Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Су ресурстары
жөнiндегі комитетiнiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 347 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 793; 06.06.00 ж. № 853; 06.11.02 ж.
№ 1173; 28.11.02 ж. № 1267 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығы мен "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен бұрынғы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң мүлкiн 1999 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарауына берсiн.
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың Қызылорда бiрiккен дирекциясы" мемлекеттік кәсiпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорынға жатқызылсын және Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi аталған кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң "Солтүстiк су құрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiн салу жөніндегі аумақтық дирекция" мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:
1) республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымдарды сумен қамтамасыз ету коммуникациялар және олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң басқа да салаларында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
2) табиғат қорғау саласында шаруашылық-өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 6-тармақтың күші жойылды
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
осы қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Су ресурстары комитетi" деген бөлiмi мынандай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 145-8, 145-9-жолдармен толықтырылсын:
"145-8. "Арал" салынып жатқан
кәсiпорындардың бiрiккен
дирекциясы" республикалық
мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Қызылорда қаласы
145-9. "Солтүстiк су құрылысы"
Қазақстанның солтүстiк және
орталық облыстарында су
шаруашылығы объектілерiн
салу жөніндегі аумақтық дирекция"
республикалық мемлекеттік кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Көкшетау қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 50, 489-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) мелиорация, ирригация және дренаж функцияларын қоспағанда су ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;",
12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеуге мемлекетаралық су бөлiсу мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға;".
7. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 мамырдағы № 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 17, 180-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 40, 343-құжат) бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 2 наурыздағы № 347
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі құзыретiнiң шегiнде су ресурстарын басқару саласында арнайы атқарушылық функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары - бассейндiк су шаруашылығы басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 25.05.00 ж. № 793 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
475000 Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актiлерімен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
1) су ресурстарын басқару мен қорғау саласында мемлекеттік саясатты, су шаруашылығын дамытудың, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын, су көздерiнен суды арнайы пайдалануға рұқсаттың шарттарының орындалуын мемлекеттік бақылау;
3) халықтың және экономика салаларының қажетiн қамтамасыз ету үшiн суды пайдалануды реттеу, суды ластанудан, қоқыстанудан және тартылудан қорғау, өзендердiң, көлдердiң және су қоймаларының жәй-күйiн жақсарту;
4) су ресурстарын пайдаланудың нормативтiк құқықтық актілерін және экономикалық тетiктерiн жетiлдiру болып табылады.
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
2) геология және қойнауды қорғау органдарымен келісім бойынша жер бетіндегі сулардан суды арнайы пайдалануға рұқсат бередi және жерасты су көздерiнен суды арнайы пайдалануға рұқсат берудi келiседi;
3) ұйымдар мен объектiлердi салудың, қайта жаңартудың, ұйымдар мен ғимараттарды орналастырудың жобаларын келiсу кезiнде суды пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттар бередi;
4) ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардағы барлық су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс режимiн реттейдi, олардың тiкелей су көздерiне орналасқан мемлекетаралық, облысаралық, салааралық мақсаттағы су қоймаларын, бөгеттерiн, су тораптарын, каналдар мен су арналарын және басқа да су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануын ұйымдастырады;
5) жерасты суын қоса есептегенде қысқа мерзiмді және перспективалық су шаруашылығы баланстарын кешендi пайдалану схемаларын әзiрлейдi;
6) геология мен жер қойнауын қорғау және гидрометеорология органдарымен бiрлесiп сулардың мемлекеттік есебiн, су ресурстарының мониторингiн, мемлекеттік су кадастрын жүргiзедi;
7) мемлекеттік табиғат, балық қорларын қорғау санитарлық қадағалау органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдаланудың тәртібін келiседi;
8) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша жерүстi суларының су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң ставкаларын, оларды пайдаланудың шарттарын әзiрлейдi;
9) мемлекеттік органдармен су шаруашылығы, су ресурстарын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
10) су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөніндегi жұмыстарға қатысады, су объектiлерi мен су ресурстарының жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстарының және құрылыс, арна түбiн тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргiзудiң жобаларын келiседi;
11) шекарааралық сулар мен мемлекетаралық су ағысы арналарын бiрлесiп пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша iргелес мемлекеттердiң мемлекеттік су шаруашылығын басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
12) мемлекетаралық ынтымақтастықтың басымдықты бағыттарын жасауға қатысады, инвестицияларды су шаруашылығына тартуға және пайдалануға ықпал етедi;
13) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитеттiң негiзгі міндеттерiн iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) бұйрықтар шығаруға, аумақтық органдарға және құзiретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға нұсқаулар беруге және оның орындалуын тексеруге;
2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеуге және енгізуге;
3) министрлiктердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың су ресурстарын бөлудi, пайдалануды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актілері және арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттары Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе, бұл құжаттардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
4) су ресурстарының, объектiлерiнiң және суармалы жерлердiң жай-күйi, олардың пайдаланылуы мәселелерi жөнiнде тиiстi мемлекеттік органдардан және өзге де заңды тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға және қажет болған жағдайда оларға осындай ақпаратты беруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттің өзiне бекітілiп берілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 06.06.00 ж. № 853 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функциясын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
2) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
3) өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
6) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 2 наурыздағы № 347
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары жөнiндегі комитетi
мемлекеттік мекемелерiнiң - аумақтық органдарының
тізбесі
1. Арал-Сырдария бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласы
2. Балқаш-Алакөл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Алматы қаласы
3. Ертіс бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Семей қаласы
4. Есіл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Астана қаласы
5. Нұра-Сарысу бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қарағанды қаласы
6. Тобыл-Торғай бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Қостанай қаласы
7. Жайық-Каспий бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Атырау қаласы
8. Шу-Талас бассейндiк су шаруашылығы басқармасы, Тараз қаласы.