Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi № 667 қаулысына
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 мамырдағы № 600 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 934 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi № 667 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 275-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесінде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн тұлғада қосымша санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуға тиiс.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |