Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік
жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық
ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының
мөлшерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 2 қыркүйектегі № 890 қаулысы
(2006.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар белгiленсiн:
1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы.
Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;
3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалық) құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бойынша:
10 жылға дейiн, оны қоса алғанда - жыл сайын 2%;
11 жылдан 30 жылға дейiн - 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл сайын 1,5% қосылады;
31 жылдан 49 жылға дейiн - 35%, 30 жылдан жоғары әр жыл сайын 1% қосылады.
2. Жер учаскелерi үшiн төлемақы және жалдау құқығын сату төлемақысы базалық ставкаларының жоғарыда көрсетiлген мөлшерiн жер учаскелерiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге қойған кезде жердi бағалау үшiн, сондай-ақ оларды шаруашылық серiктестердiң жарғылық қорларына жарна ретiнде не өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде берген жағдайда, меншiк иесiн (жер пайдаланушыны) жер учаскесiне меншiктiң жалпы үлесiнен (жалпы жер пайдалану үлесiнен) бөлу кезiнде жер үлесiнiң құнын белгiлеу үшiн, жер учаскелерiн немесе пайдалану құқығын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң активтерiне енгiзген кезде және жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны тараптардың келісімiмен белгiленуi мүмкiн болмаған өзге де жағдайда, олардың құнын бағалау үшiн қолдану ұсынылсын.
3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган инфляцияның жалпы деңгейi туралы мемлекеттік статистика деректерiнiң және жер нарығының мониторингi нәтижелерiнiң негiзiнде қажеттiлiгiне қарай жер учаскелерiнiң жеке меншiкке берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын нақтылау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн.
4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 174-құжат);
2) "Жекелеген отандық өндiрушілердi қолдау мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 13 тамыздағы № 763 қаулысының 9-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 28, 236-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 мамырдағы № 576 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 мамырдағы № 566 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 194-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 890 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.19.07. № 690 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жер учаскелерiн жеке меншiкке құрылыс салуға немесе оларға қызмет
көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар,
үймереттер) мен олардың кешендерi салынған жерлердi берген кезде
олар үшiн төлемақының
БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
Елдi мекендер | 1 ш.м үшiн теңгемен төлемақының базалық ставкасы |
1 | 2 |
Астана қаласы 1180 Алматы қаласы 717 Ақтау қаласы 145 Ақтөбе қаласы 800 Атырау қаласы 741 Қарағанды қаласы 190 Көкшетау қаласы 114 Қостанай қаласы 123 Қызылорда қаласы 129 Павлодар қаласы 114 Петропавл қаласы 114 Талдықорған қаласы 137 Тараз қаласы 181 Орал қаласы 114 Өскемен қаласы 145 Шымкент қаласы 181 Облыс орталығы ставкаларының пайызы Облыстық маңызы бар қалалар 85 Аудандық маңызы бар қалалар 75 Кенттер Селолық елдi мекендер Далалық орманды, далалық және құрғақ далалық, 25 15 жартылай шөлейт және шөлейт, 18 10 тау бөктеріндегі - шөлейт - далалық, субтропикалық шөлейт және тау бөктеріндегі - шөлейт аймақтарда 30 18 орналасқан кенттер және селолық елдi мекендер |
Ескертпе: қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2006.13.07. № 666 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 890 қаулысына
2-қосымша
Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке
меншікке берген кезде олар үшін төлемақының
БАЗАЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
гектарына мың теңгемен
(таблицаның жалғасы бар)
____________________________________________________________________
| Ауыл | Топырақтың типтері мен шағын типтері
Облыстар | шаруашы. |_____________________________________________
| лығы | қара топырақты| қою |қызыл|ашық |қоңыр| сұр
| алқапта. |_______________|қызыл|қоңыр|қызыл| |қоңыр
| рының |шайыл.|оңтүстік|қоңыр| |қоңыр| |
| түрлері |ған, | | | | | |
| |қара. | | | | | |
| |пайым | | | | | |
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
____________________________________________________________________
Ақмола суарылмайтын
егістік 49,4 34,4 24,4 18,1
суармалы
егістік 71,9 63,1 53,1 46,9
шабындық 14,4 13,1 10,6 10,6 6,9
жайылым 9,2 8,1 6,9 5,6 4,4
Ақтөбе суарылмайтын
егістік 33,1 23,1 16,9 11,9
суармалы
егістік 65,6 56,9 49,3 43,1 39,4
шабындық 11,9 10,6 9,4 6,9 4,4 4,4
жайылым 8,1 5,6 4,4 4,4 2,3 1,9
Алматы суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік 40,2
шабындық 5,6
жайылым 2,0
Атырау суармалы
егістік 41,9 38,2 31,7
шабындық 5,6 4,4 4,4
жайылым 3,1 2,2 1,9
Шығыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 25,6 18,1 14,4
суармалы
егістік 55,6 45,6 44,4
шабындық 11,9 10,6 6,9 4,4 4,4
жайылым 8,1 5,6 3,1 1,9 1,9
Жамбыл суарылмайтын
егістік
суармалы
егістік
шабындық
жайылым 2,0
Батыс суарылмайтын
Қазақстан егістік 33,1 24,4 18,1 10,6
суармалы
егістік 65,6 56,9 49,3 45,6
шабындық 13,1 10,6 9,4 6,9 3,1
жайылым 9,4 6,9 4,4 4,4 1,9
Қарағанды суарылмайтын
егістік 34,4 21,9 18,1 11,9 7,8
суармалы
егістік 63,1 54,4 44,4 43,1 38,1 31,7
шабындық 11,9 8,1 8,1 6,9 4,4 3,1
жайылым 6,9 5,6 4,4 3,1 1,9 1,7
Қызылорда суармалы
егістік 39,4 50,1
шабындық 5,6
жайылым 2,0 2,0
Қостанай суарылмайтын
егістік 51,9 35,6 26,9 19,4
суармалы
егістік 73,1 63,1 51,9 46,9
шабындық 14,4 13,4 11,6 10,6 5,6 5,6
жайылым 7,9 7,6 6,9 5,6 3,1 1,9
Маңғыстау суармалы
егістік 39,4 32,7
жайылым 1,8 1,7
Павлодар суарылмайтын
егістік 29,4 21,9 16,9 10,6
суармалы
егістік 56,9 46,9 43,1 41,9
шабындық 18,1 15,6 13,1 6,9
жайылым 8,1 6,9 5,6 3,1
Солтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік 55,6 38,1 29,4
суармалы
егістік 71,9 63,1 54,9
шабындық 15,6 14,4 11,9
жайылым 12,8 10,6 8,1
Оңтүстік суарылмайтын
Қазақстан егістік
суармалы
егістік 51,6
шабындық 4,4
жайылым 2,0
____________________________________________________________________
(таблицаның жалғасы)
____________________________________________________________________
| Ауыл | сұр |құм.| сұр |сұр |тауға |тауға |суб.
Облыстар | шаруашы. |қоңыр |дар |топы.|топы.|жапсар.|жапсар.|алпі.
| лығы |(күріш| |рақты|рақ. | лас | лас |лік
| алқапта. | себу | |ашық |ты | және | және |және
| рының |айма. | |және |(мақ.|таулық |таулық |алпі.
| түрлері | ғы) | |қара.|та | ашық | қара |лік
| | | |пайым|шару.| қызыл | топы. |
| | | | |аш. | қоңыр |рақты |
| | | | |айма.| | және |