218-11-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатын пайдалануға шектеулер
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын қарыз шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
218-12-бап. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатының пайдаланылуын бақылау және ол үшін
жауаптылық
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен бақылау жүзеге асырылады.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты нысанасыз пайдаланғаны және қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты қайтарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 219-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
219-бап. Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол бермеу
Қарыз шарты бойынша мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.
220-бап. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғау
Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған және мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тарту, пайдалану немесе өтеу шарттарын нашарлататын актілерінiң заңдық күшi болмайды.
221-бап. Дауларды шешу
1. Қарыз шарттарына, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға, үкiметтiк кепiлдiктерге байланысты немесе мемлекеттік, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдардың борышын немесе мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды қоса алғанда, олардың қызметiне байланысты туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше келiссөздер жүргiзу арқылы не қарыз шарттарында, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару ережелерiнде белгiленген дауларды шешудiң бұрын келісілген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген өзге даулардың барлығын, шетелдiк қарыз берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен дауларын қоса алғанда, егер тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.
12-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
222-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
223-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. Осы Кодекс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер осы Кодекске сәйкес әзiрленедi.
Осы Кодекстi орындау үшiн қабылданған, 2005 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгізiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде осы Кодекске сәйкес келтiрiлуге тиiс.
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 223-1-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
223-1 бап -2008 жылғы 31 желтоқсанда өз қолданысын тоқтатады
223-1-бап. Пилоттық жобалар үшін бюджеттік процестің ерекше тәртібі
1. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттары осы Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес, бюджет комиссиясында қаралмай, бюджетті нақтылау (түзету) кезінде қабылданған шешімдер ескеріле отырып жасалады.
Пилоттық жобалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына осы Кодекстің 108-бабының 5-тармағында көзделген негіздер бойынша өзгерістер енгізу бюджет комиссиясында қаралмай, бюджеттік жоспарлау жөніндегі тиісінше орталық және жергілікті уәкілетті органдарда қаралады.
2. Мемлекеттік мекемелер бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының бекітілген жылдық сомалары шегінде өзгерістер енгізуге құқылы.
Бұл ретте, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган енгізілген өзгерістер туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға хабарлайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бекітілген республикалық бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол жеткізген жағдайда, қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бір функционалдық тобы және бір әкімшісі шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің республикалық бюджеттік бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.
4. Бекітілген бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға қол жеткізілген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімімен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет комиссиясында қарамай, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік ішкі бағдарламалар арасында қайта бөлуге құқылы.
5. Облыс әкімдігі пилоттық жоба бойынша, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бекітілген бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қол жеткізген жағдайда, қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бір функционалдық тобы және бір әкімшісі шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.
6. Бекітілген бюджетте сомалары көзделген бюджеттік бағдарламалар паспортында бекітілген индикаторларға қол жеткізілген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың келісімімен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет комиссиясында қарамай, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік ішкі бағдарламалар арасында қайта бөлуге құқылы.
7. Пилоттық жобалар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған нысаналы трансферттердің қаржы жылы бойында толық пайдаланылмаған сомалары ағымдағы қаржы жылында аяқталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкі нәтижелерге жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді аз көлемде пайдалана отырып қол жеткізілген жағдайда, жоғары тұрған бюджетке қайтарып беруге жатпайды. Бұл ретте, тиісті жергілікті атқарушы орган нысаналы трансферттердің қалған сомасын тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың атқарылу тиімділігін бағалаудың оң нәтижелері негізінде тиісті бюджет комиссиясының шешімі бойынша басқа жергілікті бюджеттік бағдарламаларға пайдалануға құқылы.
224-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының күшi жойылды деп тану туралы
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының мына заңдарының күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; № 20, 731-құжат; № 21, 783-құжат; № 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., № 21, 395-құжат; 2001 ж., № 1, 6-құжат; № 10, 123-құжат; № 23, 310-құжат; 2002 ж., № 18, 160-құжат; 2003 ж., № 14, 100-құжат; № 24, 178-құжат);
2) "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 784-құжат; 2001 ж., № 21-22, 282-құжат; 2003 ж, № 14, 101-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар);
3) "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 3, 21-құжат).
Қазақстан Республикасының