Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері — бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бөлігінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері — бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
Мемлекеттік мекемелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелеріне бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын міндетті түрде табыс етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулыларымен бекітілген жылдық сома шегiнде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бұл ретте:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келу;
бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шаралардың уақтылы әрі сапалы орындалуын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік мекемелер:
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылдайтын міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
жеке қаржыландыру жоспарларының бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес келу талаптарын сақтауға тиіс.
102-бап. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет түсiмдерiнiң бюджет сыныптамасы бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) жоғары тұрған бюджеттен алынған, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер шегеріліп тасталған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестiрiлген жоспарын айқындайтын құжат.
2. Түсiмдер және бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық сомалар түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекітілуi кезiнде жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуге тиiс.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы мен бюджетке төлемдер төлеудiң белгiленген мерзiмi, бюджетке өткен жылдары түскен түсiмдер қарқыны, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдау және бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейi, жасасылған кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердiң талаптары мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлеген бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары негiзге алына отырып жасалады.
4. Мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының негiзiнде мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары жасалады.
5. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жасап, бекiтедi.
6. Жылдық сомаларды қоса алғанда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
7. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
103-бап. Рұқсаттар беру
1. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемiн айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер солардың шегiнде мiндеттемелер қабылдайды.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді.
3. Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн күшiнде болады.
4. Рұқсаттар беру нысаны мен тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейді.
104-бап. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомаларға сәйкес берілген сомалар, рұқсаттар шегiнде ғана мiндеттемелер қабылдайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган олардың берілген рұқсаттар сомаларына сәйкестігін тексереді.
Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегінде бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тіркелуі мүмкін.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының қолы және елтаңбалы мөрінің таңбасы бар мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарлама бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
Хабарламаның нысанын, оны ресімдеу, ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттік қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнетiн жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
105-бап. Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру
1. Алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдердi қоспағанда, төлемдер растайтын құжаттардың негiзiнде мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетiн төлем сомасы мемлекеттік мекемелер мiндеттемелерiнiң сомасынан аспауға тиiс.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Растайтын құжаттар - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміленің шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сай келетін тауарлар беру, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету жөнінде қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының және бас бухгалтерінің қолы қойылған және олардың мөрімен расталған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламалар және төлеуге берілетін шоттар.
Жеке және заңды тұлғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес шығарған тауарларды жеткізуді, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді paстайтын дұрыстығы үшін мемлекеттік мекеме жауапты болады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Төлеуге берілетін шот - мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат, ол бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үшін бюджет қаражатын алушының пайдасына төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Бюджеттен төленетін төлемдер мен аударымдар оларды жүргізу кезінде тиісті бюджеттегі қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
Төлеуге берілетін шоттардың нысанын, оларды ресімдеу, ұсыну, пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Төлем құжаттарын ресімдеу, ұсыну және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасында белгіленеді.
4. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзген кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берiлген шоттар мен төлем құжаттарының:
1) бюджеттік бағдарламалар паспорттарына;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) экономикалық сыныптама жөніндегі міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына және бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі төлемдер және мемлекеттік мекемелердің тіркелген міндеттемелерінің сомалары бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына;
3) бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға;
4) кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жөніндегі шарттардың талаптарына;
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген өзге де ережелерге сәйкестiгiн тексеруден тұрады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Төлемдердi және аударымдарды жүзеге асырған кезде бюджеттік қаражаттың тиiстi сомасы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның нұсқауы негiзiнде бiрыңғай қазынашылық шоттан шығарылып, қабылданған мiндеттемелермен айқындалатын бюджеттік қаражатты алушының шотына есептеледi.
Бюджет қаражатын алушы тарапынан міндеттемелер толық орындалған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлемдер мен аударымдардың жүзеге асырылғанын растау үшін, жүргізілген төлемдер туралы деректер жазылған азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгені туралы хабарлама береді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның инкассолық өкімдерді орындауы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Осы Кодекстiң талаптары және қабылдануы осы Кодексте көзделген, бюджеттiң атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары бұзылған жағдайда бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өзi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiн тоқтата тұруға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру әдiстерi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.
9. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.
10. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның төлемдердi жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
106-бап. Бюджеттік ақшаны басқару
1. Бюджеттік ақшаны басқаруды бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
2. Бюджеттік ақшаны басқару - төлемдердiң бюджетке түсетiн түсiмдер мерзiмдерiне сәйкес уақтылы төленуiн қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар кешенi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Төлемдердің уақтылы және толық төленуін қамтамасыз ету үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді, бюджет қаражатының бос қалдықтарын және ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүргізілетін төлемдерді есепке ала отырып, бюджет қаражатының (қолма-қол ақшаның) күтілетін көлемін айқындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік мекемелердің орындалған міндеттемелерінің бюджет қаражатымен (қолма-қол ақшамен) уақтылы қамтамасыз етілуі үшін жауапты болады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет қаражатын (қолма-қол ақшаны) уақтылы басқарудың тиімді әдісін пайдаланады.
Қолма-қол ақша профициті - республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін нақты түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінің ағымдағы қаржы жылы басталғаннан бері жүргізілген төлемдер көлемінен асып түсуі.
