Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 934 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.»«Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 4, 53-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының» деген сөздер»»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінде:
мәтіндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының» және»»Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшадағы»»Осы Сертификат бойынша ұшу ______ лицензия болған кезде жүзеге асырылады» деген сөздер алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережесінде:
1-тармақтағы»»Қазақстан Республикасы Президентінің»»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының» деген сөздер»»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау ережесінде:
мәтіндегі»»Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының» және»»Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының»,»»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшадағы «Қазақстан Республикасы Президентінің»»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығында» деген сөздер»»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 4-қосымшадағы»Осы Сертификат бойынша ұшу
______ лицензия болған кезде жүзеге асырылады» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 275-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы № 600 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 22, 289-құжат);
3) »Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 533 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 220-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |