өтпе жол салу, орман орналастыру және ормандарды өртке қарсы жайғастыру іс-шараларын жүргізу кезiнде;";
129) 472-баптағы "жерінің" деген сөз "учаскелерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
130) 495-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;";
11) тармақшадағы "мемлекеттік баж алынады" деген сөздер алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 12 және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж алынады.";
131) 496-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), аппелляциялық шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы, аппелляциялық шағымға қосылу туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:";
9) тармақшада "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 проценті;";
10) тармақша "жеке шағымдардан" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын бергені үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
132) 497-бапта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 200 процент;";
4) тармақша "қарыз" деген сөзден кейін "(ипотекалық тұрғын үй заемын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырғаны үшiн - 200 процент;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) жылжымайтын мүліктің кепiл шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап етілетін құқықтарды және ипотекалық куәліктерді куәландырғаны үшiн - 200 процент; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;";
133) 500-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін 20 процент;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) мыналар үшін:
жүргізушінің куәлiгін бергені үшін 125 процент;
көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктi бергені үшін - 125 процент;
автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 280 процент;
мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тiркеудің нөмір таңбасын бергені үшін 140 процент;
көлік құралын айдап әкелгені үшiн мемлекеттік тіркеудің нөмір (транзиттік) таңбасын бергені үшін 35 процент мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.";
134) 501-бапта:
6) және 10) тармақшалардағы "кассациялық" деген сөз "апелляциялық" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақшаның он бесінші абзацындағы ", кассациялық" деген сөз алып тасталсын;
135) 504-бапта:
тақырыптағы "аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдардың" деген сөздер алып тасталып, "қалпына келтіру" деген сөздерден кейін "және алу" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналар:
жаппай қуғын-сүргiндер, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, өзге де имандылыққа жат саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы өздерi тiлек бiлдiрген жағдайда;
оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.";
136) 505-бапта:
тақырыптағы "Қазақстан Республикасынан кету" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасына келу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасына келу жөніндегі iстер бойынша оралмандар олардың паспорттарына немесе солардың орнына берілетін құжаттарына Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берілетін виза берілген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.";
137) 507-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "кассациялық шағымдар" деген сөздер "апелляциялық шағымдар, сот бұйрығын шығару туралы өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "уәкiлеттi органдардан нотариаттық маркаларды сатып алған" деген сөздер "жасалған нотариалдық іс-әрекетті тіркеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 11) тармақшалармен толықтырылып, 10) тармақшадағы "төленеді" деген сөз алып тасталсын:
"6-1) жүргізуші куәлiктерін, көлік құралдарының мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктерiн, мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергені үшін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбаларын бергенге дейін;";
"11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар апостиль қою үшін апостиль қойғанға дейін төленеді.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекеттік баж соған уәкiлеттік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке алынады.;
138) 518-баптың 5-тармағындағы "заң актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
139) 520-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тіркеу деректері, оның ішінде салық төлеушінің тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлілiгi; салық төлеушiнiң тіркеу деректерінің ағымдағы өзгерістерін тіркеу; есептен шығару белгіленеді. Салық төлеушінің тіркеу деректері салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу (тіркеу есебіне алу) кезінде оның салық органына берген мәліметтері.";
140) 520-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"520-1-бап. Жалпы ережелер
1. Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеу туралы, тіркеу есебіне қою туралы, тіркеу деректерінің өзгеруі туралы) өтініш, есептен шығару туралы өтініш негізінде жүргізіледі, олар:
1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жасалады;
2) қол қойылады, куәландырылады және салық есептілігі үшін осы Кодекстің 69-бабында көзделген тәртіппен салық органына беріледі.
2. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне алу тәртібін, сондай-ақ тіркеу және есептен шығару туралы өтініштерге қоса берілетін құжаттардың тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
3. Салық салу объектілерінің есебін жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.";
141) 521-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасында мыналар:
1) орналасқан жері бойынша - тұрақты мекеме құру арқылы қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде резидент еместер;
2) қызметін жүзеге асыратын жері бойынша - тұрақты мекеме құрмай қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
3) қызметін жүзеге асыратын жері бойынша қызметін бірлескен кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер;
4) тұрғылықты жерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасында болатын жері бойынша - осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар;
6) салық салу объектiлерi орналасқан және (немесе) тiркелген жер бойынша Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер;
7) резидент банк орналасқан жері бойынша осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1) - 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, резидент банктерде ағымдық шоттарын ашатын резидент еместер салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттік тiркелуге тиiс.";
4-тармақ алып тасталсын;
142) 522- бапта:
2-тармақтағы "құрылымдық бөлімшелері" деген сөздер "филиалдары мен өкілдіктері" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Өзге де оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік тіркеуден өту және салық төлеушінің тіркеу нөмірін алу үшін өзге оқшауландырылған құрылымдық бөлімше құрған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық органына жүгінуге міндетті.
4. Осы Кодекстің 522-бабы 1 және 2-тармақтарының ережелері мемлекеттік тіркеуден өту мерзімі осы Кодекстің 527-бабымен белгіленген резидент еместерге қолданылмайды.";
143) 524-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу салық төлеушіні тіркеу есебіне алғаш рет қою болып табылады.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшiн:
резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
резидент емеске келген орны бойынша;
салық салу объектілерінің, салық салуға байланысты объектiлердің орналасқан және (немесе) тiркеу орны бойынша;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.";
4-тармақ алып тасталсын;
6-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Салық төлеуші салық органына тіркеу туралы өтінішті тіркеу есебіне қою орны бойынша:
тіркеу есебіне қою үшін тіркеу есебіне қою туралы талаптар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
тіркеу деректерінің өзгерістерін енгізу үшін осындай өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
7. Тіркеуге алу есебі салық төлеушіге бұрын берілген тіркеу нөмірі өзгертілмей жүргізіледі.
8. Салық органы тіркеуге алу есебіне қоюды салық төлеушінің өтініші берілген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
9. Салық төлеушінің қалауы бойынша салық органы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тіркеуге алу есебіне қойылғандық туралы растайды.
10. Салық төлеушінің куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 521-524-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, салық төлеушінің бұрынғы тіркеу нөмірі сақталған және салық төлеушінің бұрын берілген куәлігі жойылған жағдайда, салық төлеушінің деректері өзгертілген куәлігін беруді жүзеге асырады.
11. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметін жүзеге асыратын орнын немесе орналасқан жерін өзгерткен жағдайда, салық төлеуші он жұмыс күні ішінде тіркеу есебінен шығару туралы өтінішті өзі тіркеу есебінде тұрған салық органына беруге және қызметін жүзеге асыратын жаңа орны немесе орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне тұруға міндетті.";
144) 525-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен:
1) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне және салық міндеттемелерін орындауға (меншік, жерді пайдалану, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы) қатысты осы Кодексте белгіленген құқық тоқтатылғанда жүзеге асырылады;
2) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған резидент еместерді шығару, банктегі шоты жабылған жағдайда жүзеге асырылады;
3) осы Кодекстің 525-бабы 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталғандардан басқа, осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын резидент еместерді шығару, Қазақстан Республикасынан кеткен және осындай резидент емес Қазақстан Республикасындағы салық міндеттемелерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.";
145) 526-бапта:
1), 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) салық төлеушіге резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттарын ашу кезінде, салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеру, салық төлеуші заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге аталған шоттардың ашылғандығы туралы салық органдарын үш жұмыс күні ішінде хабардар ету;
2) вексельді және банк соның негізінде қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру жүргізетін төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірін қоймай, резидент еместердің шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа банк шоттары бойынша операцияларды жүргізбеуге;";
"4) клиентке қойылатын талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық төлеушiнiң банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассалық өкiмдерiн осындай тәртiппен салық органдары нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей орындауға міндетті.
Банктегі ақша клиентке қойылатын талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банк ақшаны алып қоюды мынадай кезектілікпен жүргізеді:
бірінші кезекте өмірге және денсаулыққа келтірілген зиян туралы талаптарды, сондай-ақ алименттер бойынша талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша;
екінші кезекте жұмыстан босаған кездегі жәрдемақы және еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін адамдардың ақысын төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі есептеулер үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша;
үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша жүргізіледі.";
8) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша осы Кодекстің 198-бабына сәйкес салық агенттері тіркелген орын бойынша салық органдарына есеп беруге;
10) осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес салық органдарының жүргізген жазбаша сауал салуы негізінде жеке кәсіпкерлердің ағымдағы шоттарындағы, заңды тұлғалардың банк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы жөніндегі мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.";
146) 527-бапта:
тақырып "органдарында" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақ алып тасталсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Кодекстің 191-бабының 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына келген немесе кәсіпкерлік қызметті бастаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
Қалған резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттігін алған кезден бастап салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.";
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әділет органдарында есепті тіркеуден өткен күннен бастап, бірақ қызметін жүзеге асыру басталғаннан бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органында он жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.
3-2. Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілерді иеленуші резидент еместер Қазақстан Республикасында салық салынатын объектіні алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті.";
6-тармақтағы "осы баптың" деген сөздер "осы Кодекстің 521-бабының," деген сөздермен ауыстырылсын;
147) 528-баптағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
148) 531-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "өндіру мен" деген сөздерден кейін "(немесе) көтерме" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "заң актісіне" деген сөздер "заңына" деген сөзбен ауыстырылсын;
149) 533-бапта:
1-тармақ "лауазымды адамдары" деген сөздерден кейін ", осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.";
4-тармақтың 2) тармақшасы міндеттемелерінің деген сөзден кейін , банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындауын, сондай-ақ трансферттік бағалар қолданғанда мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы лицензияның деген сөзден кейін , біржолғы талонның деген сөздермен толықтырылсын;
150) 534-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы бір түрі бойынша деген сөздерден кейін ", сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
151) 535-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша тексеру жүргiзу мерзiмi нұсқама тапсырылған кезден бастап жүз сексен жұмыс күнiнен аспауға тиiс.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Салықтық тексеру мерзiмiнің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәлiметтер алу туралы сұрау салған кездерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады.";
152) 536-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы адамдардың деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "түрі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ тiркелген күнi деген сөздерден кейін ", осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегi, аты, әкесiнің аты" деген сөздермен толықтырылсын;
153) 544-баптың 2-тармағындағы "электронды қол қоюмен" деген сөздер "электрондық цифрлық қолтаңбамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
154) 546-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "құзыретті мемлекеттік орган енгізген қорытынды негізінде уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары тауарлар сату мен қызмет көрсету кезiнде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетілмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискалдық жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) банктiк компьютерлiк жүйелер. Уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiн (бұдан әрі Мемлекеттік тізілім) және оны қалыптастырудың ережесін бекiтедi.
Компьютерлік жүйе Мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындының негізінде қосылады (ажыратылады).
Қорытынды, компьютерлік жүйенің осы бапта белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады. Қорытындыны берудің тәртібін байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";
4-тармақтағы "осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен тауар чектерін" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша тауар чектерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
155) 100-тараудың бүкіл мәтіні бойынша "жоғары тұрған салық органы", "жоғары тұрған салық органына", "жоғары тұрған салық органының" деген сөздер тиісінше "салық қызметінің жоғары тұрған органы", "салық қызметінің жоғары тұрған органына", "салық қызметінің жоғары тұрған органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
156) 552-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 -тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізген тексеру актісі бойынша хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 553-557-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
1-2. Салық төлеушінің сотқа шағым беруі салықтық тексеру актісі бойынша шағым келтірілген хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеуші салықтық тексеру актісі бойынша хабарламаға салықтың, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы бөлігінде, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде сотқа шағымдануға құқылы.";
157). 553-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша шағымды қараушы салық қызметінің жоғары тұрған органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.";
158) 555-баптың 1-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
159) 558-565-баптар алып тасталсын;
160) 18-бөлім мынадай мазмұндағы 100-1-тараумен толықтырылсын:
"100-1-тарау. Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелері
бойынша шешімді қайта қараудың тәртібі
557-1-бап. Шешімді уәкілетті мемлекеттік органда қайта қарау
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган шағымды қарау жөніндегі өзінің өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде оның қызметiне араласуға тыйым салынады.
3. Уәкілетті мемлекеттік органның осы Кодексте белгiленген негiзде және тәртiппен шығарылған шешiмi салық органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
557-2-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағымданудың тәртібі мен
мерзімдерi
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым салық төлеушi шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған кезден бастап не осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында аталған мерзiм аяқталған соң салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмдi дәлелдi себеп бойынша өткiзiп алған жағдайда, шағым беретiн салық төлеушiнiң өтiнiш беруi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.
3. Уәкiлеттi мемлекеттік органға шағым беру осы баптың ережелерi ескерiле отырып, осы Кодекстің 553-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Салық төлеушi шағымның көшiрмесiн салық төлеушiнiң шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына да жiберуге тиiс.
557-3-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымның
нысаны мен мазмұны
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 554-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.