Қолма-қол ақша тапшылығы - жүргізілген төлемдердің болжанған көлемінің ағымдағы қаржы жылының басынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің және бюджет қаражатының бос қалдықтарының болжанған көлемінен асып түсуі.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңіне арналған тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері тиісті қаржы жылына арнап бекітілген, нақтыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттер тапшылығының бекітілген сомасынан аспауға тиіс.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңінде республикалық бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағаздар шығарады.
Ағымдағы қаржы жылының тиісті кезеңінде тиісті жергілікті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асырады.
4. Бюджетке түсетiн ақша түсiмдерiнiң болжамды көлемi тиiстi кезеңде жеткiлiксiз болған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзу үшiн қарыз алу арқылы ақша тарту процесiн ұйымдастырады.
5. Бюджеттік ақшаны басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
107-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін
кепілдікті трансфертті пайдалану
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісім бойынша:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының қалдықтарын болжау негізінде бюджеттік даму бағдарламалары (ішкі бағдарламалары) бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген кепілдікті трансферттің көлемі шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепілдікті трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке айлар бойынша сомасын көрсете отырып, кепілдікті трансфертті аудару туралы тиісті өтінім жібереді;
3) қажетті сома республикалық бюджет әзірленетін жылдың алдындағы қаржы жылының соңына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің үштен бір бөлігінен асып түскен жағдайда бюджеттік даму бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) асып түсу сомасына тең мөлшерде бюджет қаражатымен қамтамасыз етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 108-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
108-бап. Бюджеттің атқарылу мониторингi
1. Бюджеттің атқарылу мониторингін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай бойынша бөлінуін, қаржыландыру жоспарларына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері енгізетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есеп жасау арқылы жүзеге асырады.
2. Бюджеттің атқарылу мониторингі барысында бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджеттің уақтылы және тиімді атқарылмау себептерін көрсете отырып және тиісті бюджетті одан әрі атқару жөніндегі ұстанымдар туралы ұсынымдармен;
2) республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне - бюджеттің атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларынан кешеуілдеп жүріп жатқан бюджеттік бағдарламалар жөнінде;
3) тиісті бюджет комиссияларына - ағымдағы, сонымен қатар алдағы жоспарланып отырған қаржы жылында жекелеген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша жылдық жоспарлы мақсаттарды қайта қарау қажеттігі туралы;
4) бюджет комиссияларының жұмыс органдарына алдағы қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау кезінде есепке алу үшін ақпарат жібереді.
3. Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беру арқылы өтеуге, не шартқа (ратификацияланған келісімге) сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға тиіс.
4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттің атқарылуын талдау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға бюджетті нақтылау немесе түзету туралы ұсыныс беруге құқылы.
5. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламаның жоспарланған іс-шараларын тиісті тауарлардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің) болжамды бағаларына қарағанда нақты бағасының төмендеуі салдарынан жеке қаржыландыру жоспарында бекітілген сомасынан аз көлемдегі бюджет қаражатына орындаған жағдайда, пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына ойдағыдай қол жеткізу және міндеттері мен іс-шараларының тізбесін кеңейту үшін қажетті қосымша іс-шараларды орындауға жіберілуі мүмкін.
Осы мақсатта бюджеттік бағдарламаның паспортына өзгерістер енгізіледі, олар тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге бюджет комиссиясында қаралады.
5-тармақтың үшінші абзацы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Бұл ретте бюджет комиссиясы осы Кодекске сәйкес бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар табыс ететін тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыру тиімділігін бағалау және бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі бойынша бюджеттің атқарылу мониторингінің нәтижелерін қарайды.
6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарларының сомасы пайдаланылмаған кезде, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет қаражатын пайдаланылмаған жоспарлы сомалардың қалдығы мөлшерінде пайдалану мақсатында бюджеттік бағдарламалар паспорттарына өзгерістер енгізуіне жол берілмейді.
7-тармақ 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. Бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатының ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жиналып қалған қалдықтарын бюджеттен тыс, аккредитивтік және басқа да шоттарға аударуға жол берілмейді.
109-бап. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуiнен түсетiн өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша бойынша атқару
1. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақшаның есебiнен операцияларды жүзеге асыруы үшiн мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының түрлерi бойынша жыл сайын жоспар жасайды.
2. Мемлекеттік мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгінде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
3. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгінде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданылуы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi тиiстi бюджеттік бағдарлама (ішкi бағдарлама) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының мемлекеттік мекемелер ұсынған жоспарлары негiзiнде мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын жасайды.
5. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу осы Кодекстiң 104-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Қаржы жылы iшiнде мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан тыс кiрiстер тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жоспары нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкiн.
8. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн өз иелiгiнде қалатын ақша есебiнен жүргiзiлетiн төлемдер мемлекеттік мекеменiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаны есепке алу үшiн ашылған шотындағы нақты ақша көлемi шегiнде жүзеге асырылады.
110-бап. Қаржы жылының аяқталуы
1. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсiмдерiн есепке алуға және бюджеттен төленетiн төлемдердi жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады.
2. Бюджетке 31 желтоқсаннан кейiн есепке алынған түсiмдер жаңа қаржы жылының түсiмдерi болып есептеледi.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы жұмсалымдар қалдықтарының күшi жойылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-тарау.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау мен
түзету процесінің негізгі ережелері
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)