1) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу сатысында инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесінің құрамында бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) және қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбелерін қалыптастыру және бекіту;
3) бюджетті әзірлеу сатысында басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) және қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбелерін қалыптастыру және бекіту.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттік инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жоспарлау мен жүзеге асыру тәртібі осы Кодекстiң 153-бабымен айқындалады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 149-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
149-бап. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу
1. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік іс-шаралардың тізбесіне кіреді.
2. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Инвестициялық сипаты бар іс-шаралар салалық сараптамадан өткізілуге жатады.
4. Уәкілетті органдар:
саланың одан әрі дамуына ықпал ететін оның ағымдағы жай-күйінің проблемаларын анықтауды;
жоба мақсаттарының республиканың немесе өңірдің стратегиялық, орта мерзімді даму бағдарламаларында, жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына, сондай-ақ саладағы қазіргі бар проблемалардың шешілуіне сәйкестігін;
жобаның мақсаттарына қол жеткізудің баламалы нұсқаларын;
жоба іске асырылған және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды;
жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлуді бағалау жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін жауапты болады.
5. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды әзірлеу тәртібі құрамында белгілейді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 150-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
150-бап. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тізбесін қалыптастыру тәртібi
1. Мыналар:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар;
бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерінің болуы;
бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
бюджет комиссиясының шешімдері бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесі шығындар мен пайданы экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
3. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Жоба бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда көзделген, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған жағдайда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүзеге асырылады. Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қаржыландыру экономикалық жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізіледі.
5. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) белгіленген техникалық-экономикалық өлшемдерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздемеге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалар жүргізілуге тиіс.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) экономикалық сараптамасы салалық сараптама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізіледі және бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу шеңберінде жүргізілген экономикалық талдамасын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады.
7. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган жүргізген сараптама қорытындысының негізінде жүргізіледі.
8. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың), сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредит беру есебінен қаржыландыруға жоспарланып отырған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
9. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыру жөнінде ұсынылатын шешімдердің негізділігі мен тиімділігі үшін, сондай-ақ экономикалық сараптаманың қорытындысында бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) іске асыруға және оның мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер еткен тәуекелдерді бағалау болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
11. Қажет болған жағдайда экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға белгіленген заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптама, сондай-ақ тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуге құқылы.
12. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
13. Тиісті мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған техникалық жағынан күрделі емес болып табылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
14. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
15. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді, оған жасалған экономикалық сараптаманың оң қорытындысын талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалар негізінде және бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелері болған кезде қалыптастырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тізбесіне енгізіледі.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 150-1-баппен толықтырылды
150-1-бап. Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру тәртібі
1. Мыналар:
1) техникалық-экономикалық негіздеменің болуы;
2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы;
3) концессиялық жобаны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және республикалық меншіктің бар объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
4) бюджет комиссиясының оң шешімі қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалар тізбесін қалыптастыруға негіз болып табылады.
2. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландырылатын концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыруды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 150-2-баппен толықтырылды
150-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы тиісінше экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың бөлінетін бюджеттік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және оның сараптамасына қойылатын талаптарды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 150-3-баппен толықтырылды
150-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бөлінетін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың тиісінше бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
151-бап. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру
1. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) олардың белгiленген тәртiппен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметі осы жоба аумағында іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Бірыңғай техникалық өлшемдері бар инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша үлгі жоба әзірлеу жүзеге асырылады.
Үлгі жобаларды әзірлеу мен оларға сараптама жүргізуді қаржыландыру құрылыс ісі жөніндегі уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекіту жолымен жүзеге асырылады.
3. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) құны бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы жасасылған шарттардың негiзiнде түзетiлуге жатады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді.
2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 152-1-баппен толықтырылды
152-1-бап. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру
1. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар концессия шартының негізінде іске асырылады.
2. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концедент тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүргізеді.
3. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
153-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы
бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге
асыру
1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу кезінде мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды дайындау және іріктеу мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлеу және келісу сатысында жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестицияларды іріктеу экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығының негіздемесін және оның тиімділігін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.
4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейді және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды әзірлеу мен қарау тәртібін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
5. Іріктеуден өткен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялар бюджет комиссиясының шешімі негізінде тиісті үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына енгізіледі.
6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
7. Заңды тұлғалардың мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда айқындалған міндеттерді орындауға байланысты емес берешегін және ағымдағы шығыстарын жабу мақсатында олардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бюджет қаражатын бөлуге жол берілмейді.
33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру
мониторингі және олардың тиімділігін бағалау
154-бап. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингi
1. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингi:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iске асыру барысы мен нәтижелерi туралы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi табыс еткен ақпаратты жинауды және өңдеудi;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау және iске асыру барысы мен нәтижелерi туралы ақпаратты бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ресiмдеуiн және табыс етуiн;
3) бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға түсiмдердiң және бюджеттік даму бағдарламаларын (iшкi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарын және бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тұрғысындағы бюджеттік даму бағдарламалары (iшкi бағдарламалар) шеңберiнде нақты жүзеге асырылған төлемдер бойынша ақпаратты табыс етуiн;
4) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру барысы туралы табыс етiлген ақпараттың және бюджеттік даму бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша нақты жүзеге асырылған төлемдер жөніндегі ақпараттың негiзiнде бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн ағымдағы бағалауын;
5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға табыс етуін;
6) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi органға табыс етуiн көздейдi.
2. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделетiн ақпаратты ұсыну мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Бюджеттік инвестициялар мониторингi деректерiнiң негiзiнде, сондай-ақ ағымдағы және болжамды әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шараларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
4. Бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шаралары:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актілері мен басқа да шешiмдердi қабылдауын;
2) негiзделген жағдайларда бюджеттік инвестициялардың жүзеге асырылуын тоқтатуды немесе тоқтата тұруды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қамтиды.
155-бап. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау
1. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырудың мақсаттары бюджеттік инвестицияларды жоспарлау процесiн жетiлдiру және мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру нәтижелерi мен салдары туралы деректер жинауды, алынған деректерге талдау жасауды және мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалауды көздейдi.
3. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нақты және жоспарланған шығындарды, бюджеттік инвестициялардың нақты және күтiлетiн нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiне әсер еткен факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
4. Бюджеттік инвестициялардың тиiмділігiн бағалау үшiн деректердi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiп пен құрамда табыс етедi.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс етiлген деректердiң негiзiнде бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептердi қалыптастырады.
6. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлігін бағалау жөніндегі есептердi:
1) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдарға және экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн;
2) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкіметіне жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн табыс етедi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде тиісінше Қазақстан Республикасының Yкіметіне және тиісті әкімдікке табыс етеді.
8. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есеп:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негiздемесiнiң немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiнiң деректерiн;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылған бюджеттік инвестициялардың iске асырылуының қол жеткен нәтижелерiн;
3) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпарат жинаудың көздерi мен әдiстерiн, сондай-ақ ақпаратты өңдеу және талдау әдiстерiн;
4) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
5) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
9. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептi жасау мен табыс ету тәртібін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
9-бөлім. Гранттар
34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер
156-бап. Осы бөлiмде пайдаланылатын ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтеусiз техникалық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
2) өтеусiз қаржылық көмек - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар жеткiзiп берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi;
3) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретiн өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмегi;
4) донорлар - шет мемлекеттер, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдiк мемлекеттік ұйымдар, қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) байланысты грант туралы келісім - мемлекеттік орган мен донор арасындағы Қазақстан Республикасына өтеусiз қаржылық немесе техникалық көмек берудi көздейтiн шарт.
157-бап. Гранттарды сыныптау
Гранттар берiлу шарттары бойынша былай бөлiнедi:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру көзделмейтiн гранттар.
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингi және пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 158-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
158-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
1. Байланысты гранттарды жоспарлау - байланысты гранттар тартуға өтiнiмдер қалыптастыру, ұсыным жасау және iрiктеу жөніндегі қызмет.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Байланысты гранттарды жоспарлаудың негiзi:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары;
2) донорлардың өтеусiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалар, сондай-ақ донорлардың ұсыныстары негiзiнде байланысты гранттар тартуға арналған өтiнiмдердi түзудi орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
4. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi орталық мемлекеттік органдар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдердi iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті орган:
1) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестiгi;
2) байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмнiң донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестiгi негiзiнде жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
6. Байланысты гранттарды тартуға арналған iрiктелген өтiнiмдердiң негiзiнде, экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен гранттарды тартуға арналған басым өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады.