) қоршаған ортаны қорғау органдарымен келiсiм бойынша жер бетi суларын арнайы пайдалануға рұқсат бередi және жер асты су көздерiнен арнайы су пайдалануға рұқсат бepу келiседi;
3) объектiлер салу, қайта жаңарту, ұйымдар мен құрылыстарды орналастыру жобаларын келiсу кезiнде су пайдаланудың барлық түрiне техникалық шарттар бередi;
4) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардағы су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс iстеу режимiн реттейдi, мемлекетаралық, салааралық және облысаралық мақсаттағы су қоймаларын, бөгеттердi, су тораптарын, арналар мен суағарларды және су көздерiнде тiкелей орналасқан басқа да су шаруашылығы объектілерiн пайдалануды ұйымдастырады;
5) жер бетi және жер асты суларының су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлейдi;
6) өз құзыреті шегінде мелиоративтiк іс-шаралардың, мелиорацияланған жерлер мониторингiнiң жүргiзiлуiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) геология мен жер қойнауын қорғау және гидрометеорология органдарымен бірлесіп суды мемлекеттiк есепке алуды, су-ресурстарының мониторингiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзедi;
8) табиғатты, балық қорларын қорғау, санитарлық қадағалау мемлекеттік органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік opгандармен бiрлесiп кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану ережелерiн келiседi;
9) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жер бетi су көздерiнiң су pecурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ставкаларын әзiрлейдi;
10) су шаруашылығы мен жерлер мелиорациясы, су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
11) су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмысқа қатысады, су шаруашылығы құрылыстары мен су объектiлерi және құрылыс, түбiн тереңдету әрi су ресурстарының жай-күйiне әсер ететiн өзге де жұмыстар жүргiзу жобаларын келiседi;
12) трансшекаралық суларды және мемлекетаралық су шаруашылығы объектiлерiн, су ағызатын арықтарды бiрлесiп пайдалану әрi қорғау мәселелерi бойынша шектес мемлекеттердiң су шаруашылығын мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
13) мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады, су шаруашылығына инвестициялар тарту мен оларды пайдалануға жәрдемдеседi, Қазақстан Республикасы су секторының инвестициялық жобаларын дайындау мен iске асыруды жүзеге асырады;
14) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлеудi жүзеге асырады;
15) оған Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Комитет заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға, аумақтық органдарға және Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға нұсқаулар беруге, олардың орындалуын тексеруге;
2) Комитет қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға;
3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құру, оларды қайта ұйымдастыруға әрi тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
4) министрлiктердiң, өзге де орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың су заңнамасын бұзатын нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы ұсыныстар енгізуге;
5) мемлекеттiк органдардан, ведомстволық бағыныстағы және басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан өз мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
6) су заңнамасының бұзылуын жою мақсатында сотқа талап-арызбен жүгiнуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитет өз бетiмен оған бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiне тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Төрағаның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Комитет төрағасының ұсынуы бойынша қызметiне тағайындалатын және қызметінен босатылатын екі орынбасары болады.
17. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
18. Комитет төрағасы осы мақсаттарда:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлiмшелері басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметiне тағайындайды және қызметінен босатады;
4) Комитет штат кестесiн, құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерiн бекiтедi;
5) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитет қызметкерлерiн көтермелейді әрi оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзгe де ұйымдарда Комитет мүдделерiн білдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Су ресурстары жөніндегi комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу басқармасы
Су шаруашылығы объектiлерiн пайдалану мен жерлердi мелиорациялауды ұйымдастыру басқармасы
Инвестициялар, қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң
2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөнiндегi комитетiнің мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
Тізбесі
1. Арал-Сырдария бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласы.
2. Балқаш-Алакөл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Алматы қаласы.
3. Ертiс бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Семей қаласы.
4. Есiл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Астана қаласы.
5. Нұра-Сарысу бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қарағанды қаласы.
6. Тобыл-Торғай бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қостанай қаласы.
7. Жайық-Каспий бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Атырау қаласы.
8. Шу-Талас бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысымен
бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 89; 24.02.03 ж. N 189 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су
ресурстары жөнiндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
1. Үлкен Алматы каналын және Бартоғай су қоймасын пайдалану жөнiндегi басқарма (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Алматы қаласы.
2. "Астана су" Ақмола су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Астана қаласы.
3. "Целиноградауылсужабдықтау" өндiрiстік құрылыс-пайдалану бiрлестiгі (шаруашылық жүргізу құқығындағы ), Астана қаласы.
4. "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Астана қаласы.
5. "Қарағандысушар" Қарағанды су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны, Қарағанды қаласы.
6. Қостанай су құбырларын пайдалану шаруашылық есептегі учаскесi (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қостанай облысы, Қостанай ауданы.
7. Дамды су құбырларын пайдалану шаруашылық есептегi учаскесi (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қостанай облысы, Наурызым ауданы.
8. "Қостанайсушар" Қостанай су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Қостанай қаласы.
9. Сарқант шаруашылық есептегi жол жөндеу учаскесi - 72 (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Алматы облысы, Сарқант ауданы.
10. Торғай су құбырларын пайдалану басқармасы (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Арқалық қаласы.
11. Түркiстан суға батыру сорғылары зауыты (шаруашылық жүргізу құқығындағы), Түркістан қаласы.
12. Шардара су қоймасымен бiрге СЭС (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Шардара қаласы.
13. "Оңтүстіксушар" Оңтүстік Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, Шымкент қаласы.
14. "Батыссушар" Батыс Қазақстан су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Орал қаласы.
15. "Одақтыңсушар" тресті, (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Петропавл қаласы.
16. "Солтүстiксушар" Солтүстік Қазақстан су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Петропавл қаласы.
17. "Ақтөбесушар" Ақтөбе су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтөбе қаласы.
18. "Атыраусушар" Атырау су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Атырау қаласы.
19. "Шығыссушар" Шығыс Қазақстан су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Өскемен қаласы.
20. "Жамбылсушар" Жамбыл су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы.
21. "Mаңғыстаусушар" Маңғыстау су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Ақтау қаласы.
22. "Павлодарсушар" Павлодар су шаруашылығы жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, Павлодар қаласы.
23. "Арал" құрылысы салынып жатқан кәсiпорындар бiрлескен дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қызылорда қаласы.
24. "Солтүстiксуқұрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын салу жөнiндегi аймақтық дирекция" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы), Көкшетау қаласы.
25. "Есiл су" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы), Петропавл қаласы.
26. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Шымкент қаласы.
27. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң Қызылорда гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны, (шаруашылық жүргiзу құқығындағы), Қызылорда қаласы.
2. Мемлекеттiк мекемелер
1. Жетiсу гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы, Алматы қаласы.
2. "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" Тараз қаласы.
3. Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы, Шымкент қаласы;
4. Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы, Қызылорда қаласы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 28 қарашадағы N 1267 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешімдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 наурыздағы N 347 қаулысының 1, 3-тармақтары, 4-тармағының екiншi абзацы, 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 134-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 793 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 278-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылдың 2 наурызындағы N 347 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 маусымдағы N 853 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 296-құжат).