Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының 2002 ж. 23 қарашадағы 358-ІІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., і 11-12, 168-құжат; 2002 ж., і 6, 73, 75-құжаттар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 10-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы "немесе сенімгерлік басқаруға", "депозиттер бойынша" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде", "салымдар (депозиттер) бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы "кәсіпкер" деген сөзден кейін ", жеке нотариус, адвокат" деген сөздермен толықтырылсын;
25) тармақшадағы "опциондар," деген сөзден кейін "своптар," деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;
28) тармақшадағы "төлеудің," деген сөзден кейінгі үтір алып тасталып, "және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің," деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақшадағы "орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
33) салық төлеушінің электрондық құжаты белгіленген электрондық форматта берілген, ол қабылданып және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
34) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;
2) 12-баптың 1-тармағында:
4) тармақша "тәртіппен" деген сөзден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелерін реттейтін заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "жүргізуге міндетті." деген сөздер "жүргізуге; деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (қайта құрылу арқылы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда) және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына өтініш беруге міндетті.";
3) 15-баптың 3-тармағындағы "Салық органдарына" деген сөздерден кейін "аймақаралық салық комитеттері," деген сөздермен толықтырылсын;
4) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) және 12) тармақшалармен толықтырылып, 11) тармақшадағы "қоюға құқылы" деген сөздер "қоюға;" деген сөзбен ауыстырылсын;
"10-1) салық тексерулеріне басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға;";
"12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы сотқа талап-арыз беруге құқылы.";
5) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы талондардың берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.";
6) 31-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы "актісі бойынша шешім қабылданған" деген сөздер "актісін табыс еткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстің 45-бабының 1) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 48-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін;";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Хабарламада салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; хабардар етілген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің сомасы; салық міндеттемесін орындау туралы талап; хабарлама жіберу үшін негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші өзіне хабарлама тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.".
7) 32-бапта:
2-тармақ "сомалары туралы" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Акционерлік қоғамдардың бересісін жабу үшін соттың шешімімен акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жүргізілетін бересі сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау мерзімдері акциялардың қосымша эмиссиясы туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап және оларды орналастыру (өткізу) аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
8) 39-бапта:
1-тармақ "Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың осы түрі бойынша міндеттемелер ескеріле отырып," деген сөздермен басталып, "Салық" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық төлеушінің өтініші бойынша салық төлеуші өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен салық берешегін міндетті өтеу есебіне жатады:";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім бұзылған жағдайда, есепке алу мерзімі бұзылған әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.";
мемлекеттік тілдегі мәтінде 4-тармақтағы "жатқызылуға" деген сөз "жатқызылмауға" деген сөзбен ауыстырылсын.
9) 40-баптың 3-тармағындағы "1,5" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
10) 42-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып" деген сөздер ", осы Кодекстің 249-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 46-бапта:
3-тармақтағы "1,5" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін, сондай-ақ салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеуді) кешіктіргені үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есептеледі.";
5-тармақтағы "осындай шешім күшіне енген күннен бастап," деген сөздер "не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Салықтың артық төленген сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 39-бабының 2-тармағында белгіленген есепке алуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте салық төлеушінің артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргізуге берген өтінішінде көрсетілген артық төленген салық сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есептелмейді.
Аталған ереже осы Кодекспен белгіленген жағдайларға қолданылмайды.";
12) 47-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салық төлеушінің банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиісті салық органына салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкімді қайтарады.";
13) 49-баптағы "салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданғаннан кейін," деген сөздер алып тасталсын;
14) 50-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Клиентке қойылған талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезекте және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.
7. Салық төлеушінің банк шотында ақшасы жеткіліксіз немесе жоқ болып, клиентке бірнеше талаптар қойылған жағдайда, банк осы шотқа ақша түсуіне қарай мынадай кезектілікпен:
1) бірінші кезекте өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру талаптарын, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша;
2) екінші кезекте еңбек келісімі бойынша, соның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген адамдарға демалыс жәрдемақысы мен еңбегіне ақы төлеу жөнінде, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысу үшін ақша алу көзделетін атқарушылық құжаттар бойынша;
3) үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша клиенттің ақшасын алуды жүргізеді.";
15) 53-баптың 2-тармағындағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен қайта есептеледі.";
17) 68-бапта:
1-тармақтағы "салық төлеуші" деген сөздерден кейін ", салық агенті" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді:";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш;";
алтыншы абзацтағы "келісімдер" деген сөз "халықаралық шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"шот-фактуралар тізілімі;";
3-тармақтағы "декларациясы, есеп-қисабы" деген сөздер "есептілігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 69-бапта:
1-тармақтағы "не оның өкілі, салық агенті" деген сөздер ", салық агенті не олардың өкілдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Салық есептілігіне" деген сөздер "Қағазға түсірілген салық есептілігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; "басшы мен бас бухгалтердің электрондық қолтаңбасымен және заңды тұлғаның электрондық мөрімен" деген сөздер "салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер салық есептілігінде:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;
2) салық кезеңі көрсетілмесе;
3) осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.";
19) 74-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "мерзімі" деген сөзден кейін ", мерзімі үш жылдан кем болмауға тиіс ауыл шаруашылық техникасы жөніндегі қаржы лизингін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
20) 76-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Салық агенті қызметкердің толық жұмыс күні үшін табысын Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен мөлшерде есептеген жағдайда, салық органдары әлеуметтік салық салу объектісін ең төменгі жалақының аталған мөлшеріне қарай белгілейді.";
21) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекеті аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиіс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар шегерімге жатқызылған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады, сақтандырушы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда өзінің тіркелген жері бойынша салық органдарын кірістің пайда болуы туралы міндетті түрде хабардар етеді.";
22) 91-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы "тұрған" деген сөздің алдынан "өткізу күнінде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;";
23) 94-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы ", сондай-ақ сенімгерлік басқаруға алынған мүлік үшін" деген сөздер алып тасталсын; "1,5" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"ресімдеу" деген сөзден кейін "(қайта ресімдеу)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұзақ мерзімді сипаттағы (бір жылдан астам) шарттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолданатын қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банкаралық рыногының ставкасы жыл сайын шарт жасалған күннен бастап қайта қаралып отырады.";
24) 96-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
25) 97-баптың 2-тармағында:
"Банктер мен банк операцияларының" деген сөздердің алдынан "Аффилиирленген тұлғалардың пайдасына не аффилиирленген тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шарттық міндеттемелерінен басқа) активтер мен шарттық міндеттемелерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылып, "Банктер" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың мақсаттары үшін:
1) банктің және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның аффилиирленген тұлғасы;
2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы);
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында аталған адамдар ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы болып табылатын заңды тұлға;
5) ірі қатысушы және (немесе) бірінші басшы, осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында аталған адамдардың жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адам аффилиирленген тұлға болып танылады.";
26) 100-баптағы "өтемін" деген сөзден кейін "және жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 110-бапта:
1-тармақтың кестесі мынадай сөздермен толықтырылсын:
"7 Басқалары 7 ";
2-тармақ "Салық төлеушi" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен толықтырылсын;
28) 113-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жалдаушы жасаған және жалға беруші жалдау шартына сәйкес өтемеген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар жалдаушының негізгі құралдарының тиісті тобын жөндеуге арналған шығыстар құрамына қосылады және осы бапта белгіленген тәртіппен шегерілуге жатады.
Егер жалданатын негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар осы тармаққа сәйкес шегеруге жатқызылмаса, мұндай шығыстар жалдаушыдағы топтың құндық балансын ұлғайтуға және шегеруге жатпайды.";
29) 115-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған) сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
2) инвестициялық кірістер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;
4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;
7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берілген заемдар бойынша кірістер;
8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектісі болып табылмайды.
2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен осы тармақта белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.";
30) 118-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады.";
31) 121-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "қызметiнiң айрықша түрi" деген сөздер "жылдық жиынтық табысының кем дегенде 90 проценті, қызметтің мынадай түрлерінен:" деген сөздермен, 1) - 4) тармақшалардағы "көрсету" деген сөз "көрсетуден" деген сөзбен ауыстырылсын, 4) тармақшадағы "болып табылатын" деген сөздер "алынуға тиіс (алынған) кіріс құрайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 124-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізуден шегетiн залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезiнде туындайтын залалдар өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiміндегі акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.";
33) 126-бапта:
3-тармақтағы "төленген" деген сөзден кейін "(есептелген шекте және одан кем емес)" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы "күнi iшiнде" деген сөздерден кейін ", бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармағы "түзетілген" деген сөздің алдынан "салық кезеңінің алдағы айлары үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 127-баптың 1-тармағындағы "осы Кодекстің 128-бабында" деген сөздер "осы Кодексте" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 128-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы бойынша декларация сомаларының есеп-қисабын тапсырған кезде өзінің тіркелген жеріндегі салық органына заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері бойынша салық кезеңінің қорытындысы бойынша аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығы сомасының есеп-қисабын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда бір мезгілде табыс етуге міндетті.
5. Құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелері үшін төленуге тиіс аванстық төлемдер мен корпорациялық табыс салығының сомалары туралы тиісті салық органдарын салық төлеушінің тіркелген жеріндегі салық органы куәландырған, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысандағы есеп-қисапты табыс ету жолымен, осы баптың 4-тармағында көрсетілген есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.";
36) 131-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацта "Төлем" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төлем" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) резидент банктер мен лизинг берушілерге төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыдан басқа төленетін сыйақы;";
6) тармақшадағы "эмитент" деген сөздің алдынан "резидент-банктерге төленетін сыйақыны қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мыналар:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін инвестициялық кірістер төлем көзінен салық салуға жатпайды.";
2-тармақтағы "салық төлеушінің салық кезеңі ішінде" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 132-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Депозитарлық қолхат бойынша кірістерді төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.";
38) 133-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"133-бап. Төлем көзінен салықты аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзінен ұсталған салықтардың сомаларын аудару салық агенті орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.";
39) 140-баптың 2-тармағындағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
40) 144-баптың 1-тармағында:
5) тармақшадағы "мемлекеттік бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және агенттік облигациялармен" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;";