Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 890 Қаулысы
(2011.10.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011.10.10. № 1154 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2011.10.10. № 1154 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар белгiленсiн:
1) 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары;
1-1) мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жеке сервитут белгілеу үшін жер салығы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төлемақы;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы.
Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;
ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 408 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
31 жылдан 49 жылға дейiн - 50%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
2. Жер учаскелерi үшiн төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық ставкаларының жоғарыда көрсетiлген мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге қойған кезде жердi бағалау үшiн, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестердiң жарғылық қорларына жарна ретiнде не өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда, меншiк иесiн (жер пайдаланушыны) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерiн немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активтерiне енгiзген кезде және жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келісімiмен белгiленуi мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 2011.10.10. № 1154 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректерінің және жер нарығының мониторингі нәтижелерінің негізінде қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларының өзгеруі туралы ұсыныстар енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2011.10.10. № 1154 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік органдары жергілікті талаптарға және ерекшеліктерге орай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын бекітсін.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 174-құжат);
2) «Жекелеген отандық өндiрушілердi қолдау мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763 қаулысының 9-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 28, 236-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 мамырдағы № 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 194-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.19.07. № 690 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.22.05. № 408 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.29.05 № 512 Қаулысымен (бұр. ред. қара ); 2008.16.10 № 956 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.07.11 № 1023 (бұр. ред. қара) 1-қосымша өзгертілді
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2011.10.10. № 1154 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.13.07. № 666 (бұр.ред.қара); 2007.22.05. № 408 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 890 қаулысына
2-қосымша
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке
меншікке берген кезде олар үшін төлемақының
БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
гектарына мың теңгемен
(таблицаның жалғасы бар)
____________________________________________________________________
| Ауыл | Топырақтың типтері мен шағын типтері
Облыстар | шаруашы. |_____________________________________________
| лығы | қара топырақты| қою |қызыл|ашық |қоңыр| сұр
| алқапта. |_______________|қызыл|қоңыр|қызыл| |қоңыр
| рының |шайыл.|оңтүстік|қоңыр| |қоңыр| |
| түрлері |ған, | | | | | |
| |қара. | | | | | |
| |пайым | | | | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егістік 49,4 34,4 24,4 18,1 43, 1
суармалы
егістік 71,9 63,1 53,1 46,9 43,1
шабындық 14,4 13,1 10,6 10,6 6,9
жайылым 9,2 8,1 6,9 5,6 4,4
Ақтөбе суарылмайтын
егістік 33,1 23,1 16,9 11,9
суармалы
егістік 65,6 56,9 49,3 43,1 39,4
шабындық 11,9 10,6 9,4 6,9 4,4 4,4
жайылым 8,1 5,6 4,4 4,4 2,3 1,9
Алматы суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік 40,2
шабындық 5,6
жайылым 2,0
Атырау суармалы
егістік 41,9 38,2 31,7
шабындық 5,6 4,4 4,4
жайылым 3,1 2,2 1,9
Шығыс суарылмайтын 59,5 39,4 25,6 18,1 14,4 7,8 14,5
Қазақстан егістік 68,4 63,3 55,6 45,6 44,4 30,7 66,0
суармалы 18,2 14,5 11,9 10,6 6,9 4,4
егістік 13,5 11,7 8,1 5,6 3,1 1,9 1,9
шабындық
жайылым
Жамбыл суарылмайтын 40,2
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 2,0
Батыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 33,1 24,4 18,1 10,6
суармалы
егістік 65,6 56,9 49,3 45,6
шабындық 13,1 10,6 9,4 6,9 3,1
жайылым 9,4 6,9 4,4 4,4 1,9
Қарағанды суарылмайтын
егістік 34,4 21,9 18,1 11,9 7,8
суармалы
егістік 63,1 54,4 44,4 43,1 38,1 31,7
шабындық 11,9 8,1 8,1 6,9 4,4 3,1
жайылым 6,9 5,6 4,4 3,1 1,9 1,7
Қызылорда суармалы
егістік 39,4 50,1
шабындық 5,6
жайылым 2,0 2,0
Қостанай суарылмайтын
егістік 51,9 35,6 26,9 19,4 11,9
суармалы 43,1
егістік 73,1 63,1 51,9 46,9
шабындық 14,4 13,4 11,6 10,6 5,6 5,6
жайылым 7,9 7,6 6,9 5,6 3,1 1,9
Маңғыстау суармалы
егістік 39,4 32,7
жайылым 1,8 1,7
Павлодар суарылмайтын
егістік 29,4 21,9 16,9 10,6
суармалы
егістік 56,9 46,9 43,1 41,9
шабындық 18,1 15,6 13,1 6,9
жайылым 8,1 6,9 5,6 3,1
Солтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік 55,6 38,1 29,4
суармалы
егістік 71,9 63,1 54,9
шабындық 15,6 14,4 11,9
жайылым 12,8 10,6 8,1
Оңтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік
суармалы
егістік 51,6
шабындық 4,4
жайылым 2,0
____________________________________________________________________
(таблицаның жалғасы)
____________________________________________________________________
| Ауыл | сұр |құм.| сұр |сұр |тауға |тауға |суб.
Облыстар | шаруашы. |қоңыр |дар |топы.|топы.|жапсар.|жапсар.|алпі.
| лығы |(күріш| |рақты|рақ. | лас | лас |лік
| алқапта. | себу | |ашық |ты | және | және |және
| рының |айма. | |және |(мақ.|таулық |таулық |алпі.
| түрлері | ғы) | |қара.|та | ашық | қара |лік
| | | |пайым|шару.| қызыл | топы. |
| | | | |аш. | қоңыр |рақты |
| | | | |айма.| | және |
| | | | |ғы) | |қызыл |
| | | | | | |қоңыр |
____________________________________________________________________
1 2 10 11 12 13 14 15 16
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,8
Ақтөбе суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Алматы суарылмайтын
егістік 14,4 25,6 30,6
суармалы
егістік 89,6 82,4 126,9
шабындық 11,9 11,9 13,1 11,9
жайылым 2,0 5,6 8,1 9,4 8,1
Атырау суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,8
Шығыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 26,8 49,4
суармалы
егістік
шабындық 10,6 11,9 14,4 10,6
жайылым 1,9 5,6 8,1 9,4 8,1
Жамбыл суарылмайтын
егістік 15,6 24,4 26,9
суармалы
егістік 74,5 114,1
шабындық 10,6 10,6 11,9 9,4
жайылым 1,9 5,6 6,9 8,6 6,9
Батыс суарылмайтын
Қазақстан егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Қарағанды суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 1,9
Қызылорда суармалы
егістік 99,2
шабындық 10,6
жайылым 1,9 4,4
Қостанай суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік