557-4-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымды
қарау тәртібі
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi мемлекеттік органға жіберiлген шағымды, осы Кодекстiң 557-8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган қарайды.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган iстi мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші - салық төлеушiге жiбередi немесе тапсырады және көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық органына жібередi.
557-5-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлген шағым
бойынша шешiм қабылдау
Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешiмiнiң күшiн жоюға;
3) шешiмдi өзгертуге немесе жаңа шешiм шығаруға құқылы.
557-6-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шешiмiнің мазмұны
Уәкілеттi мемлекеттік органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған уақыты мен орны;
2) шағым берген салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты не толық атауы;
3) салық қызметінің жоғары тұрған органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
4) шағымның мәнi;
5) Қазақстан Республикасының салық заңдарының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.
557-7-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым берудiң салдары
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру жазбаша шешiм шыға-рылғанға дейiн салықтық тексеру актiсi бойынша шағым жасалған хабар-ламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламаның күшi жойылған жағдайда салықтық тексеру актiсiнiң де күшi жойылады.
557-8-бап. Қосымша тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімдері
1. Салық қызметі органы салық төлеушінің шағымын қараған кезде, қажет болған жағдайда, қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
2. Қосымша тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Шағымды қараудың мерзімі қосымша тексеруді өткізу кезеңінде тоқтатыла тұрады.
4. Айқындық жеткілікті болмаған немесе деректер толық болмаған, сондай-ақ қосымша тексерудің барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде шағымды тексеруші орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағым бойынша шешім қосымша тексерудің нәтижелерін ескере отырып шығарылады.";
161) 568-баптағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Салық және бюджетке төлететін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., і 11-12, 169-құжат; і15-16, 224-құжат; і24, 338-құжат; 2002 ж., і1, 2-құжат; і6, 73-құжат):
2-баптың 1-тармағында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 5-бабының 23) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 11), 16), 22) тармақшалары, 59-бабы, 71-1-бабының 2-тармағы, 179-бабының 9-тармағы;";
мынадай мазмұндағы оныншы және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
"2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қүшін жоятын 57-бабының 1-тармағының 19) тармақшасы;";
"2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 179-бабының 10-тармағы. Бұл ретте 2000 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша құралған салық және айыппұл санкциясы жөніндегі және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша өтелмеген берешек сомасы бес жылдың ішінде тең үлеспен төленуге тиіс.".
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 72) тармақшасы және 73) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтары 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған қаржы лизингі шарттарына, аталған күнге дейін мүлік қаржы лизингіне берілмеген шарттарды қоспағанда, қолданылмайтын болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының