Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн, мәслихаттың сессиясында бекітіледi.
4. Есептi қаржы жылындағы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдауы қажет екендiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.
25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы
туралы есеп
127-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi табыс ету
1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнгi жағдай бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi, сондай-ақ осы Кодекстiң 121-бабының 3) тармақшасында көзделген басқа да есептердi әкiмдiкке, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей өткен қаржы жылғы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса әкiмдiкке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджетін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламасы (ішкі бағдарламасы) бойынша тіркелген, төленбеген және төленген міндеттемелерін көрсетеді.
4. Өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепке:
1) түсiндiрме жазба;
2) түсiмдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды қоса алғанда, олардың iске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тiркеледi.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігі ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қосымшаларымен қоса ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына табыс етедi.
128-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекіту
1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгінiң өткен қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есебiн мәслихаттың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есебiн алғаннан кейiн бiр ай iшiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2. Есептi қараған кезде мәслихат:
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы әкiмдiк уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын бақылау нәтижелерi туралы мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасын; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен қоса мәслихат уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) баяндамасын тыңдайды.
Мәслихатта есептi қараған кезде жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуы туралы есептерi тыңдалуы мүмкiн.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейiн мәслихаттың сессиясында бекітіледi.
4. Есептi қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi бекiткен кезде мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылу нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қолдану қажеттiгі туралы шешiм шығаруға құқылы.
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы жылдық есеп
129-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi жасау
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргiзiледi.
Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн қоса отырып, жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жасайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару жөніндегі қызметi туралы есебi;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып бекiтедi.
130-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi табыс ету
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентiне бекітуге табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткеннен кейiн оны ақпарат ретiнде Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және аудит жүргiзудiң нәтижелерi туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау
27-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 131-бап толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
131-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау ұғымы
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және iшкi) - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептiлiк жүргiзу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттiң байланысты гранттарын, активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаны пайдалану бөлiгіндегі қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн тексеру.
132-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сыртқы бақылау - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;
2) iшкi бақылау - iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) нысанасыз пайдалану - нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізілмей пайдаланылуы және байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген мақсаттарға пайдалану;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану - байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын бюджеттік бағдарламалар паспортында көзделмеген іс-шараларды іске асыруға пайдалану;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) тиімсіз пайдалану - бюджеттік бағдарламаның, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің іске асырылу мерзімі бөлігінде олардың нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізілмеуі мен республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы кезінде тиімділік пен нәтижелілік принциптерінің сақталмауы;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері - бюджет процесіне қатысушылар, мемлекет қатысатын субъектілер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) мемлекеттік қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi және iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8) iшкi бақылау қызметi - мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқаруына, мемлекеттiң байланысты гранттарының, активтерiнiң, мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның пайдаланылуын бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бөлiмшесi;
9) қаржылық есептiлiк - егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10) қаржылық бұзушылық - бюджет қаражатын және мемлекет активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ережелерін бұзуға әкеп соққан құқыққа қайшы әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау
133-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгiлерi
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгiлерге бөлiнедi:
1) сәйкестiкке бақылау жасау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
2) қаржылық есептiлiктi бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң қаржылық есептiлiктi жасауының және табыс етуiнiң анықтығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тиімділікті бақылау - бюджеттік бағдарламаны іске асыру, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану аяқталғаннан кейін іс-шаралардың орындалу мерзімін және күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу дәрежесін үнемділік пен өнімділікті бағалауды қолдана отырып тексеру. Тиімділікті бақылау тиісті іс-шараларды іске асыру аяқталғаннан кейін жүргізіледі, олардан кейін салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзімі басталады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4) нәтижелілікті бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген, күтілетін нәтижелерге қол жеткізілуін тексеру;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
5) орындылығын бақылау - бюджеттік бағдарламаның паспортында белгіленген мақсатқа және индикаторларға қол жеткізілуін тексеру;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
6) негізділігін (құқыққа сыйымдылығын) бақылау - бюджет қаражатының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шараларды іске асыруға, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің пайдаланылғанын тексеру.
134-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түрлерi
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) кешендi бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегi қызметiн барлық мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң нақты кезеңдегі қызметiн жекелеген мәселелер бойынша тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісiне қатысты ақпарат алу қажеттiгiне байланысты үшiншi тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бiрдейлiгiне қарай бiр-бiрiмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды бiлдiредi. Yстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негiзгi объектiсiмен өзара қатынастар мәселелерi бойынша және тексерiлiп отырған мәселе шеңберiнде жүргiзiледi.
135-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптерi мен стандарттары
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргiзу құпиялылық режимiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, тәуелсiздiк, объективтiлік, анықтық, ашықтық, құзыреттiлiк, жариялылық принциптерi мiндеттi түрде сақталып жүзеге асырылады.
Тәуелсiздік принципi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, iшкi бақылау қызметтерiнiң және олардың қызметкерлерi мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгiне, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезiнде олардың жүргiзiп жатқан бақылау iс-шарасының тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн кез келген араласушылыққа жол бермеу.
Бақылаудың объективтiлiк принципi - бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестiлiкпен жүргiзу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелерi бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактiлер негiзiнде ғана шешiмдер қабылдау.
Бақылау нәтижелерiнiң анықтық принципi - бақылау нәтижелерiн бухгалтерлiк, банктiк құжаттармен және мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсiнiң өзге де құжаттарымен растау.
Бақылаудың ашықтық принципi - бақылау нәтижелерiн баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретiндiгi.
Құзыреттiлiк принципi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, iшкi бақылау қызметтерi қызметкерлерiнiң, мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерiнiң бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшiн қажеттi кәсiби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
Жариялылық принципi - құпиялылық режимiн, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етудi ескере отырып, бақылау нәтижелерiн жариялау.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бiрыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi ішкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып әзiрлейдi және оларды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi бекiтедi.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi, олардың қызметкерлерi мен мүшелерi орындауға мiндеттi.
136-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасайтын құжаты;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қаулысы - Республикалық бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есеп комитетiнiң отырысында алқалы негiзде қабылданатын және оның бақылау нәтижелерi бойынша, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қабылдаған шешімдер бойынша барлық актілерінiң қолданылуын растайтын құжат.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi туралы ережемен және оның регламентiмен айқындалады;
3) мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы - белгiленген тәртiппен қабылданған және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаттарын игерудiң барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететiн ұйымдар орындауға мiндеттi құжат;
4) ұсыным - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшiн, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелерi бойынша жiберетiн құжаты;
5) нұсқама - iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның басшысы өз құзыретi шегiнде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына мiндеттi түрде орындау үшiн жiберiлген, белгiленген нысандағы құжат;
6) бақылау актiсi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, iшкi бақылау қызметтерi бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
7) бақылау жүргiзу туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы құжат.
29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері
137-бап. Сыртқы бақылау
Сыртқы бақылауды:
1) республикалық деңгейде - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi;
2) жергiлiктi деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
138-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының өкiлеттiктерi
1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады.
2. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң жұмысы туралы тоқсан сайын ақпарат бередi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды талдауға, оның қорытындылары мен нәтижелерiне, салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiне, бюджет қаражатының, байланысты гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекет активтерінің нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды орындайды;
3) Қазақстан Республикасының Парламентiне ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс етедi, ол өзiнiң мазмұны жағынан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi бойынша қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады;
4) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган табыс еткен республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау актілерін талдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиiстi iшкi бақылау қызметтерiне республикалық бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар бередi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) республикалық бюджет қаражаттарын, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану мәселелерi жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау объектiсi лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңдарын бұзудың өзге де фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
6) мемлекеттік бюджет саясатын iске асыруға қатысады;
7) мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерiнiң республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарын атқару сәйкестiгiне, қаржы есептiлiгi мен тиiмділігiне бақылауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттік қаржы бақылауы стандарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы бақылау саласында кадрлардың біліктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10) тармақша өзгертілді
10) мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекет кепілгерліктерінің, республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге арнап берiлген қаражаттардың, мемлекеттiң байланысты гранттарының, активтерiнiң нысаналы және тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) бюджеттік кредиттер, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
11) мемлекеттік органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың республикалық бюджетке түсiмдердiң толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады;
12) республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды жүзеге асырады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) республикалық бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) атқарылу, сондай-ақ мемлекет активтерінің пайдаланылу тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiне баға бередi;