Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің
жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысы
(2006.09.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 934 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгімен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 шiлдедегі № 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 34, 310-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi № 1150 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 279 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 10, 73-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2003 жылғы 7 шілдедегі
№ 667 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы
саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.09.06. № 533 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына, "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына, сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереже азаматтық авиация саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне біліктiлiк талаптарын белгiлейдi және уәкiлеттi органның лицензия беру тәртібін анықтайды.
2. Мiндеттi лицензиялауға жататын қызмет түрлерi
3. Азаматтық авиация саласында мiндеттi лицензиялауға қызметтің мынадай түрлерi жатады:
1) әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау;
2) авиациялық жұмыстар;
3) қауiптi жүктердi тасымалдау;
4) ҚР Үкіметінің 2006.09.06. № 533 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2006.09.06. № 533 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қызметтің лицензияланатын
түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптары
4. Әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына лицензия:
1) уәкiлетті орган берген қолданылып жүрген азаматтық әуе кемесi пайдаланушысының сертификаты болуы.
Шетел азаматтарына немесе заңды тұлғаларға қатысты шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi билiк органдары беретiн және Қазақстан Республикасында белгіленген талаптарға жауап беретiн пайдаланушының сертификаттары немесе оларға ұқсас құжаттар танылады;
2) Қазақстан Республикасында немесе басқа мемлекетте мемлекеттік тiркеуден өткен және уәкілетті орган немесе шетелдік мемлекет берген Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары бар әуе кемелерiн пайдалануы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi сақтандырудың түрлерiн қамтамасыз етуi;
4) санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуы;
5) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшiн тұлғаның қосымша:
а) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) авиакомпанияның тiркелгенi туралы куәлiгi;
б) пайдалану мақсаты үшiн үш әрiптi (ICAO) коды;
в) халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдарын ресiмдеу үшiн тасымалдау құжаттамасының белгiленген тiзбесi болуы тиiс тұлғаға беріледi.
ҚР Үкіметінің 29.05.04 ж. № 600 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды
5. Авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиiс тұлғаға берiледi.
Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн тұлғада қосымша санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуға тиiс.
6. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 4-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс тұлғаға берiледi.
7. ҚР Үкіметінің 2006.09.06. № 533 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2006.09.06. № 533 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Қызметтiң лицензияланатын түрлерiн жүзеге
асыру құқығына лицензия алу үшін қажетті құжаттар
ҚР Үкіметінің 2006.09.06. № 533 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қызметтің лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысан бойынша өтінішті;
2) осы Ереженің 4-6-тармақтарында көрсетілген қызметтің осы түрiне арналған біліктілiк талаптарына өтiнiш берушiнің сәйкестiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi.
5. Лицензияны беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
10. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбесе, лицензияны барлық қажеттi құжаттарымен өтiнiштi берген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешiктiрмей азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілеттi орган бередi.
6. Лицензиялық алым
11. Азаматтық авиация саласындағы қызметтердiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымдар ставкасы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың барлық кезеңiне берiлетiн лицензия лицензияны беру сәтіндегi лицензиялық алымның бір жолғы төлемiмен жүзеге асырылады.
7. Лицензияның әрекет ету шарттары
12. Лицензияның әрекет ету шарттары, соның iшінде лицензия беруден бас тарту, лицензияның әрекетiн тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру тәртібі "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.