Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының оны жасау және табыс ету жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімді бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.
Бюджеттік өтінім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде болмаған және қағазға түсіріп берілген бюджеттік өтініммен сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
2. Бюджеттік комиссия бюджеттік өтiнiмдер мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджеттік комиссия қарайды.
4. Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.
76-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттік субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерінің көлемі;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2007.29.06. № 269-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
4) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, республикалық бюджеттiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
7) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және процентпен көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға табыс етедi.
7. Орталық мемлекеттік органдар жаңа қаржы жылы басталғанға дейiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге талдау жүргiзедi және олардың күшiн жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
77-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешiмдерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Шешiм жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берiлетiн бюджет субвенцияларының көлемдерi және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемдерi;
3) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимитi;
5) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобаларды iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
5) қаладағы әрбiр ауданның бюджеттік бағдарламалары;
6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.
78-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Шешiм жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялары бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлары көлемi;
4) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң бекітілгенi туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленген бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
5) әрбiр қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары;
6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.
13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің
негізгі ережелері
79-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) шоғырландырылған бюджетті;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекіту палаталардың бөлек отырысында әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекітіледi.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекітілуге тиiс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекітіледi.
5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
80-бап. Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
1. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгізедi.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Жергiлiктi атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын;
2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
3) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
5) алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекітіледi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджетi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекітіледi.
3. Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған жағдайда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiм шығаруға құқылы, ол жергiлiктi бюджеттi мәслихат бекiткенге дейiн қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде бекітіледi.
Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекітілуге тиiс.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бекіту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға бекітілген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тiзбесiн табыс етедi.
6. Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы қабылдаған шешiмдерi қосымшаларымен және жергiлiктi атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiмдерi қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
81-бап. Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi:
1) негiздiлiк принципiн;
2) бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн ұстанады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы түзетулердi енгізудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы алып тасталды (бұр. ред. қара )
82-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау
2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi мен Сенатының жалпы отырыстарында қарау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. 2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
83-бап. 2007.06.12 № 7-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын
қарау және бекіту процесі
84-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау
1. Жергiлiктi бюджет жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
2. Тиiстi мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерiнiң арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есептермен қоса жергiлiктi бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар жасайды және оларды тиiстi мәслихат белгiлеген бас тұрақты комиссияға жiбередi.
4. Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиiстi негiздемелерi мен есептерi бар ұсыныстар ғана енгiзiледi.
5. Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджеттiң жобасын талқылау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкімінiң немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) тиiстi, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдардың жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.
6. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет бойынша жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
85-бап. Мәслихаттың жергiлiктi бюджеттi бекітуi
Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту мәслихаттың шешiмiн қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы
16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
86-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
1. Бюджетке түсiмдердiң түсуiн, бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады.
2. Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттің атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Кодекске сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша рәсімдерді жүзеге асырады.
87-бап. Бюджеттiң атқарылу принциптерi
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралардың өткізілуіне, күтілетін нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізуге бюджет қаражатын пайдалану.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Уақтылылық принципі - түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсімдерді, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімде және тәртіппен оларды алушылар шоттарының есебіне жатқызу.
3. Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу.